Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді ұрпақ ,ертеңгі байлығымыз

01 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып

- 0 (0%)
0%

1сынып
Білімді ұрпақ, ертеңгі байлық.
Мақсаты:
Оқушылардың өз ойларын жүйелеп қиялын тұжырымдауға үйрету.
Жан жақты ойлауын, ізденуін дамытып, есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Ой өрісін кеңейтіп, тілдік сөздік қорларын молайту.
Болашаққа үлесін қоса білетін, білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Оқушыларды әдептілікке адамдарды қарым қатынас жасай білуге баулу.
Сабақтың түрі: Дамытпалы ойын сабақ.
Әдісі: Сөздік, көрнекілік, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер «Бүгінгі білім - ертеңгі байлық»

Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім: Сайыстың ретімен таныстырып өтейін. Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
Ал, келіндер, келіңдер,
Біріңе - бірін еріндер,
Біліміңді тексеріп
Ойынға қатысып көріңдер.
(Әділқазылар алқасын сайлау)
(ойын ережесімен таныстыру)
Топтарды таныстыру.

1 - топ «Болашақ»
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.

2 - топ.«Ұрпақ»
Сабақтан қалмаймыз,
Жаман баға алмаймыз
Кім болып өсуді,
Қазірден таңдаймыз.

1. «Ұшқыр ой»(математикалық жұмбақ)

1. Сатып алып бір сәбіз,
Қойды үйрек себетке.
Тағы сонша қосса оған,
Нешеу болмақ әдетте? (2сәбіз)

2. Үш алманы бақтағы
Кірпі барып жинады.
Ең әдемі тәттісін,
Ақ тиінге сыйлады.
Ыдыстағы алманың
Санап көрші қалғанын? (2алма)

3. Құмырсқа еңбекшіл,
Ұйымшыл және ол көпшіл.
Екеуі жүр дән тосып,
Екеуі шөпке жармасып,
Сонда шырша түбінде
Нешеу болды санап шық? (4 құмырсқа)

4. Тура және кері санау.
5. Аулада 3 үйрек, қорада 1 үйрек, 1үйрек тығылды, 1үйрек жығылды? 2үйрек
6. Геометриялық пішіндерді ата?
7. 5+4 қосындысы.
8. 4+4 қосындысы.

2.«Бәйге»
1. Бір жылда неше ай бар?
2. Бағдаршамның неше көзі бар?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

4. Қандай ертегі білесін?
5. Жаңбыр жауғаннан кейін аспанда не пайда болады?
6. Өсімдік өсу үшін не қажет?
7. Неше жыл мезгілі бар?
8. Бір аптада неше күн бар?

3.«Тілашар»
1. Қыс бойына жатады тәтті ұйқыға батады? Аю - медведь
2. Үсті толы ине,
Инесіне тиме.
Инесіне тисең
Жете алмайсың үйге? кірпі
1. Адамға серік
Күзетке берік? Ит
2. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар? қой
4.«Білгенге маржан» өлең шумақтарын айту.
Кім қанша біледі.
6. Қорытындылау, марапаттау.
8 293
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әке – ер, ана – жігер, Бір үйде екі кемеңгер
Әке – ер, ана – жігер, Бір үйде екі кемеңгер
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Еңбекші орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жексенғалиева Ғалия
Сынып дарабозы
Сынып дарабозы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып пән мұғалімі Имангалиева Мазлумат Лукпановна
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Бастауыш сынып дарабозы
Бастауыш сынып дарабозы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп - интернат» бастауыш сынып мұғалімі Муталиева Жамила Әшірханқызы
Ыбырай Алтынсарин “Қарабатыр”
Ыбырай Алтынсарин “Қарабатыр”
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Самал Абдулхамитқызы
Ел болашағы - білімді ұрпақ
Ел болашағы - білімді ұрпақ
Тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту. Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×