Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер

25 мам 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
"Кел, балалар, оқылық!" Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларды заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
2) Дамытушылық: Оқу – жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.
3) Тәрбиелік: Оқуға, білімге жетелеу, өз мектебін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабаққа керекті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: Ы. Алтынсариннің портреті, слайдтар, мектеп суреті, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, көркем сөз
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, баяндау, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқу құрал – жабдықтарын алдыру.
Сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Өткен сабақты қайталау.
- Балалар, көңіл – күйлерің қалай?
- Бүгінгі ауа – райы сендерге ұнайды ма?
- Бүгінгі ауа – райы қандай?
- Ия, күн жарқырап шығып тұр. Жаңбыр жауатын кезде аспан қандай болады?
- Күн бұлттанып, аспанды бұлт торлайды. Балалар, біздің мектебіміздің үстін сол бұлттар торлап алыпты. Енді не істейміз?
- Сендер, біздің мектебіміздің бұлт торлағанын қалайсыңдар ма?
- Онда, мына тапсырмаларды орындасақ, бұлт тарап, күн бізге күлімдеп шығады.
- 1 – тапсырма: Кім? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
- 2 – тапсырма: Не? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
- 3 – тапсырма: Кімдер? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
- 4 – тапсырма: Нелер? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
- 5 – тапсырма: Не істеді? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.

- Әр дұрыс жауап үшін мектептің бір бөлігі тақтаға ілініп отырады. Бұлт ашылып, күн шықты. Күннің суретін жабыстыру.

- Ал енді мектебімізді гүлдендірейік. Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
- Ағаштың, гүлдің артына жазылған тапсырмаларды оқып, орындап, мектепке ілінеді.
Тапсырмалар:
- Заттың қимылын білдіретін сөздер жаз.
- Айнұр не істеді?
- Марат не істеді?
- Көбелек не істеді?
- Аю не істеді?
- Құстар не істеді?

- Балалар, сендер мектепке келгенде ең бірінші не байқадыңдар?
Тақтаға, «Кел, балалар, оқылық!» деген сөз жазылған қағаз ілінеді.
- Бұл сөз не үшін жазылған деп ойлайсыңдар?
- Бізді оқуға, білімге шақырған.
- Ыбырай Алтынсарин туралы өткенбіз, ия? Ол Кім?
- Ақын, жазушы, ең алғаш мектеп ашқан, мұғалім. Ол Қостанай қаласының, Қостанай облысында дүниеге келген. Бүгін Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен танысамыз.

Сергіту сәті:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуана бер. Достарым,
Арайлап атқан күнге.

Кітаптан тыс тапсырма:
- Балалар, заттың атын білдіретін сөздердің ережесін кім айтып жібереді?
- Енді заттың қимылын білдіретін сөздердің ережесін кім айтады?
№3. Ана тілі жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізу.

Сабақты қорытындылау.
- Мектепте оқушы не істейді?
- Жазады, оқиды, жүгіреді, сурет салады т. б.
- Осы сөздердің барлығы нені білдіреді?
- Заттың қимылын білдіреді.
- Қандай сұрақтар қоямыз?

Үйге тапсырма беру кезеңі:
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жаттап келу.

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы,
Әйтеке би кенті, Ж. Баһадүр ауылы, №103 мектеп
Бастауыш мұғалімі: Кушикбаева Динара Косыбаевна
3 868
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Ана тілінен тест жұмысы (1 сынып)
Ана тілінен тест жұмысы (1 сынып)
Көп затты білдіретін сөзді тап а) кітап ә) балалар б) киім
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін пысықтау, толықтыру, түсініктерін кеңейту. Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Оқушының таным әрекеттерін дамыту. (ереже жаттау арқылы есте сақтау қабілеттерін
Сөз таптары
Сөз таптары
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер
Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×