Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы

15 қазан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Батыс Қазақстан облысы,
Шыңғырлау орта мектебінің биология пән мұғалімі
Сарекенова Бибігүл

Сабақтың тақырыбы: Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
Сабақтың мақсаты:
а) Гүлдің құрылысы туралы алған білімдерін тексеру
ә) Аналық пен аталықтың қызметі мен құрылысымен таныстыру
б) Табиғатта жүргенде гүлдерге қамқор болуға және оларды қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, өздік жұмыс, тест, сұрақ – жауап, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, кестелер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (Сабаққа әзірлік)
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
(үй тапсырмасы тест әдісі бойынша тексеріледі.)
1. Жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен (Гүл)
2. Жіпше мен тозаңқаптан тұрады (Аталық)
3. Гүл бөлімдерінің сыртын қаптап тұрады. (Тостағанша)
4. Аналықтың тозаңды қабылдайтын бөлімі (Аузы)
5. Ұрықтану тозаңданудан бұрын ба, әлде кейін бе? (Кейін)
6. Белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы. (Гүлшоғыр)
7. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. (Зигота)

ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақ сұрақ қоюдан басталады
- Гүл деген не? (Гүл өсімдіктің генеративті мүшесі)
- Өздік жұмыс (кестені толтыру)
- Гүл бөлімдерінің атқаратын қызметі.

Гүл сағақ Гүл табаны Тостағанша Күлте
Аталық Аналық
(Кесте толтырылғаннан кейі талданады)

Гүл - генеративті мүше болғандықтан оның аталығы және аналығы болады. Егер бір гүлде аталық пен аналық болса, қос жынысты, ал аталық пен аналық жеке дара гүлде болса, дара жыныста деп аталады.
Мысалы: Алдарыңыздағы ілулі тұрған плакатқа қарайық. Бұнда қызанақ пен талдың сырға гүлдері бейнеленген. Осының гүлдерінің құрылысын қарай отырып неше жынысты екенін ажыратамыз.
1. Қызанақ – қос жынысты, себебі аталық пен аналық бір гүлде орналасқан
2. Тал – дара жынысты гүлдер себебі аталық пен аналық екі гүлде орналасқан.
- Балалар енді осы өсімдіктердегі гүлдердің жыныс мүшелеріне қарай оларды бір үйлі немесе екі үйлі
деп атаймыз.
Мысалы: Жүгерінің аталық және аналық гүлдері бір өсімдікте орналасқан, сондықтан бұл өсімдіктерді
бір үйлі деп атаймыз, ал жаңағы талдың аналық гүлі бір өсімдікте де, ал аталығы екінші
өсімдікте орналасқан. Ендеше бұл өсімдікті екі үйлі деп айтамыз.

IV. Интерактивті тақтамен жұмыс
Тақтада берілген кестені толтыру

Гүлдің формуласын жаз
Өсімдік атауы Формуласын жаз
Алма -
Мақта -
Көкнәр -

V. Биологиялық диктант. Жазу барысында мұғалім оқушыларға гүлді талдауды ауызша айтып тұрады, ал оқушылар формуласын жазады.
Итмұрын гүлі.
Талдауы: Дұрыс гүл, қос жынысты, қос гүлсерікті, тостағаншасы 5, күлтесі5, аталық пен аналығы көп.
Асбұршақ гүлі.
Талдауы: бұрыс гүл, қос жынысты, қос гүлсерікті тостағаншасы біріккен 5, күлтесі біреу желкен, екеуі ескек, екеуі біріккен қайықша. Сондықтан 1+2+(2) деп жазылады. Кейде К3+(2) да болады. 10 аталығының тоғызы жіпшесінен біріккен, жақшаға алынады, бір аталығы бос А(9)+1 аналығы біреу.

VІ. Қорытынды есебінде « Сұрақ – бізден, жауап – сізден» ауызша сұрақтарға жауап беру.
1. Қос жынысты деп қандай гүлдерді айтады?
2. Бір үйлі, екі үйлі өсімдіктердің бір – бірінен айырмашылығы қандай?
3. Дара жынысты гүлдердің ерекшелігі неде? Неліктен оларды аталық, аналық гүлдер дейді?
4. Қос жынысты гүлдердің дара жынысты гүлдерден айырмашылығын Венн диограммасына салыңыз

VІІ. Оқушыларды бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма беру.
Қосымша материалдардан гүлдің суретін және бөлме өсімдіктерінің аттарын және талдауы мен формуласын жазып келу, сөзжұмбақ құрастыру. Параграфты оқып келу және сұрақтарға жауап беру.
45 405
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктер дүниесі. тест 6 сынып
Өсімдіктер дүниесі. тест 6 сынып
Өсімдіктер дүниесі. Биологиядан тест жұмысы.
Гүл және оның құрылысы
Гүл және оның құрылысы
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектеп Жинақтап, құрастырған: 8 сынып оқушысы Жәлел Әсел
Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
Ақтау қаласы, №13 орта мектеп гимназиясының биология пәні мұғалімі Мырзабекова Бахтыгүл Мустахиевна
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану
№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің биология пәнінің мұғалімі Сайм Нина
Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтану процесі
Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтану процесі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №8жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Ибраева Фарида Музапбаровна
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің биология, химия пәні мұғалімі Жаңағұл Зәбида Сақтағанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×