Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дауыссыз К мен Г

22 қараша 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз К мен Г
Білімділік мақсаты: Дауыссыз к мен г туралы түсінік беру. Алған білімдерін кеңейту, қызығушылығын арттыру. Сөздік қорын дамыту.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын, тілін дамыту. Сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Әрбір істі саналы түрде орындауға, өзін пікірін еркін айтуға тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекіліктер арқылы қызығушылығын ояту, талдау, жинақтау.
Көрнекілігі: Сабаққа қатысты кесте, топшалар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ Жаңа сабақ.
а) Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
«Дауыссыз к мен г»
Г әрпі сөз соңына жазылмайды. Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, к дыбысы г - ге айналады. Мысалы: түлік - түлегі, ирек – ирегі.

ІV Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу. Сөздерді оқып, мағынасын түсіндір.
Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек.
Гүлдесте, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі.

V. Сөздік жұмыс.
Кебек - бидайдың қауызынан кейінгі қабығы.
Бүрге – шағатын ұсақ жәндік.
Гүлдесте – гүлдерден өріліп жасалған басқа тағатын әшекей.
Жігер – күш, қуат.
Серік – досы, жолдасы.
Үзеңгі – зат.
Атқа міну үшін аяқ салатын ер – тұрман әбзелінің бөлігі.
Мысалы: Үзеңгіні шірене теуіп ат үстінде шалқақ отыр.
Берік – мықты, күшті.
К дыбысы қай буындарда кездесіп тұр? Г дыбысы ше? К, г қандай дыбыстар?
Кебек – кебегі, серік – серігі, жібек – жібегі, берік – берігі.

VI. Топшамен жұмыс. (Сөздердің бастапқы түрін жаз)
Көйлегі -.................... бөбегі -........................
Көмегі -..................... көлшігі -.......................
Бәйтерегі -................ кірпігі -........................
Бесігі -...................... көбелегі -........................

2 - жаттығу. Санамақты жатқа оқы.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
К дыбысына аяқталған сөздерге і дыбысын қосып жаз, Саусақтардың атын біліп ал. Оларға тағы қалай атайды?

Үйрек – үйре....,
терек – тере....,
Шүмек – шүме...,
бөбек - бөбе......

VII. Топшамен жұмыс. (Қате әріпті сыз.)
---------- к ------- г ------ к ------- г -------- к
Шәйне... і, тие... і, кө... і, биі... і, үрке... і
---------- г ------- к ------- г -------- к ------ г

-------- г -------- к ------- к ------ г
Күре... і, кезе... і, еті... і, биі... і.
-------- к -------- г ------- г ------- к

3 - жаттығу. Суреттегі заттардың атын жаз.
Елік – елігі
Күрек – күрегі
Бөрік – бөрігі
Бесік – бесігі
Терек – терегі
Киік – киігі.
Сөздерге дыбысын қосып айт. Сөз соңындағы к дыбысы қандай дыбысқа айналды?

VIII Топшамен жұмыс.(Дыбыстық талдау жасау)

Бөрік – 2 буын, 1 - ші буын ашық, 2 - ші буын бітеу.
Б – дауыссыз, ұяң.
ө - дауысты, жіңішке
р – дауыссыз, үнді.
і – дауыссыз үнді
к – дауыссыз, қатаң
5 әріп, 5 дыбыс.
4 - жаттығу. Сөздердің аяғына у әрпін қосып жаз.
Сөздерді үлгіде көрсетілгендей түрлендіріп оқы.
Үлгі: Төк – төгу, төгілді, төгеді.
Ек – егу, егілді, егеді.
Тік – тігу, тігілді. тігеді.
Сөк – сөгу, сөгілді, сөгеді.

IХ. «Тор көзді толтыр» ойыны.
1. Түстің түрі?
2. Дала жануары?
3. Үй құсы?
4. Шәйді неге қайнатамыз?
5. Тірі табиғатқа не жатады?
КӨК
КИІК
ҮЙРЕК
ШӘЙНЕК
ӨСІМДІК

Х. Қорытынды.
«Кім шапшаң» ойынын ұйымдастыру.
Мақсаты: Жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ойын арқылы өткен материалды тез игеруге тәрбиелеу.
Ойын шарты: мұғалім кез - келген оқушыға мысалы: Көк - деп допты лақтырады, допты ұтқан оқушы шапшаң көгі деп жауап қайырып, кері мұғалімге допты береді. Ал мұғалім келесі оқушыға беріп, ойын осылайша жалғаса береді.
Үйге тапсырма беру, бағалау, сабақты аяқтау.
9 666
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Қазақ тілі 2 - сынып Дауыссыз к мен г
Қазақ тілі 2 - сынып Дауыссыз к мен г
ШҚО, Үржар ауданы, Қызылту ауылы, "Кішкенетау орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Мансия Ораловна
Дауыссыз б мен п дыбысы. 87-91-жаттығу
Дауыссыз б мен п дыбысы. 87-91-жаттығу
Қызылорда қаласы, №172 орта мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Төлегенова Гүлнар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×