Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз таптары

14 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.
Сабақтың мақсаты: Сөз таптары туралы түсінік беру.
1. Сөз таптарына талдай білуге, бір – бірінен ажырата алу, сұрақ қоя білуге баулу;
2. Топтық жұмыс жүргізе отырып, бір – бірімен ақылдасуға, ортақ шешімге келуге төселдіру;
3. Сөздік қорын молайту, сауатты жазуға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғым қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: Суреттер, жұмбақтар.
Пән аралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Қызығушылығын ояту. «Ой қозғау»
Түбір, жұрнақ, жалғау белгілерін көрсету арқылы «Бұлар туралы не білеміз?» деген сұрақ қойылады. Мысалдар келтіру арқылы оқушылардың өткен сабақ туралы түсініктерін байқау.
Оқу – шы – лар, күй – ші – лер т. б.
Түбір сөз Жұрнақ Жалғау
Сөздің өзгермейтін Мөз мағынасын Сөзбен сөзді
бөлігі өзгертеді байланыстырады.
ІІІ. Топқа бөлу
І топ – Зат есім ІІ топ – Сан есім
ІІІ топ – Сын есім ІҮ топ – Етістік
1) Бұлар не деп аталады?
2) Осы сөз таптары туралы не білеміз? (Топтастыру стратегиясы)
3) Әр сөз табы туралы өз ойларын қорғайды.

ІҮ. «Мағынаны тану»
Қазақ тілінде 9 сөз табы бар. (Тақтаға сөйлемдер жазылған плакат ілінеді. Әр сөйлемді талдай отырып, қалған 5 сөз табы туралы түсінік беру)
1. Асқар үшінші сыныпта оқиды............... озат оқушы.
(Есімдік – есім сөздердің орнына қолданылады)

2. Қарға........ етті,
Ірімшік жерге......... етті.
(Еліктеу сөздер – айналадағы әр түрлі дыбысқа, жеке қимылға, іс - әрекетке еліктеуді білдіреді.)

3..............! Әкем келді!
(Одағай – адамның көңіл – күйін, сезімін білдіреді)

4. Көкем........ апам қонаққа келді.
(Шылау – сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады)

5. Қарлығаштар........ -......... ұшты.
(Үстеу – қимылдың, іс - әрекеттің әр түрлі белгісін, тәсілін білдіреді)

Ү. Оқулықпен жұмыс. 279 – жаттығу.
Сөздерді әр сөз табының тұсына топтап жазу.
І топ Зат есім /түлкі сөзін үш тілде айту Лиса – tox/
ІІ топ Сурет бойынша әңгіме құрау
ІІІ топ Сын есім /ұзын сөзін үш тілде айту Ұзын – длинный – lond/
ІҮ топ Сан есім /пісірді сөзін үш тілде айту Пісірді – приготовил – cooked/
Берілген зат есімдерге сын есімдерді тіркестіріп жазу.

ҮІ. «Ой толғау»
Ала доп, биік ағаш, қоңыр аю,
кішкентай күшік, сопақ қауын,
қызық кітап.
қалың тон, әдемі гүл, мейірімді ана.
Ала қарбыз, жылы етік, қу түлкі,
(Қалған екі топқа да осындай тапсырмалар беріледі. Әр топ ортадағы суретке сәйкес 5 жол өлең құрайды.)

«Бес жол өлең» стратегиясы
І топ - Оқушы (ученик, pupil)
ІІ топ – Кітап (Книга, book)
ІІІ топ – Ана (Мама, mother)
ІҮ топ – Ұстаз (Учитель, teacher)

ҮІІ. Шығармашылық жұмыс.
Жұмбақта жоқ сөзді тауып, сол сөзге байланысты мақал құрастыру.
І топ. Зу етіп жоқ болған, (Отан оттан да ыстық)
Соңында....... қалған.

ІІ топ. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі....... бар.
(Жер таусыз болмас, Ел хансыз болмас)


ІІІ топ. Іші – жұмсақ, сырты – қатты,
Еті – қызыл, сүті -............
(Еңбектің наны – тәтті, Жалқаудың жаны – тәтті)


ІҮ топ. Затыңды аман сақтайды,
Кіруге........... батпайды.
(Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол)

Жұмбақтардың шешуін үш тілде айту.
1. Зымыран – ракета – rocket
2. Түйе – верблюд – camel
3. Қарбыз – арбуз – water
4. Сандық – сундук – chest

ҮІІІ. Терме жұмыс
282 – жаттығу (ауызша) Сөз таптарын табу. Ұқсастығы мен даралығын табу.
Веен диаграмма бойынша.

ІХ. Қорыту. Бүгінгі сабақта не білдік?
«Топтастыру» стратегиясы
Сөз таптары

Зат есім
Сан есім
Сын есім
Үстеу
Етістік
Одағай
Еліктеу сөз
Есімдік
Шылау
Х. Үйге тапсырма
ХІ. Бағалау.
5 730
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Сөз таптары
Сөз таптары
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Сөз таптарын қайталау
Сөз таптарын қайталау
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Анар станциясы, Анар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хабас Алтынгүл
Сөз таптары
Сөз таптары
Алимжанова Баян Қартабайқызы Қарағанды облыстық мамандандырылған дарында балаларға арналған музыка мектеп - интернаты
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×