Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дауыссыз дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуы

17 мам 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуы. (презентациясымен)

Елтаңба 78 - 79 жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміз - дері және олардың бейнелік мағыналары туралы мағлұматтарын толықтыра түсу, жуан және жіңішке дауыстыларды қайталай отырып, дауыссыз дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуын меңгерту.

2. Рәміз авторларымен таныстыра отырып, ұлтжандылық сезімдегі өлеңдерді ұлттық нақышпен, көркем тілде айта білуге жаттықтыру, сауатты сөйлеуге, жазуға баулу.

3. Оқушылардың бойында ұлтжандылық сезімді қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне зор құрметпен қарауға, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері, олардың авторлары, тақырыпқа сай суреттер, интербелсенді тақта, кесте, кеспе қағаздар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, топтау, проблемалық ізденушілік.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы: 1. Психологиялық дайындық
«1» дегенім – жаман баға
Алады оны жаман бала
«2» дегенім – нашар баға
Інішегім нашарлама
«3» дегенім – орта баға
Алады оны орта ғана
«4» дегенім – жақсы баға
Алады оны жақсы бала
«5» дегенім – үздік баға
Оқитын бол үздік қана!

2. Үй тапсырмасы
а) «Қазақстан картасы» Е. Өтетілеуов
ә) «Біздің ту» Ж. Молдағалиев
б) Тасымалданбайтын сөздер (ереже)
в) Үй тапсырмасын қорытуға тест жұмысы

1. Тары өсіретін облыс
а) Ақтөбе
ә) Алматы
б) Жамбыл
2. Мұнай алынатын жер
а) Алматы
ә) Атырау
б) Өскемен
3. Ыстық, мақталы өлке
а) Ақмола
ә) Семей
б) Шымкент
4. Тасымалдауға болмайтын сөздер
а) ат, а – на
ә) қа – сық
б) қо - ян
5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы
а) Ш. Ниязбеков ә) Ж. Молдағалиев б) Е. Өтетілеуов
6. Тудың көлемі
а) ұзындығы 2м, ені 1м
ә) ұзындығы 1м, ені 2м
б) ұзындығы 3м, ені 2м
3. Сергіту жаттығуы

4. Жаңа сабақ. Кіріспе
Үнтаспадан «Еркіндігім – Елтаңбам» өлеңін тыңдату
- Міне, балалар, біз жаңа ғана үнтаспадан Елтаңба туралы өлеңді тыңдадық, бүгінгі сабақта Т.Молдағалиевтің «Елтаңба» өлеңімен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс
а) Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы, түсіндіруі
ә) Балалардың тізбектеле оқуы
- Ал енді балалар, дауысты дыбыстар неше топқа бөлінуші еді есімізге түсірейікші.
-.......
- Жуан дауысты дыбыстарды атайықшы
-.......
- Құрамында осы дауысты дыбыстары бар сөздер қалай аталады?
Жіңішке дауыстылар ше?
-.....
- Құрамында жіңішке дауысты дыбысы бар сөздер қалай аталады?
-......
- Ал біздің бүгінгі сабағымыз «Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы» деп аталады. Соның ішінде дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуына тоқталамыз. Слайд
Сөзден дауысты дыбыстар жуан болса, ондағы дауыссыз дыбыстар да жуан болып айтылады: дала, тазалық, домбыра
Қол моторикасымен жұмыс

Сөздік диктант
Жаға, дала, бұлт, ұсақ, ұшқыш, сабын, отар, шопан.

Оқулықпен жұмыс.
78 - жаттығу. Слайд. Арғымақ
Даладағы ат қандай!
Шалғын шөпке белшесінен батқандай!
Құйғытсам бір
Дала
Қала
Болады - ау,
Көз алдымда аунап бара жатқандай.

а) Өлеңде аттың сұлулығы, қатты шабатыны, жазғы дала (талдау)
ә) Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуын атау
б) Өлең авторы Олжас Сүлейменов туралы

Шығармашылық жұмыс
Балалардың өз бетінше дауыссыз дыбыстары жуан айтылған 10 сөз ойлап тауып жазу.
5. Сабақты қорыту: а) сәйкестендіру тесті
Дыбыс а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, и, у, ю, я, ё, э
Жуан дауыстылар б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у)
Әріп айтамыз, естиміз
Жіңішке дауыстылар а, о, ұ, ы
Дауыссыз дыбыстар Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады
от, а - та
а – ә, о – ө, ы – і, ұ – ү жазамыз, көреміз
Қа - йың, са - уық, же - ңіл Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады
Дәптер, терезе, күрек, киік ә, е, ө, ү, і

Буын Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң қысқа сызықша (дефис) қойылады:
кө - гершін, көгер - шін
Тасымал Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, сөз жіңішке айтылады.
Қозы, лақ, бұзау, құлын Қазақ алфавитінде 42әріп бар. Әріптердің орналасу тәртібін алфавит дейміз.
Алфавит жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Олар өзара ұқсас дыбысталады.
Дауысты дыбыстар й, у, ң екі дауыстының ортасында келсе, екінші буынның басында айтылады

ә) сөзжұмбақты шешу
1) Нашар оқушы алатын баға
2) Қосу амалының компоненті
3) Адамды қоршаған орта
4) дауысты дыбыс түрі
5) Салыстыруда қойылатын таңба
6) Шағын қоғам
7) Жазу жолына сыймаған сөзді буынға бөліп жазу

б) слайд
Елтаңба – өжеттік, өрліктің белгісі.
Елтаңба – тәуекел, ерліктің белгісі.
Елтаңба – кемелдік, кеңдіктің белгісі.
Елтаңба – өзге елмен теңдіктің белгісі.
Елтаңба – өзгемен елдіктің белгісі.

6. Үйге тапсырма
а) «Елтаңба» өлеңін мәнерлеп оқу
ә) 79 - жаттығу
7. Бағалау (мадақтаулар, ескертулер)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 039
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Қысқа мерзімді жоспар. Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 2 - сағат
Қазақ тілінен ережелер
Қазақ тілінен ережелер
Қазақ тілінен ережелер. Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Фонетика Дыбыстар
Фонетика Дыбыстар
Қазақ тілінен тест сұрақтары жауабымен. Фонетика. Дауысты дыбыстар
Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бегасилова Меизкуль Туленовна
Дауыссыз дыбыстың жуан айтылуы
Дауыссыз дыбыстың жуан айтылуы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл орта мектебіінің бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×