Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам болам десеңіз

23 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
№ 12 мектептің бастауыш сынып мұғалімі:
Сарбаева Хиуа Мақсымқызы
Ана тілі 3-сынып
Тақырыбы: Адам болам десеңіз
Мақсаты: Оқушылардың осы тараудан алған білімдерін тиянақтау; оқушының қызығушылығын арттыру; Өздігінен ізденіп шығармашылық жұмыс жасауға баулу,
Адамгершілік құндылықтарды бойына сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік. Сюжетті суреттер. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбы бойынша суреттер, буклеттер, ауыл суреті
Сабақ түрі: дәстүрсіз, қайталау сабақ

1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу. Күннің жады. Оқушыларды түгендеу.
2. Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау
- Мынау «Әдептілік» елінің ауылы. Осы елдің иесі кім болар екен?
Алдымен сыныпты 2 топқа бөлу.
1 – топ Зерделі 2 - топ Талапбек тобы
- Әр бөлімді оқығанда Зерделі мен Талапбек сөзімен бастаушы едік. Міне, бүгін екі топ болып білгендерімізді айтып жарысамыз. Әрине, жақсы әдет өзімізден басталады. Сабаққа белсене араласып, бір - бірімізді тыңдай білейік.

1. «Сөз құдіреті»өлеңін мәнерлеп оқу
2. Сұрақтар беру ( тілшелерде жазылған)
- Ақын қандай сөз түрлерін айтады?
- Батыл сөзді кімнің сөзіне балайды?
- Бауыржан аталарың туралы не білесіңдер?
- Сыпайы сөйлеу үшін қандай сөзді пайдаланар едің?
- Тәтті сөзді неге балайды?
- Шымыр сөзді кімнің қолына балайды?
- Ақын сөзді ше?
- Абай аталарың туралы не білесіздер?

3. Шығармашылық жұмыс. Айтыскерлер айтысы.(үйге берілген тапсырма)
2 - Топтан оқушы шығады
- Ұмыт болған қашанда
Бастадық біз игі істі.
Қазақ елі қашанда
Бола ма екен айтыссыз?
Үлкен тарау оқыдық,
«Адам болам десеңіз».
Көп нәрсені үйреніп,
Көңілімізге тоқыдық.
- Оның рас Нұрлыбек.
Қазақ деген атым бар.
Ана тілі сабағын,
Айтыспенен ашайын.
Үзілісте кей бала,
Орысшалап сөйлейді.
Өзі қазақ болса да,
Қазақ тілін білмейді.

- Асыл сөз көп халықта,
Іле жүрер құлаққа.
Бұл әдетін қоймаса,
Ұлтын сүймес шырақта.
Ана тілден үйрендік,
Үлкендерді сыйлауды,
Шешен сөзді үйреніп,
Самғайық кел алысқа.
- Бүгін осы сабақта
Аларымыз көп болар.
Жақсылықты үйреніп.
Жамандыққа жолықпа!
Кел, балалар, балалар,
Ізденуден жалықпа.
Ізденген жетер мұратқа
Қалып қойма ұятқа!
4. Талапбек тобы: Ы. Алтынсарин шығармаларын табу. Шығармаларындағы жақсы – жаман туралы айту

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 057
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай "Адам болам десеңіз"
Абай "Адам болам десеңіз"
Абайдың шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, Түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Балаларға жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, бір - бірімен достық қарым - қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Адам болам десеңіз
Адам болам десеңіз
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді бір-бірінен ажырату, жақсыдан үйрену, жаманнан жиренуге баулу
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
жақсы, жаман туралы түсінік беру; жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту; жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исолдаева Мирамкүл
Балалық тентектік
Балалық тентектік
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі: Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×