Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Ту

10 желтоқсан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Ту
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, Қазақстан Республикасының рәміздері Ту туралы түсініктерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Ой - өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, талдау - жинақтау
Көрнекілігі: Слайдтар, ҚР Рәміздерінің авторларының портреттері
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі
Күтілетін болжам: Еліміздің мемлекеттік рәміздері Ту туралы қосымша мәліметтер алады, түсініктері кеңейеді.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу.
Ана тілін құрметте,
Ар - ұятты кірлетпе.
Жақсыларға жақ болып,
Жамандықты үлгі етпе.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
«Менің сүйікті қалам» тақырыбына шығарма жазу.
Шығарманы оқу, талдау, сұрақтармен қорытындылау.
Сергіту сәті:
Дөңгеленіп тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңырақты құрамыз.
- Бұл аталғандар рәміздердің қайсысында кездеседі?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, оқушыларды 3 топқа бөлу.
1 - топ: Қыран
2 - топ: Алтын күн
3 - топ: Көк аспан

ІҮ. Жаңа сабақ:
Әнұран орындалады.
1. Қазақстан елінің рәміздері жайлы балалардың білетінін пысықтау. 2. Оқулықпен жұмыс: мәтінді мәнерлеп оқу, түсіндіру, Ту туралы қосымша түсініктер беру.
Ту (ағылш. flag) — арнайы түстері бар белгілі бір геометриялық пішінге ие мата. Әдетте тулар флагшток арқылы көтеріледі. Мемлекеттік ту мемлекеттік рәміз болып табылады. Мемлекеттіктен басқа көптеген елдерде әскери және коммерциялық тулар бар.
Туларды зерттеумен айналысатын ғылым саласы вексиллология (лат. vexillum — «ту», «байрақ») деп аталады.

Ту найза немесе басқаша бейнелер түріндегі металл ұштығы бар ағашқа бекітілген белгілі бір өлшем мен матадан тұрады. Ту жауынгерлердің жиналуы мен бірігуі үшін алыстан жақсы көрінетін белгі ретінде ежелгі Таяу Шығыс, Үндістан, Қытай, т. б. елдерде биік сырыққа орнатылған қандай да бір бейнелер түрінде пайда болған.

Шайқаста Туынан айрылған жасақтар таратылды. Шайқас кезінде дұшпан Туларын қолға түсіргені үшін жауынгерлерге ерекше марапаттар жасалды. Көшпелі халықтарда да (сақ - скифтер, ғұндар, түркілер, т. б.) Туды жауынгерлік рухтың белгісі ретінде ерекше құрметтеген. Ту үлкен матадан түсті желек түрінде жасалып, найзаның сабына байланып көтерілген. Жауынгерлерге күш беріп қорғау үшін оған киелі белгілер (жыртқыш аңдар мен айдаһардың басы, кейіннен Ай, Құран аяттары) салынды. Ту әскердің киесі саналғандықтан, шайқас кезінде оны ұстау ең батыр адамдарға тапсырылған. Ту желбіреп тұрса әскер жеңіске жетеді, ол құласа жеңіледі деген ырым болған. Қазақ қоғамында ханның Туынан басқа, белгілі қолбасыларға да Ту тапсырылған. Мысалы, Абылай хан заманында Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т. б. әйгілі батырлардың өз Туы болды. Ол Тулар кейіннен сол батырдың ұрпақтарында қалып, кие тұтылды. Ауру - кеселден, жамандықтан қорғайды деп қастерленді. Соғыс кезінде Тудан айырылған жағдайда бөлім командирі мен тікелей кінәлілер әскери трибуналмен сотталып, әскери бөлім таратылады. Тудан айрылу өліммен бірдей болған.

Мемлекеттік Ту тігілетін немесе орнатылатын жерлер де заңда көрсетілген. Олардың қатарында Елбасы резиденциясы, Парламент пен Үкіметтің министрліктері мен өзге де орталық атқарушы органдардың Елбасына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың Конституциялық кеңестің, Жоғарғы сот және басқа да соттардың, Бас прокуратураның, Ұлттық ғылым академиясының, мәслихаттар мен жергілікті органдардың ғимараттары бар. Олардың бәрінде де Мемлекеттік Ту ұдайы желбіреп тұруға тиісті. Дүниеге келген нәрестелер және некені салтанатты түрде тіркейтін орын - жайларда да Мемлекеттік Ту ұдайы ел назарында тұруы керек.
1. Мәтінді жүгіртіп оқу.
2. Оқушылардан Ту туралы білетіндерін сұрау.
3. ҚР Рәміздері туралы жаттап келген өлеңдерін сұрау.
4. «Егер мен Президент болсам...»тақырыбына қысқаша әңгіме жазу.
5. Сұрақ - жауап:
- Мемлекеттік Тудың авторы кім?
- Мемлекеттік Әнұранның авторлары кімдер?
- ҚР - ның рәміздері қашан қабылданды?
- ҚР - ның тәуелсіздігі қашан жарияланды?
- Вексиллология деген не?
- Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен ені қандай?
- ҚР Конституциясы қашан қабылданды?
- Қазақстанда қанша облыс бар?
- 2011жылы елімізде қандай айтулы мереке тойланды? т. б.

ҮІ. Сабақты қорыту:
- Мемлекетіміздің рәміздерін ата.
Қазақстан рәміздері - елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші.
Ән ұран, көгілдір Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу 83 - 85 беттер, 1 шумақ өлең жазып келу, Тудың суретін салу.
Бағалау: Ұтқан топты марапаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 341
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Ел рәміздері
Ел рәміздері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Агисбаева Жансулу Бигалиевна
Қазақстан - Республикам менің
Қазақстан - Республикам менің
ШҚО, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш класс мұғалімі Нысанбаева Венера Кошербаевна
Рәміздерім, мақтанышым!
Рәміздерім, мақтанышым!
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің мұғалімі: Берикова Бақытгүл
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа гимн қабылданды.
Рәміздер - ұлттық мақтанышымыз
Рәміздер - ұлттық мақтанышымыз
Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×