Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шалқан ертегісі

14 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Шалқан ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру; шалқанға түсінік беру.
Дамытушылық: «Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету.
Ертегіні сахналау арқылы ой – қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Шалқан ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету;
Көрнекіліктері: суреттер, слайд, көрініске керекті сөздер...
Түрі: көрініс
Мұғалім сөзі:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда» атты апталығымызда даярлық тобының ертегілер еліне қош келдіңіздер! Бүгінгі сахналайтын ертегіміз «Шалқан ертегісі». Шалқан ертегісі орыс ертегісі.
Ертегінің негізінен көптеген түрлері бар.
1. Қиял – ғажайып ертегі
2. Шыншыл ертегі
3. Жан – жануарлар ертегісі
4. Тұрмыс – салт ертегісі

Шалқан ертегісі тұрмыс – салт ертегісіне жатады екен.
Шалқан орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс.
Шалқанның түсі ақ немесе сары болады. Шалқанның құрамында ағзамызға қажетті дәрумендер бар. Емдік қасиеті бар. Сонымен қатар шаш күтіміне де пайдалы. Шалқанның жапырағын қайнатып, шашты жуса шашың түспейді, майланбайды. Пайдасы көп.

Шалқан ертегісінің сахналық қойылымын тамашалаңыздар.

Атай шалқан егіпті. Шалқан үйдей болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, шалқалай тартады. Олар тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.
Атай әжейді шақырады. Әжей немере қызын шақырады. Немере қызы әжейдің белінен ұстайды. Атай шалқанның желегінен ұстайды. Олар тартқылайды, былай тартқылайды, тартып суыра алмайды. Немересі күшігін шақырады.
Күшік мысықты шақырады. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желінен ұстайды, олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.
Мысық тышқанды шақырады, тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желінен ұстайды, қатты тартып қалғанда, шалқанды суырып алыпты.

Баяғыда бір үйде,
Шал мен кемпір болыпты.
Тірліктеріне өмірде,
Көңілдері толыпты.

Бір күні шал аулаға,
Шалқан дәнін егіпті.
Шалқан қашан піскенше,
Маңдай терін төгіпті.
Шалқан әбден піскесін,
Шал келеді жұлуға.
Арлы - берлі тартқылап,
Жұла алмасын біледі.

Шақырады көмекке,
Үйде жүрген кемпірін,
Екеуі жұлып – ала алмай,
Шаршап қалды ентігіп.

Шақырады тағы да,
Немересін үйдегі
Үшеулеп жүріп тартса да,
Шықпайды шалқан түйнегі.

Үшеуі жүріп ойланып,
Шақырады күшігін
Жабылғанмен қолға алып
Жетпестерін білді күшінің.

Төртеуі тартып ары - бері,
Шаршады әбден терледі.
Мысығы келді көмекке,
Онда да әлдері келмеді.

Не істеу керек деп,
Отырып бәрі ойланды.
Көмекке енді келетін
Үйде енді кім қалды?

Үйлерінде тышқаннан,
Басқа ешкім жоқ еді.
Шақырғасын тышқанды
Көмекке ол да келеді.

Шалы барып шалқанның,
Сабағынан ұстайды.
Бір - біріне жалғасып,
Күштерін жиып нықтайды.

Жабылып бәрі тартады,
Күштері енді артады.
Бірлесіп тартып қалады
Шалқанды жұлып алады.

Көрдіңдер ме, балалар,
Ауызбіршіліктің не екенін
«Жұмыла көтерсе жүк жеңіл»
Мақсатыңа жетерсің.
Ән: Ертегілер еліне
26 944
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі.
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау. Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеті мен жүріс тұрыстарын қызығушылықтарын қалыптастыру
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
«Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы ой - қиялын дамыту. «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
- Балалар, қараңдаршы қарлығаш өзімен бірге көптеген суреттер әкеліпті. Қанекей көрейік, қандай суреттер бар екен? - Пияз, орамжапырақ, шалқан, сарымсақ. - Балалар мұның бәрін бір сөзбен «көкөністер» деп айтамыз.
«Шалқан» ертегісі
«Шалқан» ертегісі
Аякөз қаласы, №4 жалпы аралас орта мектеп ішіндегі кіші кешен тәрбиешісі Абдинова Назым Даутовна
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жылтыр селосы, «Балбөбек» балабақшасы Қожабергенова Игілік Рыскелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×