Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім және оның түрлері

30 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
4 - сынып қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Сын есім және оның түрлері
451 - 455 жаттығулар
Сабақтың мақсаты: Сын есімнің мағыналық, құрамдық түрлерін, белгілері мен ерекшеліктерін оқушы жадында жаңғырта қайталай отырып, сын есім және оның түрлері туралы білімдерін тереңдету. Білімдерін ортаға салу, белсенді сөздік қорын молайту. Сыныптасының білімін тыңдай білуге, бағалай білуге үйрету. Сауаттылыққа баулу, әдемі жазуға машықтандыру.
тәрбиелік мәні: көпшіл, кішіпейіл, ынтымақшыл болуға, адамгершілікке, шапшаңдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
дамытушылығы: танымдық түсініктерін одан әрі тереңдету, оқушының ой ұшқырлығын, есте сақтау, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
сабақтың түрі: модульдік оқыту технологиясы бойынша «Қарлы кесек»
ойыны түрінде.
пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.
көрнекілігі: бағыттау парағы, жетондар, топ белгілері, суреттер, оқулық.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Психологиялық дайындық.
Қазақ тілі - өз жұлдызың көктегі
Қазақ тілі – көгіңдегі шамшырақ
Қазақ тілі - өмірің де, өлең де,
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге
Қазақ тілі – болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге
Міне, балалар ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі – туған тілімізді әлемге танытатын сендерсіңдер. Бүгінгі сабақта 3 топқа бөлініп «А» тобы, «В» тобы, «С» тобы бойынша жарыса отырып, білімдерімізді ортаға саламыз. Сабақ «Қарлы есек» ойыны түрінде өтеді. Топ басшысын сайлап аламыз.

II. Үйге қандай тапсырма берілді? Үй тапсырмасын тексеру.
Әр топтың жетекшісі тапсырмаларын алады.
А тобы
В тобы
С тобы

I кезең «А» тобы
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Сын есімнің негізгі белгілері қандай?
3. Сын есімнің түрлерін ата. Туынды сын есім дегеніміз не?
4. Бір мақал айт.
5. Негізгі сын есім дегеніміз не?
6. Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай дегеніміз не?

«В» тобы
1. Дара сын есім дегеніміз не?
2. Күшейтпелі шырай дегеніміз не?
3. Сурет (алма) бойынша не айта аласың?
4. Күрделі сын есім дегеніміз не?
5. Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?
«С» тобы
1. Күрделі сын есім қатыстырып бір сөйлем айт?
2. Сын есім түрлеріне 5 сөз ойлап тап.
3. Асырмалы шырай дегеніміз не?
4. Бір мақал айт.
5. Сапалық, қатыстық сын есім туралы не білесің?
6. Бір жұмбақ айт.
Бір - біріне көмектеседі, пікір алысады. Дайындалады. Топ басшысы жауаптарын тыңдап, жетондарын беріп отырады.
II кезең. Жүру парақшасы бойынша өзіне тиісті үстелдерге барып отырады.
II кезең басталады. Топ басшылары тапсырмаларын алады.
Оқулықпен жұмыс.

Көркем жазу. Әр топ фонетикалық талдау жасайды.
қызыл, өнерлі, қалың - жұқа.
«А» тобы
453 - жаттығу. Дара сын есімдерден күрделі сын есім жаса. Күрделі сын есімді
қатыстырып сөйлем құрап жаз.
455 - жаттығу. 1 - 2 сөйлемді оқып, ауызша талдау.

«В» тобы
452 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз. Олардың
екінші сыңарларына назар аудар. (тақтада)
455 - жаттығу. 3 - 4 - 5 сөйлемді оқып, ауызша талдау.
«С» тобы
454 - жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Күрделі сын есімнің астын сыз.
455 - жаттығу. 6 - сөйлемді оқып, ауызша талдау.
Сергіту сәті. Ең... Ең... Ең... ойыны

III кезең
«А» тобы. Сын есімді қатыстырып ойларыңнан сөйлем құраңыз. Топ мүшелері сын есімді қатыстырып сөйлем ойлап айтады.
Ауызша талдайды.
«В» тобы. Мәтін, өлең құрастырып сын есімді тап.
1. Сурет бойынша сөйлем құрастыр.
2. Құм және саз сөздерін қатыстырып мәтін құрастыр.
3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, өлең құрастыр.
....... сыйлаймын
....... тыңдаймын
....... аламын
....... баламын
4. Күн суреті. Сипатта
5. Қарсы мәндес сын есім

«С» тобы
1. Сурет бойынша мәтін құрастыру.
2. Бір сын есім ойлап, оны орысша, ағылшынша айт.
3. Жаңылтпаш айт.
4. Қатыстық сын есімге сөз ойла.
5. Қандай шешендік сөз білесің?

III Сабақты қорыту.
Топтастыру стратегиясы: Не үйрендік, не білдік?
1. Әр топтың ұпайларын есептеп, бағалау.
2. Жеке оқушылардың ұпайлары бойынша бағалау.
IV. Үйге: Сын есім және оның түрлерін қайталау.
14 202
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлерін біледі, сөйлем ішінен таба алады.
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері туралы мағлұмат бере отырып, ұқсас қосымшаларды, бір - бірінен ерекшелігін ажырата білуге үйрету. Танымдық қызығушылықтарын ояту.
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлерін таныстыру, есептік және реттік сан есімдерді бір – бірінен ажыра білуге үйрету, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру.
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×