Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есептерді шығар

01 мам 2016, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Орал қаласы, Қаратөбе ауданы,
Төлен негізгі орта мектебінен
бастауыш сынып мұғалімі
Марден Үміт Айшуаққызы

Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Есептерді шығар
Мақсаты: а/ Оқушылардың есептерді салыстыра білу, есеп шығаруда сызбаларды қолдана білу дағдыларын бекіту.
ә/ Ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту
б/ Тиянақтылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: дидактикалық материал, кеспе сандар, жеке суреттер. геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- амандасу, сыныпты түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн қонақтар!

Балалар біз бүгінгі сабақта өткен сабақтардан алған білімдерімізді пысықтап, қайталауға арналған есептер шығарамыз. Сонымен қатар есептер шығару арқылы тапқырлыққа шапшаңдыққа үйренеміз.
«Көктем бейнесі» ойыны.
Ал енді балалар барлығымыз тақтаға назар аударайық.
Суреттен ненің бейнесін көріп тұрмыз?
– Көктемнің бейнесі. (Көктем туралы әңгімелеу)
– Дұрыс.
Көктем келді. Күн жылынды. Жер көгерді. Құстар туған жеріне оралады. Қыстан аман шыққан ауыл адамдары жазғы жайлауға көшеді. Көктем айларына наурыз, сәуір, мамыр айлары жатады. Наурыз - жыл басы. Бұл кезде күн ұзарып, түн қысқарады.
Сонымен қатар наурыз Ұлыстың ұлы күні. Бұл күнді тойлау - халқымыздың ежелгі салты.
- Өте жақсы.
- Ал енді балалар,
- Күннің сәулесінде неше дөңгелек бар? – 1 – еу.
- Неше ұшбұрыш бар? – 6 – ау.
- Бұлттардың бейнесі қандай сызық? – Тұйықталған.
- Киіз үйдің есігі қандай фигура? – Тік төртбұрыш.
- Жол қандай сызық? – Түзу.
- Гүлдердің бейнесінде қандай фигураны көріп тұрсыңдар?
– Дөңгелек.
Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? Математикалық фигуралар деп атаймыз.
Ендеше, қазір біз бүгінгі сабағымызда осы фигуралар арқылы 4топқа бөлініп, бар білімімізді ортаға саламыз.
1-топ «үшбұрыштар»
2-топ «төртбұрыштар»
3-топ «дөңгелектер»
4-топ «шаршылар»деп аталады.
Әр топ өздерін таныстырады.

Біз тағы басқа математикалық фигуралардан басқа не білеміз екен?
Олай болса мына бір ойынды ойнап алайық.«Ойлан тап»
Математикалық жұмбақ есептер.
1. Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып, түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі? (4)
2 Аулада 3 үйрек,
Қорада 1 үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек? (2)
3. Табақта 5 алам,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма? (7)
Логикалық есептер
1. Сабинада 7 қалам бар еді.. Ол досына 3 - уін сыйлады. Қанша қалды?
2. Бұтада 7 құс отыр. Тағы 3 құс ұшып келді. Неше құс болды?
3. Бірінші сөреде 2 кітап, ал екінші сөреде 5 кітап артық тұр. Екінші сөреде неше кітап бар?
4. Дарина 5 жаста, ал Мадина Даринадан 2 жас кіші. Мадина неше жаста?
5. Сыныпта 10 бала. Оның 6 - уы ер бала. Қыз бала нешеу?
6. Сыныпта 10 бала. 3 бала шығып кетті, 2 бала кірді. Неше бала болды?
7. Сыныпта 9 ер бала мен 10 қыз бала. Қыздардың ер балаларға қарағанда нешеуі артық?

Топтық жұмыс: (жауаптары арқылы сөз шығару)
4+5= ---- 8 - 3= ----- 7 - 4= ---- 6+2= ------ 5+3= ----- 5 - 5= ----- 4 - 4= ----- 4+0= ----- 5+0=
9 - 0= --- 6 - 0= ---- 8 - 7= ----- 9 - 7= ----- 6 - 4= ----- 6=3= ----- 5 - 5= ----- 10 - 6= ---- 1+7=

Ойын: «Қатесін түзе?»
2. Математикалық диктант.

ІII. Жаңа сабақ
1. Оқулықпен жұмыс
№1 Есептерге сызба таңда, оны шығар. А - 5 Ш. а - 3 Ш: 5+3 Ж: 8автобус.

№2 Аз қате жіберген оқушыны анықта. Талғат, Мұрат.

№3 Теңсіздіктер құрастыр. 3+2 *2 - 1, 3 - 2* 1+2.

№4. « Кел, ойнайық!» Кімде не бар?

Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс
№1 Сызбаны есептің мәліметтерімен толықтыр.
№2 Қандай сандар қою керек.
№3 Өрнекті есепте.
№4 Теңсіздіктерді есептеп шығар.

ІV. Қорытынды. Сұрақ - жауап жұмысы.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
8 772
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Он көлеміндегі сандар
Он көлеміндегі сандар
- Балалардың он көлеміндегі сандар туралы білімдерін пысықтау. Тура, кері санау, ауызша есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Логарифм және оның қасиеттеріне есептер шығару
Логарифм және оның қасиеттеріне есептер шығару
Логарифм ұғымы және оның қасиеттерін қорытындылау, есептер шығаруда логарифмнің анықтамасы мен қасиеттерін қолдана білу дағдыларын бекіту.
Рационал теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару
Рационал теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару
Квадрат және рационал теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығарту. Оқушылардың логикалық ойлау, салыстыру, зерттеу қабілеттерін дамыту.
Математика пәнінен күнтізбелік жоспар 5-9 сыныптар үшін
Математика пәнінен күнтізбелік жоспар 5-9 сыныптар үшін
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосы, С. Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернатының математика пәні мұғалімі: Әлмұратова Перизат Керізбайқызы
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Қазақ тілін білемін
Қазақ тілін білемін
Екібастұз қаласы, №8 "Теремок" бөбектер бақшасының қазақ тілі мұғалімі Еркин Армангуль Мажитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×