Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сабақ жоспарлары

12 қараша 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
№32 орта мектеп - гимназиясының
Бастауыш класс мұғалімі
Барышева Лаура Жәңгірқызы

Сабақ тақырыптары:
1. Егінші мен қасқыр
2. 9 санын қосу және азайту
3. Зат есім


Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр.
С мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін жинақтай, тексере отырып, нанның жасалу жолы, қандай еңбекпен келетіндігі туралы түсіндіру. (басшылыққа ертегіні алу).
Оқушылардың ой - өрісін, білімін, есте сақтауын, сөздік қорын рөлге бөліп оқуға үйрету, дамыту.
Еңбекшіл болуға, маман иелерінің еңбегін бағалай білуге, жалқаулықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
С. типі: аралас С. әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жин/у
С. түрі: дәстүрлі
С. көрнекілік: слайд, диск, қосымша карточкалар

Сабақ барысы
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй жұмысын тексеру
а) Үйге не берілді?
ә) Мысал не туралы?
б) Мысал дегеніміз не?
5 минут матрица
«Кім жылдам?»- ойыны. Мұнда сұрақтарға жауап бере отырып жасырылған сөздерді ашып 1 мақал шығарамыз.
1. Шегіртке мен құмырсқа кімнің шығармасы? (Крылов)
Қазақшаға аударған кім? (Абай) ---(Еңбек)
2. Абай кім? ------------------------------------(етсең)
3. рөлге бөліп оқу ----------------------------------(ерінбей)
4. шегіртке неге жылады?
бойындағы жаман қасиет не? -----------------------(тояды)
5. Құмырсқа туралы не білеміз? ---------------------------(қарның)
6. Өмірде шегіртке мен құмырсқа қандай адамдар?------- (тіленбей)
Осы мақалдың мысалға қатысы бар ма?

Жаңа сабақ.
- Ендеше қарын тою үшін не істеу керек екен? еңбектену
- Сендердің еңбектерің не?
- Дұрыс, оқу арқылы біз болашақта мамандық таңдай аламыз, жұмыс жасай аламыз екен.
- Ал, енді айта қойшы қарынды тоқ қылатын ең дәмді ас не? нан.
- Нан алдымызға қалай келді?
- Егін егетін адамды кім дейміз?
- Олай болса біз бүгін не туралы оқимыз екен?
Егінші мен қасқыр.
Дәптермен жұмыс.
Күн жады - тақырыбы.
Ертегі дегеніміз не?
- Мен ертегіні оқимын, ал сендер оқи отырып өздеріңе түсініксіз сөздердің астын түртіп отыр.
Сөздік жұмыс.
Баулау - жинақтау, жинау.
Сөздік жұмыстан іздету, мағынасын өз бетімен табу, дәлелдетуге үйрету
маялау -
бастыру -
Ертегінің қай түрі? неге?
Егінші қасқырға нанға қол жеткізу үшін не істеу керек деді?
Ертегінің бөліну жолын сызбаға түсіре отырып, дәлелдету
Ертегі түрлері:

Сергіту сәті.
Сызба – слайд - ертедегі мен қазіргі заманды салыстыру.
Жер жырту тырмалау → тұқым себу күзде қара бидай егу → көктемде жер бетіне шығу, жазда піседі → орасың баулайсың маялайсың, кептіресің, бастырасың → диірменге апару, нан, қамыр илеу
Бидайдан жасалатын өнімдер. (слайд)
Бекіту: сонымен қасқыр мұндай істі жасай алатын болды ма?

топтық жұмыс.
Нанды құрметтеу ережелері. Ырым - тиымдар
Нанды баспа.
қиқымын шашпа
нанмен ойнама
нанды қолмен үзген (мұсылмандар)

мақал - мәтел ас туралы.
не үйрендік?

Бағалау. Үйге: оқу, мазмұндау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 389
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Абай Құнанбаев пен И. В. Крылов туралы қысқаша мағлұмат беру. И. В. Крыловтың Абаймен аударылған мысалдарды еске түсіру. Мысалдардан қандай ғибрат алатынымызды көрсету. Шегіртке мен құмырсқа мысалының тәрбиелік мәнін, мазмұнын ашу.
Егінші мен қасқыр
Егінші мен қасқыр
Ас атасы - нан, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңайшылықпен келмейтіндігін ертегі мазмұны арқылы айтып ұғындыру.
Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)
Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Бостан ауылы, Қарақұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байдуллаева Маусим Хамзеевна
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нәбиева Гүлбаршын Емматқызы
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы (математика)
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы (математика)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Матаева Жанар Махамбетиярқызы
Егінші мен қасқыр
Егінші мен қасқыр
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы №32 орта мектеп-гимназиясының Бастауыш класс мұғалімі Барышева Лаура Жәңгірқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×