Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу

30 сәуір 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ
Шығармашылық тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу

Мақсаты: Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып білімді, жаңашыл, бәсекеге қабілетті, ұшқыр ойлы, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Шығармашылық бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың яғни бүкіл тіршілік көзі.
Мектептегі үздік бітірген мыңдаған оқушының өмірмен бетпе-бет келгенде икемсіз, дәрменсіз болып шығатын кездері аз болмайды. Сондықтан оқушының шығармашылық мүмкіндігін ашуды, оған бағыт-бағдар берудің қыр-сырын, оқыту жүйесіндегі мәнін, орнын, заңдылықтарын, жолдарын сөз етпекпіз.
Шығармашылықтың түрлері көп. Алайда біздің нысанамыз сөз өнері адамның шексіз мүмкіндігін ашу қасиетімен құдіретті.

Қазіргі таңда мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін-өзі қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Ендеше ертеңгі күні қазақ мектебін бітірген жас ұлан қоғам алдында дәрменсіздік көрсетпеу үшін мамандықтың кез-келген саласына қажетті білік дағдыны мектептен алып шығуы керек. Ал білім негізі бастауыштан қаланады.

Шығармашылық процестің 3 сатысы бар.
- Бірінші сатысы жаңаны, өзгеше тың дүниені сезе білу, шығармашылық ой талдауға бейімділік, танымдық қызығушылық.
- Екінші сатысы интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы, батылдық.
- Үшінші сатысы өзіндік сын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу.
Міне осыған байланысты қазіргі таңда ғалымдар мен психологтар мұғалімдерге баланың білімін ғана көтеріп қоймай жеке шығармашылық баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екенін айтады:

- төменгі сынып оқушылары небір дүниені қиялында қиыстыра алғанымен олардың қиялы тұрақтап, бір образды сюжетті ұстап тұра алмайды, алдын ала ой, идея, мақсат тумайды. Ой-қиял тұрақсыз болғандықтан, оны әрбір тапсырма міндет төңірегінде тұрақтандыру өте қиын. Мұғалімнің міндеті баланың қиялын, ойын белгілі мақсатқа бағыттай білу. Сонда ғана керемет образ тууы мүмкін;
- төменгі сынып оқушылары шығармашылыққа өте белсенділік көрсеткенмен, оны тек ойын ретінде қабылдайды. Сондықтан әдеби жаттығу, тапсырмалар ойын үлгісінде берілуі керек;

- төменгі сынып оқушылары бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге шыдамсыз. Сондықтан педагог міндеті баланы баланы үздік создық фантазия элементтерін емес, көлемі шағын, мазмұны жеңіл болса да, тұтас композициялық туынды әкелуге жетектеу;
- төменгі сынып оқушыларында өзіндік сын мүлдем жоқтың қасы. Олар үлкендік сын ой пікіріне қатты сүйенеді. Міне осы жағдай ситуацияларда педагогтік көреген көз бен қабілет керек. Оқушының қателескен жерін дәл тауып айта білуі және оқушының көзін жеткізе білуі керек. Осы орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруда сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:

- тақырыпты маөмұнына сай жинақтау;
- белгілі бір тақырыпта пікір талас тудыру;
- сөзжұмбақ құрау, шешу;
- шығарма, шағын әңгіме, мәтін құрау;
- әңгіменің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру, бөліктерге бөлгізу, тақырып қойғызу;
- қиялдау арқылы суретін салдыру, рөлге бөліп оқыту;
- ұнатқан кейіпкеріне мазмұнына кері әңгіме құрату;
- мазмұндама түрлерін жазу;
- адасқан сөзді орнына қойдыру.
Еліміздің білім саласында оқытудың жаңа технологияларының бірнеше түрлері қолданылуда.
Ұстаздардың шығармашылығын, іскерлігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған шығармашылық топтар бар. Олар:
1. Вариативті (стандарттан тыс жұмыс істейтін мұғалімдер);
2. Тұрақты күнтізбелік жоспармен жан-жақты жұмыс істейтін мұғалімдер;
3. Репродуктивті (кітаптағы білімді қайталау);
4. Проблемамен (зерттеу мақсаты);
5. Инновация (жаңашылдық).

Осылардың инновация (жаңашылдық) бағытымен жұмыс істейтін мұғалімдерден бізде топ құрылған. Олар М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту», Қараевтың «Деңгейлеп-саралап оқыту», «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау», «Интерактивтік оқыту», «Тәй-тәй» бағдарламасының «Орталыққа бөліп оқыту» әдісі т.б.

Дамыта оқытуда оқытудың белсенді әдістерінің бірі болып еселеніп отырған «Сорос - Қазақстан» қорының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын оқып үйреніп, оны өз жұмыстарында қолданып жүрген мұалімдеріміз көп. Бұл бағдарламаның ерекшелігі сол, егер адам бойында шын талант болса, оның көрінуіне бірден бір жол болады. Мен өз тәжірибемде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасына сүйене отырып сабақ жүргіземін. «Тәй-тәй» бағдарламасының «Орталыққа бөліп оқыту» әдістерін таңдауыма себеп болған оқушыларымның жас ерекшелігі мен жергілікті тұрған мекеніміздің ауыл өміріне сәйкес келуіне байланысты. Мәселен, мәтінмен жұмыс істеу және ана тілі сабақтарында оқушының сөйлеу мен жазу тіл байлығын қалыптастыру мақсаттарына байланысты осы әдіс-тәсілдерді таңдап алдым.

Соның нәтижесінде 2010 жылы өткен «Зерде» ғылыми жоба жарысында оқушым топты жарып «Гран-приді» жеңіп алды. Бұл тек мектептің, ата-ананың жетістігі, қуанышы емес бүкіл облыстың қуанышы деп ойлаймын.
Алдағы уақытта әріптестеріме Ұлы Абай атамыздың «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес заяға» - деген өсиетін айтқым келеді.
7 978
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.
Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.
Оқушылар бойындағы шығармашылық қабілеттерін анықтай отырып, бала бойындағы рухани адамгершілік құндылықтар арқылы түрлі іс - әрекетін қалыптастыру. Балалар бойындағы шығармашылық қабілеттің белгілерін анықтау жолдарын іздестіру, қиындықтар мен
Қолөнер (7 сынып қыздарына арналған факультатив сабағы)
Қолөнер (7 сынып қыздарына арналған факультатив сабағы)
Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу. Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету
Дарынды балалармен жұмыс жоспары
Дарынды балалармен жұмыс жоспары
Бұл білімді қоғамдық жағынан көрсетуді жүргізудің бір құралы. Ғылыми зерттеу дегеніміз - ғылым әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір нысан жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нысандармен танысу.
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
Адамгершілік сезім дегеніміз – әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік тәрбиесіне баулу олардың бір - бірімен достық – жолдастық, қарым - қатынасының нығаюын қарастыру, олардың
Баланы дамытудағы шығармашылық жұмыстың ролі
Баланы дамытудағы шығармашылық жұмыстың ролі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясы ММ бастауыш сынып мұғалімі Тастайбекова Гульназ Самигуллаевқызы
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларын математика пәніне бейімдеу
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларын математика пәніне бейімдеу
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Жакашева Гульжанат Касымовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×