Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық

02 маусым 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
Мақсаты: Оқушыларды қозғалыс денелерінің шамалары
жылдамдық, уақыт, қашықтықпен таныстырып, қозғалысқа берілген есептерді құрастыру және шығаруды үйрету.
Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалану дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сілтеме: 3 сынып математика оқулығы, 118 - 120 бет
Күтілетін нәтиже: - Қозғалыс есептері туралы мағлұмат алады;
- Өз ойларын еркін жеткізуге тырысады;
- Шығармашылық тапсырмалар арқылы ой - қиялдары дамиды;
- Топпен жұмыс істеуге үйренеді.
Міндеттер: - пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру;
- есепке сәйкес сызба сала білу дағдыларын қалыптастыру;
- жарыс арқылы тез дұрыс есептеуге үйрету;
- ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын материалдар: Таныстырылым, кесте, формула
Оқыту әдістері: топпен жұмыс, ой қозғау, сұрақ – жауап
Тапсырмалар: Топтық, диалог

Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал туғызу «Оркестр» жаттығуы
Топқа бөлу 1 - топ - «Жылдамдық»
2 - топ - «Уақыт»
3 - топ - «Қашықтық»
Үй жұмысын тексеру 117 бет, №6
Жаңа сабаққа мақсат қою
«Ой қозғау» стратегиясы
Қозғалыста болатын қандай денені білесің?
(машина, мотоцикл, адам, жануар, құс)
Қозғалыста болмайтын ше? (заттар, тамақ, құрал т. с.)
Қозғалыстағы дене қандай бағытта болуы мүмкін?
Мысал келтір (әр оқушының өздеріне көрсетуге болады).

Ойланайық, пікірлесейік
Сурет бойынша жаңа сабақты жетекші сұрақтар арқылы түсіндіру.
- Балалар, назарларыңды мына суретке аударыңдар.
- Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Трактор қозғалыста ма? Оны неден байқадыңдар?
- Жүк машина ше?
- Ал адам ше?
- Енді келесі суретке назар аударыңдар.
- Бұл суреттен не байқадық?
- Трактордың, жүк машинаның, жаяу адамның қозғалысы жайында не айтуға болады?
- Олардың бір сағатта бара алатын қашықтықтары бірдей бола ма, әлде әр түрлі бола ма?
- Неліктен? Қайсысы басқаларынан баяу, қайсысы жылдам қозғалады?
- Балалар енді №2 келесі есепке назар аударайық.
Сонымен балалар, қозғалыс денелері жылдамдық, уақыт, қашықтықпен белгіленеді

Атырау қаласы,
Жалпы білім беретін №37 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Рысқалиева Сабила Мұратқалиқызы

Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық. жүктеу
2 836
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты емес қозғалыс. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Қашықтықты табуға берілген есептерді шығаруға, есепке сызба құруға үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.
Бір – біріне қарама – қарсы қозғалыс. (жақындау жылдамдығы)
Бір – біріне қарама – қарсы қозғалыс. (жақындау жылдамдығы)
Оқушыларға жылдамдық, уақыт, қашықтық туралы түсінік беру. Олардың қатынасына байланысты есептеу түрімен таныстыру. Қозғалысқа байланысты есептерді шығару жолдарын үйрету.
Қашықтық, жылдамдық, уақыт
Қашықтық, жылдамдық, уақыт
Жылдамдық өлшем бірліктерімен таныстыру, уақыт қашықтық өлшем бірліктерін пысықтау, оларды есеп шығаруда пайдалануға үйрету. Жылдамдық пен уақыт белгілі болған жағдайда қашықтықты табуды үйрену.
Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
Теміртау қаласы, №17 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Зиядина Айдана Манненқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×