Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

12 сәуір 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақмола облысы, Степногорск қаласы,
Бестобе кентінің №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Салменова Жұмабике Амантайқызы

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға етістік туралы берілген білімді ойын, дидактикалық материалдар бойынша еске түсіру, талдау, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін, ашық жеткізе білу дағдыларын, тілін, әр мәселеге сыни көз қарасын, шығармашылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу. Сауатты, көркем жазуға үйрету.
Сабақтың типі: Білімді тиянақтау
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: талдау, салыстыра - ажырату, сұрақ - жауап, ойын, сәйкестендіру, топтастыру, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекі құралдары: суреттер, карточкалар, белгілер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақ тілім – өз тілім – ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім! - деп қазақ тілі сабағын бастаймыз.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды тәрбиелі тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығаруымыз керек.
- Балалар, бүгін көңіл - күйлерің қандай?

Үй жұмысын тексеру: 6 - жаттығу. 1 - 2 баладан сұрау Кәне балалар өткен сабақ бойынша мен сендерге сұрақ қоямын сендер жауап беруге тырысыңдар. Тек қол көтереміз, орнымызда отырып айтпаймыз. Ал олай болса бірінші сұрағым:
1. Қандай сөз таптарын білеміз?
2. Қай сөз табын өттік?
3. Зат есім дегеніміз не?
4. Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
5. Зат есімнің қандай түрлерін өттік?
6. Жекеше түрі қандай сұраққа және көпше түрі қандай сұраққа жауап береді?
7. Зат есімнің көпше түрі қандай жалғаулар арқылы жасалады?
- Сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақты шешіп, жасырынып тұрған сөзді ашайық.
1. Мал өнімі.(ет)
2. Жыл мезгілі.(көктем)
3. Сүттен жасалатын тағам.(ірімшік)
4. Уақыт бірлігі.(сағат)
5. Әкенің әкесі.(ата)
6. Ауруды емдеуші.(дәрігер)
7. Өз атын шақыратын құс.(көкек)
Қандай сөз шықты? Етістік - Ендеше бір - бірімізге сәттілік тілеп, сабағымызды жақсы көңіл - күйімен бастайық.
Етістік. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіріп, не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді. Олай болатын болса балалар бүгін біздер осы етістік тақырыбын одан ары жалғастырамыз.
Бүгінгі біздің сабағымыздың ұраны:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз,
Бәрін білуге ұмтыламыз! Ендеше осы ұранды ұстана отырып, сабағымызды жалғастырамыз. Суретпен жұмыс: суретке қарап не істеп жатқандарын, қандай қимыл қозғалыстарын көріп тұрғандарын айту.
Дәптермен жұмыс: Кәне балалар дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. Таза жазу: Ее емен, есік, ешкі. Оқулықпен жұмыс: 1 - жаттығудағы өлең жатқа жазылады. Оқушылар орындайтын тапсырмалар: өлеңнен етістіктерді тауып, астын сызу; - етістіктерге сұрақ қою; - дәрігер мамандығы туралы қысқаша әңгімелесу; Жұмбақ шешу: Аю. Күн Тақтамен жұмыс: 2 - жаттығудың мақсаты да оқушылардың назарын қимыл, іс - әрекетті білдіретін етістік сөздерге не істеді? Қайтеді? Деген сұрақ қойылатынын аңғарту. II. «Тез ойла, сөз ойла» ойыны
Не? Кім?
Қой қоздайды. Дәрігер емдейді.
Бие құлындады. Мұғалім оқытады.
Ешкі лақтайды. Ұшқыш ұшады.
Түйе боталайды. Тігінші тігеді.
Сиыр бұзаулайды. Жазушы жазады.
М: Бұл қай сөз табы?
Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім деп атаймыз. Ал осы зат есімдер қандай сөз табы арқылы жасалып тұр?
Оқулықпен жұмыс. 3 - жаттығу бойынша көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады. Етістіктердің астын сызып, оның қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсетеді.
Сергіту сәті
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.
«Тез тауып, бөгелмей айт» ойыны
Жел.............. Найзағай......... Күн................ Асан.................
Жаңбыр........ Әтеш................ Қоңырау....... Би....................
Әкем............. Таң.................. Тапсырма..... Қой..................
4 - жаттығу бойынша берілген тақырыптық суреттер арқылы әңгіме құрастырады. Құрастырған мәтіннен етістіктерді тауып, астын сызады және етістіктердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба түрінде көрсетеді. Кім шапшаң? ойыны Берілген етістікке қарама - қарсы етістікті тауып айт.
Кірді -------- Келді --------
Тұрды ------ Алды -------
Күлді ------- Ауырды ---
Еркін жазу стратегиясы бойынша өлең құрастыру «Ұйқасын тап»
Сабақта мен______________
Жаман бала_______________
Жақсылармен_____________
Айтқан серттен_____________
Үлкендерді________________
Айтқандарын______________
Көмектесем_______________
Көріңдер, мен_____________
Осы өлеңнен көкейлеріңе не түйдіңдер? (Үлкенге көмектесу, әдепті болу)
Сөз табын талдау ойыны.
Зат есімге - сары, сын есімге - жасыл, етістікке - қызыл түсті көтереді. (Оқушылардың шапшаңдылығын дамытады.)
1. Өзен, тау, қалам, ән, бала, киім
2. Тұрды, жазды, сызды, күлді, жауды
3. Биік, әдемі, үлкен, ақылды, таза
4. Ойланып отыр, ұшып келе бастады, сайрап отыр
IV. Бекіту
Оқушылардың білімін бекіту мақсатында деңгейлік тапсырмаларды орындату:
І деңгей
1. Етістіктердің астын сыз:
- Доп, жазды, алды, дәптер, таза, әдемі, жуды, ұшты, барды.
2. Етістікке сұрақ қой?
Аспан, ту, пісірді, қар, жазды, білгір, бірінші, апарды
ІІ деңгей
Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз:
Ойнады -
Жазды –
Оқыды –
ІІІ деңгей.
Зат есімнің астын бір рет, етістіктің астын екі рет сыз:
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.

V. Қорытындылау
Етістік дегеніміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?
VI. Үйге тапсырма беру 5 - жаттығу, 48бет.
VII. Бағалау.
7 007
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік. Өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтай отырып, етістік туралы берілген білімді әр түрлі материалдар - ойындар бойынша еске түсіру, талдау.
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Етістік 3 сынып
Етістік 3 сынып
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, №3 Шұбарқұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Атраубаева Бибігүл Қожашқызы
Зат есім
Зат есім
Зат есім туралы түсінік беру, оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру, зат есімдерді ажыратуға үйрету. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Сауатты, көркем жазуға, өзара
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×