Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үшбұрыштың ауданы

17 қазан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың ауданы
Білімділік: Үшбұрыштың ауданын есептейтін формулаларды пайдалану, ол формулаларды есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру, тақырып бойынша алған білімдерін тереңдете түсу;
Дамытушылық: Үшбұрыштың ауданын есептеуге және элементтерін табуға арналған есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық ізденісін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету;
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, патриоттыққа, ұлтжандылыққа, қиындықты жеңе білуге, шапшаңдылыққа, ізденімпаздылыққа, тиянақтылыққа, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қайталау, жинақтау, есептер шығару
Сабақтың әдісі: Топтық, жеке жұмыстар, ойын, шығармашылық.
Сабақтың түрі: қайталау, пысықтау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, парақшалар

Сабақ құрылымы:
I. Ұйымдастыру
II. Үй жұмысын тексеру.
III. «Сый табақ»
IV. «Абажур» стратегиясы
V. ШАШЫЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЖИНАҚТА
VI. Сергіту сәті «Домино»
VII. Оқулықпен жұмыс
VIII. Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма
IX. ҚорытындылаСабақ барысы:

І. Мотивациялық кезең: оқушыларды түгендеу, сабаққа ынталандыру
Үшбұрыштың түрлерін пайдалану арқылы сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.
І топ: «Тікбұрышты үшбұрыш» тобы
ІІ топ: «Теңбүйірлі үшбұрыш» тобы
ІІІ топ: «Теңқабырғалы үшбұрыш» тобы
Мұғалім:
Балалар, әрбір оқушы мына алақанның әр саусағына өз тобындағы оқушыға бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеп өз тілегін жазсын. Топ басшылары алақанның ортасына жазсын. Осындай жақсы тілек тілеп бүгінгі ашық сабағымызды осындай көтеріңкі көңіл - күймен бастайық. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№272 Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері а=1, 6см, в=4, 5см. Үшбұрыштың ауданын табу керек.

ІІІ. «Сый табақ»
Балалар уйге қонақ келсе үй иесі қандай әрекеттер жасайды?
А) Төрге шығарамыз
Ә) Дастарханға шақырамыз
Б) Ет асып, табақ тартамыз
Қазір біз мына келген қонақтарға «табақ тарату» рәсімін жасайық.
Әр топқа табақ таратамын, ортасында «Үшбұрыш» сөзін жазамыз. Ал шетіне осы үшбұрыш туралы не білеміз, анықтамасын, қасиеттерін, үшбұрыш туралы теореманы да жазуға болады. 5 минут уақыт беріледі. Бастаймыз.
IV. Үшбұрыштың ауданының формуласы
«АБАЖУР» стратегиясы
Балалар мен сендерге әр топқа түсті қағаз таратамын. Сол қағазды 4 ке бүктеп әр бөлігіне үшбұрыштың ауданының формуласын жазамыз. Керек кезде формуланы пайдалануға болады. Сендерге 3 минут уақыт беріледі. Бастаймыз.
V. «Шашылған ережелерді жинақта...»
Бірінші бағанда ереженің басы жазылған, екінші бағаннан ереженің соңын табу керек.
VI «Сергіту сәті»
VI «Домино»
Балалар домино ойынын білеміз бе? Әр топқа домино құрастыруға тапсырма беріледі. Бұл қандай да бір сөйлем жасырылған сол сөйлемді табамыз.
І ТОП: «Ел бірлігі жылы - Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы»
ІІТОП: «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз»
М. Әуезов
ІІІ ТОП: «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» Қазақ хандығының 550 жылдығы
4 ТОП: «Ешкімде ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалмайды» ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 жылдығы

«Үшағаш негізгі орта мектебі» КММ
Математика пәнінің мұғалімі
Кайдарова Света Хасанқызы
6 020
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үшбұрыштың ауданы тақырыбына есептер шығару (ашық сабақ)
Үшбұрыштың ауданы тақырыбына есептер шығару (ашық сабақ)
Үшбұрыштың ауданын есептейтін формулалаларды пайдалану, ол формулаларды есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру, тақырып бойынш аалған білімдерін тереңдете түсу;
Үшбұрыштың ауданы
Үшбұрыштың ауданы
Үшбұрыштың ауданын табуды үйрету.
Үшбұрыштың ауданы
Үшбұрыштың ауданы
Үшбұрыштың ауданын табуды үйрету. Үшбұрыштың ауданын табу формуласымен таныстыру және есептер шығаруда қолдануды үйрену. Сыни тұрғыдан ойлау балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға
Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі
Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі
Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуге көрсетілген формулаларды кері тәртіпте қолдана білу қабілетін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық ізденісін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету;
Үшбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Үшбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Атырау қаласы, №10 Сәбит Мұқанов атындағы орта мектеп математика пәні мұғалімі Унайжанова Аршан Закарияқызы
Тест. Геометрия 8 сынып
Тест. Геометрия 8 сынып
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылы, №82 орта мектептің математика пәні мұғалімі: Сейтжанова Гүлбану
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×