Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз таптарын қайталау

06 ақпан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 - сынып
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз таптары туралы білімдерін, ұғымдарын қайталау, бекіту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ойын кезінде бір – бірін сыйлауға, білімге деген саналы көзқараста тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызша, жазбаша тілін, сөздік қорын дамыту.
Көрнекілік: слайд, «Алтын қақпа» моделі
Түрі: ойын
Әдісі: Сұрақ – жауап, өздік, модульдік сызба.
Пән аралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру
Бүгін, бізде қайталау сабағы. Мақсатымыз сөз таптарын қайталау, білімдерімізді бекіту
«Шаттық шеңбері»
Орнымыздан тұрайық, бір – біріміздің қолымыздан ұстайық.
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен,
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
- Мұғалім: Балалар бүгін біз ертегі еліне саяхатқа шығамыз.
Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде «Қазақ тілі» елінің шаһарында бір патша өмір сүріпті, оның біз білетін 4 ұлы болыпты, соған саяхаттап қонаққа барып қайтайық.
Көріп тұрғандарындай мынау «Тас қақпа» қақпа сиқырлы, ашылу үшін мына тапсырманы орындауларын керек.
- Шаһар патшасының аты кім?
- Оның 4 ұлының аты кім екенін анықтау?
- Балалар кез келген заттың несін білеміз?
- Аты, саны, сыны, қимылы
Сурет көрсету
- Мынау не?
- Алма
- Алма деген сөз заттың несі?
- Аты
- Алма нешеу?
- біреу
- Дәмі қандай?
- Тәтті
- Алманы не істейді?
- Жейді.

- Бір сөзбен не деп айтамыз?
- Сөз таптары
- Ендеше шаһардың патшасының аты кім екен?
- Сөз таптары
- Біз білетін ұлдарының аты кім екен?
- Зат е, сан е, сын е, етістік
Дұрыс балалар сендер «Тас қақпаның» тапсырмасын дұрыс орындадыңдар есігін ашайық.
- Қараңдаршы, қандай қақпа тұр?
- «Күміс қақпа»
- Енді бұл қақпаны ашуымыз керек, ол үшін мына сөйлемнің ішінен сөз табын табуымыз керек.
- Дұрыс орындасақ атаның 4 ұлдары жайлы көп біле түсеміз, келесі қақпаға өтеміз.
- Бір оқушы мысалды оқиды.
- Ішінен сөз табын табады.
Тоқтар – тұңғыш ғарышкер
Тоқтар – кім? Зат есім, Жалқы есім, негізгі, жекеше.
тұңғыш – қандай? Сын есім

- Балалар сендер өз білімдеріңмен «Күміс қақпаны» аштыңдар.
- Ал қақпа ашылғанша көркем жазу дәптерлеріңді ашып үш жол жазамыз.
Сергіту сәті

IV. Бекіту:
Міне балалар «Алтын қақпаға» жеттік
Мақсатымыз бүгінгі сабағымызды бекіту. Кім нені біледі, нені білмеді соны анықтау.
Енді «Алтын қақпаны» ашу үшін мына семантикалық картаны толтырамыз.

Зат есім Сан есім Сын есім Етістік

(Балапан, сынып, келді, қызыл, ащы, отызынша, тәртіпті)
Дәптерге орындаймыз.

V. Қорытынды:
- Міне «Алтын қақпаны» аштық. Не көріп тұрсыңдар?
- «Алтын сандық»
- Ішінде не бар екенін көргілерің келе ме?
- Ашу үшін «Сәйкестендір» ойынын ойнаймыз.
Үлестірмелі тапсырма орындайды.
- Кім бірінші болса сол сандықты ашады.
- Ішінен кішкентай жүрекшелер шығады.
- Балалар мынау «Сөз таптары» патшасының немерелерінен екен. Осыған бір - бір тілек жазайық та, атаға беріп жіберейік.
Балалар тілектерін жазады, сандыққа салады.
- Балалар саяхат ұнады ма?
Үйге тапсырма
Бағалау

Узбеханова Ақмарал Женсханқызы
ШҚО, Жарма ауданы,
Жайма ауылы, Арқалық негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Сөз таптарын қайталау жүктеу
2 032
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегі. Жыл мезгілдері туралы
Ертегі. Жыл мезгілдері туралы
Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі, халқына қалаулы, бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт қыз бар екен
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем және оның түрлері, сөз тіркестері туралы алған білімдерін қайталау. Оқушылардың ой - өрістерін, сөздік қорын, дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық, іскерлік қабілеттерінің белсенділігін дамыту.
Сөз таптарын қайталау
Сөз таптарын қайталау
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Анар станциясы, Анар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хабас Алтынгүл
Сөз таптары
Сөз таптары
Ақтөбе қаласы, № 1орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жумагалиева Роза
Жыл мезгілдері (Ертегі)
Жыл мезгілдері (Ертегі)
Атырау қаласы, Дамбы селосы, Амангелді орта мектебінің 2 «б» сынып оқушысы Зиннор Мерейлі Шығармашылыққа баулыған ұстазы Урбисинова Маржан Кубегенқызы
Сөз таптары
Сөз таптары
Алимжанова Баян Қартабайқызы Қарағанды облыстық мамандандырылған дарында балаларға арналған музыка мектеп - интернаты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×