Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі сан есім

05 наурыз 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Дара және күрделі сан есім
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, дара және күрделі сан есім туралы мәліметтер беру.
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін арттыру, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, әдептілікке,
сауаттылыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап ой қозғау, топтастыру.
Көрнекі - құралдар: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Біз бақытты баламыз
Ойнап күліп, аламыз.
Жетілсін деп санамыз
Оқып білім аламыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
6 - жаттығу (145 бет)
“Көрші” ойыны
Зат есім дегеніміз...
Сын есім дегеніміз...
Сан есім дегеніміз...
Етістік дегеніміз...
Балалар, бәріміз бірігіп санамақты хормен оқып шығайық.
Көңілді санамақ
Баласына ж2ріп,
Ұрсып жатыр к2лік.
2леніп, с2ріп,
Алып қапсыңң 2 лік.
2 ншілей 2ңді
Көрсетпе деп ж2рді.
- Көңілді санамақта қандай құс туралы айтылған?
- Кекілік
- Дұрыс, балалар, құс екеш құс та балалары жаман баға алса, ренжиді екен. Сондықтан бәріміз жақсы баға алуға тырысайық.

ІІІ. Сызбамен жұмыс.
ІV. Оқулықпен жұмыс
7 - жаттығу.
Мен - баласы даланың
Бес жасынан ат жалында ойнаған,
Ақ шабақша Ертіс бойын бойлаған.
Жеті түнде бес жүз қойдың түс - кейпін,
Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін,
Мен - баласы даланың,
Кең далама тартып туған баламын.
Қоянның туған күніне қай аң қандай сыйлық әкелгенін мұқият қарап ал.
Қоянға кім қандай сыйлық әкелгенін табуға көмектес.

V. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу
8 - жаттығу
Сөйлемдердегі сандарды санға айналдырып көшіріп жаз.
Сан есімдердің астын сыз.

Сергіту сәті
9 - жаттығу
Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра.
Он бес, қырық жеті, жүз алпыс бес, бір мың тоғыз жүз тоқсан бір.
“Адасқан әріптер” ойыны
мижыра -
луе есб -
зотығ -
есзгі -
слапы кіе -
10 - жаттығу.
Берілген сан есімдерді сөзбен жаз. Олардың дара немесе күрделі екенін дәлелде. 9, 11, 27, 189, 640
“Тез, әрі жылдам”
Мұз айдында отыз бес бала,
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай он жеті бала
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң жарадың.(17)

Он бір түйе, бес жылқы
Екі сиыр, үш ешкі
Алты қоян, бес түлкі
Таба алмасаң бол күлкі. (32)

Бір - бірімен жарысқан,
Тоғыз аю, үш арыстан.
Жеті қоян, он түлкі,
Бәрі нешеу сен айтшы? (29)
Дара және күрделі сан есім жүктеу
1 880
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, дара және күрделі сын есім туралы мәліметтер беру.
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы дара және күрделі сын есімдерді ажырата білу;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×