Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұ дыбысы мен әріпін қайталау

07 қыркүйек 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әліппе.
Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әріпін қайталау

Мақсаты: Оқушыларды Ұ ұ әрпінің таңбасымен таныстыру, баспаша жазбаша түрін таныту. Дыбыстық фонемалық қызметін модельдеу арқылы өтілген дыбыстарды қатыстырып буын, сөз, сөйлем құрату.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілігі: сауаттылыққа, үйрету, сөйлем құрау, сурет бойынша әңгіме құрау, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, буындар, ребустар, жұмбақ.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
ә) Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

ІІ. Өтілген әріпті пысықтау
1/ Жұмбақ шешу
Құстай ұшар, қанатты тұлпар. /ұшақ/
2/Сұрақ жауабы
- Ұшақ сөзінде неше дыбыс бар?
- Неше әріп, неше буын бар?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? /дауысты, дауыссыз/
- Ұ дыбысы қандай дыбыс? /дауысты/

3).<<Сөз ойла, тез ойла>> ойыны. Ұ дыбысына сөз ойлату

4) Ұ дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлу.
Ұзақ, үшқыш, ұя, ұзартқыш, ұлу, ұн, ұлтарақ, жұлдыздар, тікұшақ
- Ұ дыбысы сөздің қай жерлерінде келеді? /Басында, ортасында/.

5/Оқулықпен жұмыс. Сөздерді буындап оқыту. Хормен оқу, жеке оқу.

6) Дыбыстар әлеміне саяхат. Өткен әріптерді дауысты, дауыссыз дыбыс екенін ажырату.

А, С, Р; О; Т; Ш; Л; Ы; Й; Ұ; Б; Д; У; Ж; Қ; Ғ; П; Н; М

7/. Суреттермен жұмыс.
Ұр - шық тікұшақ ұшақ
Дыбыстық талдау жасау

ІІІ Сергіту кезең
8/Оқулық бойынша жұмыс. Оқулықтағы «Ұшқыш болу - арман» мәтінін оқу.
Сұлтан - жақсы оқушы. Ол ұшқыш болуды армандайды. Сұлтан – ұқыпты да батыл бала. Ол ағаштан ұшақ жасайды. Жасаған ойыншық ұшағы шын ұшаққа ұқсайды. Талаптыға нұр жауар. Сұлтан ұшқыш болады.
Сұрақ – жауап
- Сұлтан қандай оқушы, нені армандады?
- Ол не жасады?
- Оның ұшағы неге ұқсады?
- Сұлтан кім болады деді?
Сергіту кезең

9/. Дәптермен жұмыс. а/ Сөздерге дыбыстық талдау жасату./
Ұлан, ұшақ, жұмбақ, құрақ.

10/. Сурет бойынша сөз құра.

11/. Семантикалық картамен жұмыс сөздердің дыбыс, әріп сандарын анықтап кестеге қосу белгісін қояды. ( слайдта көрсетілген)

12/. Сандық ребустарды шешу.

• Қорытынды: - Ұ дауысты дыбыс?
- Сөздің басында, ортасында кездеседі.

Изгалиева Гульмира Жуныскановна

Слайдын жүктеу
6 844
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Бекова Жамила Асанқызы
Ғ дыбысы мен әрпі
Ғ дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Юбилейный ауылы, Госплемстанция негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сансызбаева Лунара Бауыржанқызы
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×