Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаздық – борышым

30 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұстаздық – борышым

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы

«Ұстаз... Жаратлысынан өзіне айтылғанның бәріне жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған
нәрселердің бәрін жадына сақтайтын, да алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, шешен, өнер - білімге құштар, аса канағатшыл, жаны асқақ және ар – намысын ардақтайтын, әділ, жұрттың бәріне
жақсылық пен ізгілік көрсететін, қорқыныш пен жасқанудың білмейтін батыл да ержүрек болуы
керек» (Әл – Фараби)

Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытушы тұлға. Ұстаз сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні - жақсылыққа. Өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізу дегенді білдіреді. Ал ішкі қыр - сырына тереңірек бойлап көріңізші! Үңілген сайын баға жетпес қазыналарға кенелгендей күй кешетініңіз аян. Ұстаз сөзі көз алдымызға мейрімді, білімді, парасатты, жүрегі жұмсақ асыл жанды елестетеді. Талмай іздену, маңдай терін төгу арқылы ғана ұстаз көп жетістіктерге қолын жеткізе алады. Ұрпақ тәрбиесі - қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұлы іс. Кез келген қиындыққа шыдай білген адам сол еңбегінің жемісін көреді. Сол еңбегінің жемісін көру үшін ұстаз бойында ұстамдылық, дарындылық, байсалдылық, ізденімпаздық сияқты алуан түрлі қасиеттер болуы шарт.

Абай атамыз «Ұстазсыз шәкірт - тұл, шәкіртсіз ұстаз - тұл» деп адам баласына кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтады.
Ұлағатты ұстаз – ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретеді. Әр ұстаздың өзіндік орны бар. Сабақ түсіндіруде бірі - ғылымға сүйенсе, екіншісі - бойындағы білімге сүйенеді. Енді бірі - ғылымды да, білімді де тұрмыспен ұштастырып, оқушыға ойын жеткізіп, жанын салып білім береді. «Ұстазсыз ғұмыр - сөнген күн»деп ата - бабамыз айтқандай, бұл өмірді ұстаздарсыз елестету мүмкін емес. Өзгенің уақытын аялап қана қоймай, ұстаз дегеніміз - айналасына адамгершілік пен ізгілік дәнін себуші ізгі жан қоғам қайраткері болуы қажет. Себебі ол - ертеңгі өмірімізді жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеуші. Ұстаздықтың күшті рухы - әрбір мұғалімнің барлық кезде өз міндетін дәл, мінсіз атқаруынан, ұқыптылығынан, тиянақтылық танытуынан көрінеді.

Мен бүгінгі таңда А. Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет істеймін. Алдымдағы шәкірттеріме зер сала қараймын. Қараймын да ойланамын, ойлана отырып толғанамын. Алға талпынған олардың алдында менің ұстаз ретінде зор жауапкершілігім бар - ау деп пайымдаймын. Бастауыш сынып оқушылары – қаймағы бұзылмаған сүт, тап - таза ақ парақ, жып - жылтыр айна. Жақсысы да, жаманы да бетінде. Айнадай көз алдыңда тұр. Айнаға қарайсың да кемшіліктеріңді түзетесің, жетістіктеріңе қуанасың.

Сондықтан менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары болуы тиіс. Ұстаздардың ғылымның соңғы жаңалықтарын күнделікті сабақтарында пайдалануда білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың орны ерекше.

XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарына іздеу болып табылады. Ақпараттық технология ақпаратты алудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары. Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады». Осыдан жаңа педогогикалық технологиялар арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңашылдығы ерекше. Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады. Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды. Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады. Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады. Оқытудың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі. Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап дәлелдейді. Алған білімін талдап, жинақтап, жүйелілікке қалыптасады.

Жаңашыл ұстаз шәкіртке жан - жақты білім беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жайында өмір сүруге тәрбиелеу - өзімнің басты парызым деп санаймын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 214
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Білім саласына еңбегі сіңген Гүлжамила апайдың есімін, өзгелерге таныстыру
Жаңа тұрпатты мұғалім келбеті
Жаңа тұрпатты мұғалім келбеті
Мемлекет мәдениетінің айнасы - мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай - күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс - әрекетінен анық аңғарылады.
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты, Ол болмаса, кім береді парасатты. Асылын беріп шәкірт бойларына, Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
1. Армысыздар, құрметті ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері, қонақтар және оқушылар! Бүгінгі «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» тақырыбында өткізгелі отырған кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Мамандығым – мақтанышым
Мамандығым – мақтанышым
[right]Қызылорда қаласы, №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×