Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолда жүру ережесі

01 қазан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
1 сынып
Тақырыбы: «Тоқта! Сақтан! Жол ашық!»
Мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;
б) дамытушылық: жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру, қызығушылығын дамыту;
в) тәрбиелік: жолда жүру мәдениетіне, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілерінің суреттері, ойын құралдары, «Жолда жүру ережесі», т. б.
Техникалық құрал: мультимедиялық құрал

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық:
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Жиынымыз басталсын сәлемменен. (Хормен сәлемдесу)
Сәлем достар! Қош келдіңіздер, қонақтар!

б) Кіріспе сөз:
Мұғалім: аяулы оқушыларым, сендерді көріп тұрғаныма өте қуаныштымын. Енді үлкен бір шеңберге тұра қалып, бір - бірімізге жақсы көңіл - күй сыйлайықшы. Бірақ бір - біріміздің айтқан сөздерімізді қайталамаймыз.
- Жақсы, тамаша. Ал сендерге мына көңілді Күн, көктемгі шөп, алғашқы гүл де өзінің күлкісін сыйлап жатыр (Мультимедиядан).

Әркім өзіне ұнаған күлкіні таңдап алсыншы (үлестірме қағаздардан).

ІІ. Негізгі бөлім.
а) Ой қозғау.
Неше және қандай түстерді көріп тұрмыз? -...
Олар бізге не туралы айтуы мүмкін? -...
Жұмбақ.
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам)
ә) Топтасу.
Таңдаған үлестірме қағаздары бойынша топтарға бөлінеді:
Қызылдар тобы
Сарылар тобы
Жасылдар тобы
б) Мұғалім: бүгін біз жолда жүру ережесі туралы айтамыз. Сабақ бойы назар қойып, мұқият тыңдасаң, біраз нәрсе үйренесің.

Сұрақ - жауап:
1. Кім жолда жүру ережесін сақтау керек? -...
2. Жолда жүру ережесін неге біліп және оны неге сақтауымыз керек? -...
3. Адамдар жолда жүру ережесін сақтап жүрме - деп кім бақылайды? -...
4. Тағы бір көмекші бар еді. Ол не? -...
Бірақ ол бізге келем дегенше шашылып қалыпты. Оны топта жинап көрейікші.
в) Топтық жұмыс: «Бағдаршам»
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: оқушылар топтасады. Бағдаршамды қиындылардан құрастырады.
1 - бала:
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Жол тәртібін білейік,
Аман - есен жүрейік!

2 - бала:
Қызыл жарық жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда.
Сары шамы жанғанда,
Сақ, абай бол барынша.
Жасыл жарық жол ашық,
Зымырай бер бел асып.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
31 396
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Оқушыларға жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру. Бағдаршам туралы түсінік беру.
Көшеде сақ бол!
Көшеде сақ бол!
Шалқар қаласы, №3 орта мектептің ҰКТ тәрбиешісі Өтепова Бақытгүл Сайлаубайқызы
Жол тәртібін білейік
Жол тәртібін білейік
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы, №41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мырзағалиева Айшагүл Есимқызы
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "Абай атындағы №4 мектеп лицей" КММ - інде бастауыш сынып мұғалімі Агибаева Айман Тургановна
Жол жүру ережесін білесің бе?
Жол жүру ережесін білесің бе?
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Изимбергенова Нургуль Кусаиновна
Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз!
Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз!
Ә. Жангелдин атындағы № 52 жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі: Айсариева З.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×