Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аңыздар. Қорқыт

20 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі
Тақырыбы: Аңыздар Қорқыт
Мақсаты мен міндеттері: халық ауыз әдебиеті аңыз үлгілерімен таныстыру;
1. Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2. Дамытушылық: мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: тапқырлыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: тірек - сызба
Әдіс - тәсілдер: жұптық, талдау,

Сабақ барысы
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру
Әл - Фараби туралы не білесіңдер? Ол қандай адам? Неге ол жігіт өзімен шақырды? Оның мақсаты не? Ол жігіт келешекте қандай болды?

2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Бүгінгі танысатынымыз: аңыздар
Аңыз - тарихта болған адам туралы шығарма.
Бүгінгі танысатын аңызымыз: Қорқыт туралы аңыз
Өмірбаяны
Қорқыт
Тарихи тұлға, ақын және композитор, ол IX ғасырда Сырдария даласында туған. Қобызды жасаушы, аңызшы, ақындардың, музыканттардың иесі, бақсы. Аңыздар бойынша Қорқыт түйені сойып, терісінен қобыз жасайды. "Қорқыт атаның кітабы" - түрік халықтарының эпикалық жазба ескерткіші. Әрбір аңыздың өзіндік сюжеті бар және олардың әрқайсысының басты қаһарманы Қорқыт ата - дана, көсем, басшы, тағдыр туралы болжап - пісуші. Аңыз бойынша және Қорқыттың өзінің өтінішімен, оның қабіріне денесімен бірге, желмен дыбысталып тұратын қобыз бірге салынады. Қорқыт атаның құрметіне 1980 жылы Қызылорда облысында архитектуралық ескерткіш салынған. Белгілі қазақ жазушысы, академик Мұхтар Әуезов арқылы әңгімеленетін "Қорқыт туралы аңыздардың" мәні аса жоғары, себебі, ол - адамға қызмет ету арқылы өнердің өлмейтіндігін, мәңгіліктігін көрсетеді.
Оқулық бойынша жұмыс
- үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
- - тізбек бойынша оқу
- тұтас оқу
- іштей оқу
- қорқытты қандай сауал көп ойландырады?
- Қорқыт түсінде не көреді?
- Ол қандай сөзді байқаусызда айтып қалады?
- Қорқыттың өмірі қалай аяқталады?
Сергіту сәті

3. Жаңа білімді бекіту:
- Мәтінді тұтас, бірнеше рет оқып шығу
Дәптермен жұмыс: аңызда кездесетін жер - су аттарын дәптерге теріп жаз. (өзіндік жұмыс)
Сызбаны толтыр (жұптық жұмыс)
Қайтеді?
Құстар..... ұшуын тоқтатады
Жел соғуын доғарады
Аң - құс жағаға келеді
Өзен ағысын тоқтатып тұрады
Венн диаграммасы
Аңыз
Ертегі
4. Үйге тапсырма:
11 816
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қорқыт ата
Қорқыт ата
Қорқыт баба туралы аңыздарды, деректерді өз бетінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын дамыту. Ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Қорқыт ата кітабы
Қорқыт ата кітабы
«Қорқыт ата кітабының» тарихилығын, көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру.
Қобыз атасы – Қорқыт
Қобыз атасы – Қорқыт
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы №19 орта мектеп музыка пәні мұғалімі Қапизова Райхан Ғазизқызы
Қорқыт ата кітабы
Қорқыт ата кітабы
Атырау қаласы, Амангелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанатаева Айымгүл
Дерсехан Бұқашжан туралы жыр
Дерсехан Бұқашжан туралы жыр
Қорқыт ата – VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×