Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Шал мен бала» Бердібек Соқпақбаев

23 тамыз 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Шал мен бала»
Сабақтың мақсаты: әңгіменің идеялық мазмұнын ашып көрсету.
Білімділігі: Оқушыларға әңгімнің негізгі мазмұны, ойы адамгершілікке,
Ізгілікке, әдептілікке құрылғанын ұғындыру. Жүйелі сөйлей білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқу мен жазу арқылы ой қаблетін, тіл белсенділігін, білімді өз бетінше игере білу дағдылығын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, жанашырлыққа, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Түйін сөздер жазылған плакат, күн суреті карточкалар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Мұғалім: Өз тілімізді құрметтеудің белгісі - оны жете меңгеру, қыр - сырын ұғу. Олай болса, бүгінгі ана тіліне қалай дайындалып келдік?
2. Үй тапсырмасын тексеру. Сабақты бастамас бұрын топқа бөлінейік.
1 - топ - оқу орталығы. Тапсырмасы: Үйге берілген тапсырманы түсіндіру.
2 - топ - жазу орталығы. Тапсырмасы: Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар дайындайды.
3 - топ - шығармашылық орталық. Тапсырмасы: тақырыпқа байланысты мақал - мәтелдерді еске түсіріп, ойын жинақтап дайындалады.
а) 3 - топтың тапсырмалары бойынша тексеріледі.
ә) Әр топқа «3 жолаушы»туралы берілген 5 жол өлеңдерін тексеру.
б) Аптан, қуаң сөздеріне қарсы мағыналы сөздері оқылады.(салқын, шұрайлы, көгал, құнарлы.)
в) «Ой қозғау» стратегиясы бойынша сұрақ:
Нағыз адам қандай адам деп ойлаймыз.
(Ақылды, адамгершілігі мол, еліне жақсылық жасайтын, көпшілік құрметтейтін, көргенді.)
г) Қорытындылау.
- Мына күннің суретіне назар аударайық. Күн нұрын шашып, жан – жағын
Жарық қылып тұр. Оның әрбір сәулесінде адами жақсы қасиеттер жазылған. Сол қасиеттерді бойына жинаған адамда осы күн сияқты айналасындағыларға шуағын төгіп, жақсылық жасап жүреді. Қане хормен оқып жіберейік.
- Адамгершілік
- Ізгілік
- Инабаттылық
- Әдептілік
- Кішіпейілділік
- Мәдениеттілік
– Сонымен осындай ізгі қасиеттер әр балаға ана сүті арқылы да дариды. «Нағыз адам» мәтінінің авторы – Сухомлинскийдің мынадай бір қанатты сөзі бар: - «Әлемдегі бар жақсылық ананың сүтімен жаралған» деген. Осы бүгінгі тақырыпты қорытындылай отырып, сендер де жаман қасиеттен аулақ болып, жақсы қасиеттерді бойларыңа жинап, еліміздің ақылды, парасатты, білімді азаматы болып өсулерің керек. Жоғарыдағы автор сөзін дәптерлеріңе жазып алыңдар.
3. Жаңа тақырыппен жұмыс.
- Бүгін біз Б. Соқпақбаевтың «Шал мен бала» әңгімесімен танысамыз.
А) тақырыппен танысу
Ә) мәтіннің мазмұнын түсіндіру.
Б) топпен жұмыс
1 - топ, рөлге бөліп оқу.
2 - топ, «көргенді» сөзіне синонимдер жазу.
3 - топ, Ата туралы 5 жолды өлең
В) мақалмен жұмыс
Д) мәтіндегі Мәуленді сипаттау.
4. Қорытындылау. Бұл шығармамен таныса отырып, жамандыққа қашық, жақсылыққа жақын жүруді үйрендік.
5. Үйге тапсырма: « Шал мен бала» әңгімесін оқып, түсінік айту.
6. Бағалау.
6 901
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңбыр. Б. Майлин.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
Күншіл үйрек ертегісі
Күншіл үйрек ертегісі
Ертегінің мазмұнын, негізгі ойды меңгерту, түсініп оқу, түсінігін әңгімелеу дағдысына үйрету. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру.
Қамқорлық
Қамқорлық
Бастауыш сынып мұғалімі Сауле Айдарбекқызы
Бердібек Соқпақбаев "Компас"
Бердібек Соқпақбаев "Компас"
Шал ақын ауданы, Ыбыраев ауылы Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі: Кажрахимова Роза Қалелқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×