Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әліппе саған мың алғыс!

09 қазан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Әліппе, саған мың алғыс!»
Мақсаты:
1. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
2. Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу. [/b]
Көрнекілігі:
«Әліппе, саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат, шарлар, нақыл сөздер.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн – «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - «Әліппемен қоштасу». Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен «Білім басы - Әліппе!» ертеңгілігін бастауға рұхсат етіңіздер!

Сұрақ жауап
Балалар, біз осы уақыт аралығында не үйрендік?
Оқуды, жазуды, ән айтуды, ертегі айту.
Қандай ертегі білеміз?

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Ерте - ерте – ертеде Мақта қыз бен мысық өмір сүріпі. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді.
Мақта қыз:
«Келмесең келме!» деп мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң.
Мысық келіп:
- Неге шақырдың? - деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды:
Сонаң соң Мысық:
- Ендеше қатығыңды төгемін! - дейді.
Мақта қыз:
- Мен құйрығыңды кесіп аламын! - дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық:
- Апа, апа құйрығымды берші - дейді
Мақта қыз:
- Менің қатығымды төле! – дейді.
Балалар біз мысықтың қатық табуына көмектесіп жіберейік. Мысықпен бірге тапсырмалар орындайық.

1. Сиырдың тапсырмасын орындаймыз.
1 - оқушы: Ернар
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға.
2 - оқушы: Аяулым
Өтті оқу сан сабақ
Бүгінгі үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппемен қоштассаң
Өсті білім бойымыз
Құтты болсын тойымыз!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 153
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, сүйікті Әліппем
Қош бол, сүйікті Әліппем
Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу
Әліппе, саған мың алғыс
Әліппе, саған мың алғыс
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Чкалов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Раушан Хамидоллақызы
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Бастауыш сынып мұғалімі Жанпеисова Фарида
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп - гимназия Бастауыш сынып мұғалімі Бегайдарова Лейле Айдосовна
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу 1) Так, так, так Бәрін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×