Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат – тіршілік аясы

25 мам 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Табиғат – тіршілік аясы
Мақсаты: Оқушыларға табиғат туралы түсінік беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту, туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу.
Көрнекілігі: табиғат суреттері, слайд, түсті қаламдар.
Әдісі: СТО, топтық, жұптық, жеке жұмыстар.
Психологиялық дайындық
Табиғат,
Тіршіліксің тұнып тұрған,
Сен - Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен - Көлсің,
Сен - Ормансың,
Сен - Бұлбұлсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Ой толғаныс
Бейне жазбаға көңіл аударайық.
Оқушылардың пікірін тыңдау.

Қойылым: Табиғат деген не?

1 тапсырма
Құстар тобы
1. Құстар туралы не білеміз?
(құстар сөзіне топтастыру жасау)
Өсімдіктер тобы
1. Өсімдіктер туралы не білеміз?
(өсімдіктер сөзіне топтастыру жасау)
Жануарлар тобы
1. Жануарлар туралы не білеміз?
( жануарлар сөзіне топтастыру жасау)

Ойын: «Егерде....»
Егерде ауа болмаса не болар еді?
Егерде су болмаса не болар еді?
Егерде.... болмаса не болар еді?

2 - тапсырма
Құстар тобы (жұптық жұмыс)
«Мен суда жүзетін ірі құспын. Түрім сұрғылт. Аққудай әдемі болмасам да мойным ұзын, тұмсығым доғал, үшкір емес. Судан керекті азығымды сүзіп жеуге өте икемді. Күз түсіп, күн суытып су бетін, қабыршақ мұз басқанда ғана жылы жаққа кетемін». Мен қандай құспын?

2.«Мен – адамның досымын. Ұямды да үй маңына саламын. Шыбын - шіркейлер аулап жылына 1миллион шыбын - шіркей жеймін» Мен қандай құспын?

2 - тапсырма
Өсімдіктер тобы (жұптық жұмыс)
1. Өсімдіктердің адамдарға, жан - жануарларға пайдасын айт.
2. Біздің ауылымыздың маңында өсетін қандай шөптерді білесің?

3 - тапсырма
Құстар тобы
1. Табиғатқа, құстарға, жан - жануарларға арналған қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Өсімдіктер тобы
1. Табиғатқа, жан - жануарларға байланысты қандай болжам сөздер білесіңдер?
Жануарлар тобы
1. Табиғатқа, жан - жануарларға байланысты айтылған қандай тыйым сөздер білесіңдер?
Табиғат – тіршілік аясы жүктеу
2 620
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктер
Өсімдіктер
Оқушыларға өсімдіктің тіршілік ортасы туралы білімдерін қалыптастыру; өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы түсініктерін кеңейту.
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тірі табиғат және өлі табиғат
Тірі табиғат және өлі табиғат
Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір - бірімен байланысы жайлы мағлұмат беру, танымдық әрекетін шыңдау.
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарамолдаева Мақпал Нұранқызы
Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Мамыкова Гульмира Балтабаевна
Эколог мамандығы
Эколог мамандығы
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйымы тәрбиешісі Кулесова Гүлмира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×