Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім жарығы - Әліппе

11 қаңтар 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Убайтжанова Айсулу
Ақтөбе қаласы, №8 орта мектеп
Білім жарығы - Әліппе
Мақсаты: Әр оқушының сабақтан тыс уақытта айналысатын іс - әрекеттері арқылы икемділігін қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Алған білімдерін ортаға салу, байқату, олардың ой өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, ізгілік қасиеттерін дамыту.
Оқушылардың ата - ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, шар, гүлдер, әріптер, шырша, кейіпкерлер костюмдері.
Өтілу барысы
1 - жүргізуші: - Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Тойға келген қуанып,
Қонақтар сізге мың сәлем!
2 - жүргізуші: - Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен.
3 - жүргізуші: - Құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар, қадірлі ата - ана! Біздің бұл мерекеміз сүйікті Әліппемізге арналмақ.
Бірге: - Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер!
Ортаға балалар келеді.
Хор: «Әліппе»
1. Үйретеді Әліппе
42 әріпке
Ең алғашқы кітабың
Әліппені дәріпте
Қайырмасы:
А дегенім ана
Ә дегенім әке
Б дегенім бала
Естіп жүрме шала
А дегенім ата
Ә дегенім әже
Б дегенім бата
Мұны есте сақташы.
2. Әліппені алайық
Парақтап біз қарайық
Әріптерді үйреніп
Әсем әнге салайық
Қайырмасы
- Балалар, осы біздер қандаймыз?
1. Мың бұралған бишіміз
2. Бұлбұл құстай әншіміз
3. Біз қызықпыз, қызықпыз.
4. Сәл еркелеу бұзықпыз.
5. Біз шеберміз
6. Ақылдымыз
7. Үлкенге ізеттіміз
8. Кішіге қамқоршымыз
9. Көп оқимыз
10. Терең тоқимыз
11. Өнерліміз
12. Жанып тұрған шырақпыз
13. Толқынды су бұлақпыз
14. Елімізді өркендетін
15. Қазақ тілін көркемдететін
16. Бабаларға тағзым ететін
17. Аналарға бас иетін.
18. Елтаңбасымен еңселі
19. Туымен тұғырлы
20. Әнұранмен айбатты
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»
- Сырлы әріптер сөз түйіп,
Сабырмен саған қарайды.
Сырларын білсең, бас иіп,
Керегіңе жарайды.- деп ақындар жырлағандай, әрбір әріп жаңа сөздің бастауы. Олай болса әріптер не дейді? Құлақ түрейік!
«Әріптер таласы»
А: - Алфавиттің «А» тұрады басында.
Б: - «А»- дан кейін «Б» тұрады қасында.
Ә: - Кім айтады, «Ә» ғой оның қасында
Тұр орнымнан, күш көрсетіп басынба.
Т: - Сені кім, әріп - дейді?
Әлібек емес, Алибек - дейді.
Әсия емес, Асия - дейді
Артықсың сен, тұр былай.
Ә: - Рас - ау сенің сөзің,
Көрді ғой талай көзім.
Ә емес А екенін
Әсем емес, Асем - дейді.
Әйгерім - Айгерім бұл
Мені ешкім елемейді.
Алфавит:
- Ренжіме қарағым,
Аман болсын қазағым
А - дан кейін ауыспастай қадамың.
Аты өзгерген арулар мен ауылдар
Әдемі боп «Ә» дыбысын қабылдар
Әкесі бар, әжесі бар адамдар
«Ә» бар сөзді енді дұрыс жаза алар.
7. Мына сөзден кейін билік көрсеткен «Б» дыбысы жым болды. Басқа да орынға таласқандардар үнсіз қалады.
Алфавит:
- Сан әріпті үйрендік
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне
Саяхаттап көріңдер.
Т - Тәуелсіз елде тұрағым, Тәуелсіздік жыр әнім.
Ә - Әспеттеп салт пен әдепті, Боламыз бала әдепті.
У - Уәдеге берік боламыз, досқа серік боламыз.
Е - Елім деп мен жар салам, Елімменен
мақтанам.
Л - Лайым болсын ел аман, Несібесі мол заман.
С - Сенімін елдің ақтаймыз, Жақсы істер
жасаймыз.
І - Ізгілік нұрын шашатын, Жасасын Қазақстаным!
З - Зейінге бәрін тоқимыз, Сабақты 5 - ке оқимыз.
Д - Даламыздай кең пейілді, Мақтан тұтам елімді.
І - Ізетті бала боламыз, Үлкенің тілін аламыз.
К - Келешекке нық басқан, Біз бақытты балдырған!
- Қандай сөз шықты, балалар?
- Тәуелсіздік
- Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл толды?
- 24 жыл
Хор: «Отан»
Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым.
Үйреніп, әріптер мен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.
Орындаймыз әліппе ақылыңды,
Жарысқанда жазамын тақымымды.
Қандай қиын жұмбақты шешу үшін,
Арттырамын ғылымға құштарлықты.
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе!
Хор: «Рахмет саған, Әліппе!»
Музыка әуені. Ортада шырша. Шыршада «Қояндар! Жақын маңда түлкі жүр.» деген ескерту ілінген. Шырша жанында аю отыр. Қояндар музыка әуенімен билей жөнеледі.
1 - қоян: - Міне керемет, іздеп жүрген шыршамыз мұнда тұр екен ғой!
