Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


5 саны және цифры

16 шілде 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Тақырыбы: 5 саны және цифры.
Сабақтың мақсаты: 1) 5 саны және цифрымен таныстыру. Көп ұғымынан бесті бөліп алу.
2) Балалардың жан - жақты ойлануын, ізденуін, алған білімдерін одан әрі дамыту.
3) Ұлттық ойынға, пәнге қызығушылығын арттыру, толық жауап беруге, зейінділікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, ойын.
Көрнекілігі: цифрлар, суреттер, түйе суреттері.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, психологиялық дайындық.
II. Жаңа сабақ:
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
- Көктем.
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Күн жылынады, қар еріп суға айналады, жердің бетіне өсімдіктер шығады, құстар ұшып келеді т. б.
Суретпен жұмыс:
- Суретте қанша қарлығаш бар? (Бесеу)
- Сауысқан қанша? (Бесеу)
- Олардың бір - бірінен айырмашылығы неде?
- Қарлығаш кішкентай, сауысқан үлкен құс.
- Сауысқан қыстап қалады. Қарлығаш жыл құсы.
- Қарлығаштың құйрығы айыр. Ол адамның досы, ұясын адамға жақын жерге салады.
5 санға байланысты слайд көрсету.

III. Сергіту сәті:
Қарлығаш боп ұшайық,
Қане қанат жазайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық,

IV. Дәптермен жұмыс:
1) 5 санын көрсету.
2) Таяқшамен 5 санын құрастыру.
3) 5 цифрының жазылуын көрсету.
4) Ауада жазу.
5) Дәптерге үлгі бойынша таяқша салу.
6) 5 санын жазу.

V. Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз.
- Балалар бізге түйенің атасы - «Ойсыл қара» келді. Өзімен бірге бірнеше түйелерді ала келіпті. Осы түйелерді жарысқа қатыстырмақшы.
Түйелер: 5 жасар екен. Түйеге мініп жарысатын балалар 9, 10 жас шамасындағы балалар.
Түйелердің суреттерін тақтаға іліп, сыныпты үш топқа бөліп жарыстыру.

VI. «Түйелер жарысы» ойыны
1. Торкөздегі 5 цифрының санына байланысты бес заттың суретін салу, геометриялық фигуралардың санына қарай тиісті санды қой.
2. Қорапқа 5 жеміс, 5 көкөніс салу.

VII. Қорытындылау:
Тақтада суреттер ілініп тұрады. Әр топтан бір бала шығып, бес заты бар суреттерді жинайды.
Мысалы: 5 сауысқан, 5 қарлығаш, 5 алма т. б.
- Сонымен, балалар, біз қандай санмен таныстық?
- 5 санымен.
Жарыс қорытындысын жасау. Жеңімпаз балаларға сыйлықтар беріледі.
2 145
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл құстары
Жыл құстары
Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Жыл құстары
Жыл құстары
Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстап қалған құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың сыртқы белгілері бойынша ажыратуды үйрету. Табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Үй құстары және дала құстары
Үй құстары және дала құстары
Ұй құстары туралы және дала құстары туралы түсініктерін бекіту. Оларға қамқорлық жасауға, аттарын толық білуге үйрету. Ұй құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрету.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.
6 саны мен цифры
6 саны мен цифры
ШҚО, Аягөз қаласы Қалалық көп салалы қазақ мектеп - гимназиясы Бастауыш класс мұғалімі Садуақасова Гүлназ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×