Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Септіктер

25 наурыз 2012, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау. Септіктер. Жатыс септік
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгерту. Жатыс септіктегінің сұрақтары мен жалғаулары туралы білімдерін тиянақтап, бағалау.
2. Дамытушылық. Балалардың таным қабілеттерін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін дамыту.
3. Тәрбиелік. Дәптермен жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу, білетінін дәлелдей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, алдын – ала дайындалған флипчарт.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу.
- Балалар бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отыр. Олар - ұстаздар. Ендеше келген қонақтарға білімімізді көрсетейік.
Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дана тілім.- дей отырып қазақ тілі сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
57 – жаттығу (Флипчартта оқушылар сөздердің астын сызады)
1 - флипчарт

ІІІ. Жаңа сабақ
1 - тапсырма.(Оқушылар интерактивті тақтада дайындалған флипчартта қалам арқылы сөздерді тиісті орнына орналастырады)
2 - флипчарт

2 - тапсырма. Дәптермен жұмыс
3 - флипчарт
3 - тапсырма. Төмендегі сөздерді орнына қой. (Флипчартта орындалады)
4 - флипчарт
Атау әже шебер қобыз
Ілік --- әженің, қобыздың, шебердің
Барыс ---- әжеге, шеберге, қобызға
Табыс ---- әжені, қобызды шеберді
Жатыс --- әжеде, қобызда шеберде

4 - тапсырма. Оқушылар берілген сөздерді флипчартта қалам арқылы жатыс септігіне қойып жазады.
5 - флипчарт

5 - тапсырма. Оқушылар флипчартта қалам арқылы түсіп қалған сөздерді жазады.
6 - флипчарт

ІV. Бекіту (Оқушылар түс таңдайды, түстердің астындағы сұрақтарға жауап береді.)

V. Бағалау
“Төрт” дегенің - жақсы баға
Алады оны жақсы бала.
“Бес” дегенің - үздік баға
Оқитын бол үздік қана.

VI. Үй тапсырмасы
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық
Септіктен алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық

63 - жаттығу. Ережелерді қайталау.
11 109
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жатыс септік
Жатыс септік
Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау. Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Жатыс септік
Жатыс септік
Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгеру. Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, белсенділігін арттыру, ойлау жүйесін дамыту.
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Бастауыш сынып мұғалімі Кусикбаева Света
Барыс септігі
Барыс септігі
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы. Бастауыш сынып мұғалімі Мейзбекова Айнур Мергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×