Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік 2 класс

09 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Пән мұғалімі: Жаназилова Айнагүл Маратовна

Қазақ тілі 2-класс
Сабақтың тақырыбы: Етістік.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың етістік туралы жыл бойы алған білімдерін пысықтау, қорытындылау. Сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге, дара етістікті күрделі етістікке айналдыруға арналған тапсырмаларды орындау;
2. Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін, білім , білік дағдыларын қалыптастыру;
3. Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, шыдамдылыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: ертегі сабақ
Принциптері: бірізділік, жүйелілік, ғылымилық.
Әдістері: қорытындылау, сұрақ-жауап, тест, ойындар.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, сюжетті суреттер, жауап парақтары, ұпай шаблондары.

Сабақтың жоспары:
І. Бағдарлау –мотивациялық кезең
1. Ұйымдастыру бөлімі
А) «Сөз таптары» еліне саяхат.№2-слайд
ә) Сөз таптарына шолу№3-слайд.
б) Етістіктің тапсырмалары. №4-слайд.
ІІ. Операциялық –орындаушылық кезең .
1-тапсырма. Тест №5-слайд.
а) Гиперссылка арқылы тестті тексеру.(өзін-өзі тексеру) №6, 7-слайд
2- тапсырма. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыру (ауызша) №9-слайд.
3- тапсырма. «Қалай дыбыстайды?» ойыны. №10-17 слайд.
4-тапсырма. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты. №18-21 слайд.
5- тапсырма. «Е» әрпі кездесетін етістіктер жаз. №22-слайд.
6- тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
а) 465-жаттығу. Ауызша.№23-слайд.
Сергіту сәті
ә) 466-жаттығу. №1-флипчарт.
б)467-жаттығу. №2-флипчарт.
в) 468- жаттығу. №3- флипчарт.
ІІІ. Рефлексиялық –бағалау кезең
7- тапсырма. Топтық жұмыс. «Не істейді?» ойыны.№29-слайд.
8- тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны. №30-слайд.
Қорытынды бөлім. Тірек сызбамен жұмыс. №31-слайд.
1.Үйге тапсырма беру №20 слайд
2. Бағалау кезеңі.
Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау –мотивациялық кезең
1. Ұйымдастыру бөлімі

а)Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Сөз таптары» еліне саяхат.№2-слайд.
М: - Ертеде “Қазақ тілі” әлемінде “Сөз таптары” деген ел болыпты. Сол елде “Зат есім”, “Етістік”, “Сын есім” және “Сан есім” деген ағайындылар тұрыпты. Олар бір-бірімен тату тұрыпты. Әрқайсысы өзінің жұмысымен айналысыпты.

ә) Сөз таптарына шолу жасау.
- Зат есім туралы не білеміз?
- Сын есім туралы ше ?
М: - Балалар, бүгін біз Етістіктің үйіне қонаққа барамыз.
б) Етістіктің үйіне қонаққа келу. Етістіктің тапсырмалары. №4-слайд.
Етістік: - Балалар, менің үйімде көптеген қызықты тапсырмалар бар. Сол тапсырмаларды орындауға дайынсыздар ма?
Олай болса, іске сәт! Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Сабақ соңында ұпайлар саны қорытындыланып, бағаланады.

ІІ. Операциялық –орындаушылық кезең .
1-тапсырма. Тест №5-слайд.
Тест 5 сұрақтан тұрады. Орындап болған соң, гиперссылка арқылы өзін-өзін тексеру.
М: - Етістіктің түрлері туралы еске түсірейік. №8- слайд.
2- тапсырма. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыру (ауызша)

№9-слайд.
Жүзді – жүзіп жүр.
Оқыды - оқып отыр
Сарғайды –сарғайып жатыр.
3- тапсырма. «Қалай дыбыстайды?» ойыны. №10-17 слайд.
Жан-жануарлардың суреттері дыбыстарымен қоса беріледі. Олардың қалай дыбыстайтынын айтып, етістікті табу.

Мысалы: Қасқыр ұлиды. Арыстан ақырады. Ешкі маңырайды. Ит үреді. Қарға қарқылдайды.
4-тапсырма. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу минуты. №18-21 слайд

- Бүгін біз Етістіктің үйінде қонақтамыз ғой, сондықтан Ее әрпін әдемі етіп толтырайық.
5- тапсырма. «Е» әрпі кездесетін етістіктер жаз. №22-слайд.
6- тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
а) 465-жаттығу. Жұмбақтарды оқы, шешуін тап. Етістіктерді тап. Ауызша
.№23-слайд.
Арыстан ақырады,
Орман жарқырады.
(Найзағай)
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды.
(Жапалақ)
Сергіту сәті

М: – Балалар, бүгін Етістіктің үйіне басқа да қонақтар келіпті. Солармен бірге билеп, сәл көңіл көтеріп алайық! (Көңілді музыка ойнайды)
ә) 466-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз. №1-флипчарт.
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзді тыңдаймын,
Апашымды сыйлаймын.
(А. Бақтыгереева)
- Өлең не туралы?
- Етістіктердің астын сыз, оларға сұрақ қой.

б)467-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқы. №2-флипчарт.
Арыстан...Құндыз.. Сауысқан... Бүркіт... Қарға... Қасқыр...
Керекті сөздер: қарқылдайды, ақырады, сыңсиды, шаңқылдайды, ұлиды.
Жауабы; Арыстан ақырады. Сауысқан шықылықтайды. Құндыз сыңсиды. Қарға қарқылдайды. Қасқыр ұлиды. Бүркіт шаңқылдайды.
в) 468- жаттығу. Сөздердің алдына зат есім қойып, сөйлем құрап жаз.
№3- флипчарт.
Тоқыды, тазалады, шомылды, жауды, аулады, боздады, ақты.
Үлгі: Алаша тоқыды.
ІІІ. Рефлексиялық –бағалау кезең

7- тапсырма. Топтық жұмыс. «Не істейді?» ойыны.№29-слайд.
Ойынның шарты: Үш қатар – 3 топ. Әр топқа бір заттың суреті беріледі. Сол затқа байланысты топ мүшелері «Не істейді?» сұрағына жауап беретін қайталанбайтын бір қимыл айтуы керек.
1-қатарға – мысық , 2- қатарға – ит, 3- қатарға – адам.
8- тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны. №30-слайд.

Ойынның шарты: Слайдта берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек.
Қорытынды бөлім.
Тірек сызбамен жұмыс.
М: - Сонымен, балалар, етістік туралы қорытындылай келе, мынадай тірек сызбаға тоқталамыз.
Үйге тапсырма беру .№20 слайд
1-тапсырма. 469-жаттығу.
2-тапсырма.“Қалай дыбыстайды?” ойынын жалғастыру.
Бағалау кезеңі.
- Бүгінгі сабақтың бағасы жинаған ұпайлар санына байланысты болады. Сондық тан, ұпайларды санайық!
“5” – 9-10 ұпай
“4” – 7-8 ұпай
“3” – 4-6 ұпай
- Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
32 816
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Етістік
Етістік
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №17 И. И. Трубицын атындағы ОМГ Алимсеитова Гүлнұр Айтқұлқызы
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада
Етістік
Етістік
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Айнаш Джексембековна
Етістік 12 - 16 жаттығулар
Етістік 12 - 16 жаттығулар
Тараз қаласы, Керімбай атындағы №12 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Сахова Ғайни Асхатқызы
Дара және күрделі етістіктер
Дара және күрделі етістіктер
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Наурыз Ләззат Қуанышқалиқызы
Етістік
Етістік
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×