2 - қоян: - Алақай, алақай! Тауып алдық!
Аю: - Ау, көжектерім, сендер не істеп жүрсіңдер мұнда? Мұндағы Жазуды көрмей тұрсыңдар ма?
1 - қоян: - Жоооққққ.... Біз әлі оқи алмаймыз ғой.
Аю: - Мәссаған, бұларың болмайды ғой жастар - ау. Оқи алмау ұят қой. Қазіргі заман білімдінікі. Тіпті шет тілін де білу керек.
2 - қоян: Ия Қоңыр аю, біз шет тілін білеміз және түсінеміз.
Аю: - Ой, жарайсыңдар! Сонда қай тілді білесіңдер?
1 - қоян: Мысалы мен иттердің тілін түсінемін. Аф - аф...
2 - қоян: Ал мен, мысықтардың тілін жақсы білемін. Мяу - мяу....
Аю: - Өте жақсы. Бұл тілдер сендерге өмірде керек болады. Дегенмен сендер міндетті түрде оқып, жазудың маңызды екенін есте сақтаңдар.
Осы кезде алыстан түлкінің дауысы естіледі.
- У - у - у - у - у...
Екі қоян: - Оййй...
Шырша түбіне жасырынады.
Түлкі келеді.
- Қорбаңбай, сен мұндағы жазуды тағы іліп қойғанбысың. Не деген бассыздық. (жан - жағын иіскелеп...) Мұнда жүрген көжектерді көрмедің бе?
Аю: - Жоооооққққ, көрмедім.
Түлкі: - Онда арт жағыңдағы шырша түбінде жатқан не екен? Қарап жіберші жақын тұрсың ғой.
Аю: - Меніңше ол - ит. Ал оның ар жағында аңшы келе жатыр ғой деймін. (Қояндан ит болып үреді)
Түлкі: - Ой, ит дейсің бе? Аңшы да келе жатыр ма? Ендеше тезірек кетіп қалайын. Сен оларды жібермей қоя тұр (түлкі қаша жөнеледі).
Қояндар қуана секіріп шығады.
- Қорбаңбай, рахмет саған!
Аю: - А - а - а - а - а... Сендерге үйренген тілдерің көмектесті ме?
- Иәәәә...
Аю: - Көрдіңдер ме, сендер оқуды білгенде мұндағы жазуды да оқи алған болар едіңдер (шыршаны көрсетеді). Мұнда түлкі жүргені туралы сендерге ескертілген еді.
1 - қоян: - Иә, біз оқудың қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Енді барлық әріптерді үйреніп, оқу мен жазуды да меңгереміз деп уәде береміз.
Би. Ясминь
Ортаға ертегі кейіпкері шығады.
- Балалар, сендер мені танисыңдар ма?
- Иәәәә...
- Мен де бүгін сендердің мерекелеріңе келдім. Сендердің білімдеріңді сынамақпын. Дайынсыңдар ма?
- Ендеше бәріміз экранға қарайық. Менің алғашқы тапсырмам.
1 - тапсырма: Орындары ауыстырылып берілген әріптерден сөздер құрастыру.
- Жарайсыңдар балалар! Енді ортаға ұстазымызды шақырайық.
Мұғалім: - Құрметті ата - аналар! Бүгін сіздер балаларымыздың Әліппені аяқтап, білімнің кең жолына аяқ басқанының куәсі болып отырсыздар. Балалардың 4 ай ішінде қиын да жауапкершілігі мықты жолдан өтуіне көмек беріп, демеу жасағандарыңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін.
- Сіздер де балалармен бірге оқып, жазып, түрлі тапсырмаларды орындадыңыздар. Бүгінгі күн сіздер үшін де ерекше. Ендеше сіздердің де білімдеріңізді сынап көрелік.
Ойын шарты: Әріптерден жұмбақтар шешу арқылы сөздер құрастыру.
1. Темірден ТАҒА соғар,
2. Оқушы БАҒА алар.
3. Ата берер БАТА.
4. Нан көметін ТАБА.
Би: «Көңілді балалар»

Ән: «Ұстазым» Радия
- Мінекей, бүгін біз сүйікті Әліппемізді аяқтап, алғысымызды білдіріп жатырмыз. Біздің мерекемізге қонақтар да келіп отыр екен. Ендеше құттықтау сөзді мектебіміздің басшысы Айсұлу Берікқызына берелік.
Ән: «Мен қазақтың қызымын» Дайана
- Бұл мереке сенің арқаң ата - ана,
Бір мен үшін керектіні табасың
Балаң жақсы деген сөзді естісең
Күлімсіреп, бір қуанып қаласың, - деп, құттықтау сөз кезегін ата - аналарымызға берелік.
Би: «Жұмыр қылыш»
- «5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Хормен: Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеткен, Рахмет, саған Әліппем!
Ән: «Ардақты ұстазым» Ернар
3 486
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Бастауыш сынып мұғалімі Жанпеисова Фарида
Әліппе - білім бесігі
Әліппе - білім бесігі
ШҚО, Аягөз аудан, «Жамбыл Жабаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш класс мұғалімі Карабаева Жанар Кажымукановна
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қарағанды облысы, Сатпаев қаласындағы №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймұханова Бақыткүл Издібайқызы
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
ШҚО. Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×