Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ең кішкентай математик

28 қараша 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ең кішкентай математик» (танымдық ойын - сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білімдерін тексеру, алған білімдерін пысықтау әрі тереңдету.
Дамытушылығы: Берілген өлең - есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақ, жұмбақ, логикалық есептерді шешу арқылы ойлау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру, оқушылардың өз ойын
еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдық ойын - сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ізденушілік, ойын, ойландыру, құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, интербелсенді тақта, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздер 3 - 4 - сыныптар арасында өтетін «Ең кішкентай математик» ойын - сайыс сағатына қош келдіңіздер! Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы алған білімдерін пысықтау, білімдерін одан әрі тереңдету.
Тапсырмалардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға бір ұпайдан қосылып отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған оқушы ««Ең кішкентай математик» номинациясына ие болады.
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады. (Әділқазылар алқасымен таныстыру).

- Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін – математика»,- деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақ - талған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.
- Топтар сайысқа түспес бұрын берілген қиықтардан фигура құрастыру керек. (үшбұрыш, төртбұрыш)
Бүгінгі сайыста сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
І топ - «Үшбұрыш» тобы
ІІ топ - «Төртбұрыш» тобы
Ой арманын кешетін,
Ақылды бол өсетін.
Есепке тұнған әлемнің,
Жұмбақ сырын шешетін,
Білімділер келді ортаға, - деп топтарды ортаға шақырамыз.

ІІ. Негізгі бөлім.
І. Сөзжұмбақ шешу.
1. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш
2. Үштің квадраты
3. Оқушы құралы.
4. Баспана
5. 45+45
6. Шексіз сызық

2. Мақал - мәтелдер:

І топ – «Үшбұрыштар»
1. Айла —...,
Ақыл —....

2. Оқығанның көзі....

3. … тентек кездессе,
Төбелеспен тарқайды.
… мылжың кездессе,
Ерегіспен тарқайды.
… жақсы кездессе,
Елжіресіп тарқайды.

4. … қошқардың басы
… қазанға сыймас.

5. Семіздің аяғы ….

6. … қойдың терісі
Тон шықпаған Толағай.
… қойдың терісі
Жең шықпаған Толағай.

7. Қойға … құлағынан
Басқаның бәрі жау.

8. Ешкі қырыққан сайын … өледі,
Ер жігіт ұялған сайын … өледі.

9. … аяқтыда — бажа тату,
… аяқтыда — бота тату.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 796
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.
Қызықты математикалық ойындар
Қызықты математикалық ойындар
Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Мұндағы өлең - есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге
Жас математик сайысы
Жас математик сайысы
Сайысымыздың негізгі мақсаты әр түрлі ойын тапсырмаларын орындау арқылы білімдеріңді одан әрі тереңдету. Бүгінгі сайыста сөзжұмбақтар, өлең есептер, логикалық есептерді орындайтын боласыңдар. Әрбір сұраққа дұрыс, нақты жауап берген топ оқушылары
Параллелограммен тіктөртбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Параллелограммен тіктөртбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Параллелограмм және тіктөртбұрыштың ауданы тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру, геометрияға деген қызығушылығын арттыру.
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×