Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көшер кезде. Бердібек Соқпақбаев

13 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 3 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Көшер кезде Б. Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға романнан үзіндіні оқып, мазмұнын талдауға, тақырыбы мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау.
Дамытушылық: шығармашылық жұмыстарды өмірмен байланыстыра отырып, білімдерін бекітуге жағдай жасау.
Тәрбиелік: әңгімедегі кейіпкер сезімдері арқылы табиғатты, жаратылыстың барлық иелерін аялау, жанашырлықпен қарау сияқты мінез құлықтарға тәрбиеленуге негіз дайындау.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгіме, сұхбат, түсіндіру, талдау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, салауаттану, еңбек.
Көрнекіліктер: оқулық, Б. Соқпақбаевтың суреті және шығармалары, иттің түрлерінің суреті, бөлшектерден құрастырма, бейнетаспа.
Қолданылатын технологиялар: СКТ

Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық:
Мұғалім сөйлемдер оқиды, оқушылар «Шындық», «Өтірік» деп жауап береді.
− Күн жерді айналады (өтірік)
− Күн кешке батыстан шығады, таңертең шығысқа батады (өтірік )
− Бір жылда төрт мезгіл бар (шындық)
− Мұхит өзенге құяды (өтірік)
− Бозторғай үй құсы (өтірік)
− Бозторғай қыста ұя салады (өтірік)
− Ит адамның досы (шындық)

2. Үй тапсырмасын тексеру:
1) Құстар туралы мақал - мәтелдер айту.
2) «Бозторғай - дала сәні» мәтінін сатылай кешенді талдау әдісіне салып, сұрау.

3. Жаңа сабақ: − Балалар сендердің алдарыңда бөлшектер жатыр. Осы бөлшектерден үй жануарының бейнесін құрастырыңдаршы.
−Қандай үй жануарының бейнесі шықты?
−Иттің.
−Ендеше ит туралы не білеміз?
−Тақтаға немесе плакатқа оқушылардың сөздері тізбектеліп жазылады.
Ит: дос, көмекші, құтқарушы, иісшіл, ақылды, иесін жақсы көреді, т. б.
−Ит, балалар жеті қазынаның бірі. Ертеде жорыққа шыққанда, аңшылық кезінде итті бірге ертіп жүрген.
−Иттің қандай түрлерін білесіңдер? ( Суретпен жұмыс)
- Иттің бірнеше түрлері тақтаға ілінеді, олардың тұқымдары туралы қысқаша мәлімет беріледі.
−Ит адамның досы дегенге сенесіңдер ме?
−Иә.
−Иттің қалада және ауылда асырауын салыстырып айтайықшы.

Автор жайында мәлімет:
Бүгін, біз Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романынан үзінді «Көшер кезде» мәтінін оқып, әңгімелейміз.
Аты - жөні: Бердібек Соқпақбаев
Туған жері: 1924жылы 15 қазанда Алматы обл, Нарынқол ауылында туған.
Дарындылығы: «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген.
Шығармашылығы: 1950ж. «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20 - дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың Гауһар» секілді туындылар.

3. Оқулықпен жұмыс:
а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы
ә) оқушылардың мәтінді дауыстап, тізбекпен оқуы.

4. Мәтінмен жұмыс:
Мәтін бойынша мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру.
−Бұл мәтін не жайында айтылған?
−Иттің атын ата?
−Майлыаяқты кім алып кетпекші болды?
−Иесі Майлыаяқты неге өзімен бірге алып кетпеді?

5. Мәтінді талдау:
а) Мәтіннің ішінен Майлыаяқты сипаттаған жерін тауып оқы.
ә) Майлыаяқтың өзінің иесін қимайтынын жазушы қалай суреттегенін тауып оқы.

6. Бейнетаспадан үзінді:
Ит қайғыра біле ме? Осы сұрақтың жауабын Жапонияда түсірілген, «Хатико» деп аталатын ағылшын фильмінен үзінді көрсеткім келеді.
«Ха»- Жапон тілінде 8 - санын білдіреді. Қазақ халқында 7 - саны киелі болса, Жапонияда 8 - саны екен.
«тико»- «еркелету» сөзінің мағынасы.
(Осы фильмді көргеннен кейін оқушылардан алған әсерлерін, қандай сезімде болғандарын сұрау, айту).

7. Дәптермен жұмыс:
Иттің жағымды жақтарын тізбектеп айтқан болатынбыз, енді жағымсыз жақтарын атап шығып сақтану ережелерін құрайық:
− ауру иттен сақ болу
- ит ұстағаннан кейін қолды жуу
- көктемде және күзде иттер көбінесе «құтыру» ауруына тап болады, қасына жоламау.

8. Қорытынды:
− Енді бүгін өткен жаңа сабағымызды қорытындылайық. Қалай ойлайсыңдар, Майлыаяқтың тағдыры ары қарай қалай болар екен? Өздерің
жалғастырып көріңдерші.
− Бұл мәтіннің қай түріне жатады? Түсіндіру
9. Бағалау. Білімдерін бағалау 10. Үйге тапсырма: Мазмұндау. СКТ
19 308
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өмірдің мәні
Өмірдің мәні
Шәкәрімнің «Өтірік ақиқаттан алыстатса, шындық ақиқатқа жақындатады. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік айтпайды» деген ойын «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдiсiмен талқылаңдар. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік
Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»
Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»
Жазушы өмірін еске түсіре отырып мағлұмат беру, мәтіннің негізгі идеясын ашу, оқушының оқу дағдысын қалыптастыру
Көшер кезде
Көшер кезде
Ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, көктем мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу. Көктем келбетіне, көктемгі ерекше табиғи көрінісіне деген қызығушылықтарын дамыту.
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау; шығарма бойынша кейіпкерге мінездеме бере отырып, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге алған білімін қолдана
Әмірдің қулығы
Әмірдің қулығы
Шалқар қаласы, № 3 мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×