Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Не? Қашан? Қайда?

02 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Өткізген сыныбы: 6 - 7 сыныптар
Сабақтың тақырыбы: Не? Қашан? Қайда?
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Біліктілік пен дағды қалыптастыру;
Табиғат әлемін сүйіп қорғауға, бағалауға тәрбиелеу.
Түрі: ойын сабақ
Әдісі: практикалық
Көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарттар, конверттер, айналмалы рулетка және т. б.

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің сөзі: Армысыздар қадірменді қонақтар! Қош келдіңіздер! Бүгінгі НЕ? ҚАШАН? ҚАЙДА? деп аталатын ойын сабағымызға келгендеріңізге қуаныштымыз, олай болса ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайысқа қатысушы командаларды қарсы алайық (музыка).
2. Қатысушылардың өздерін таныстыру кезеңі.
Команда капитандары өз командаларын таныстырып, тиісті орындарына жайғасады.
3. Бейне релакс (Табиғат жайлы 3 минуттық бейне ролик). Бұл кезең оқушыларға өздерін табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде сезінулеріне себеп болады.
4. Ойынның басталуы, ойын шарты: Айналмалы рулетканың астында әр турдың тапсырмалары жасырылған конверттер орналастырылған, сілтеме қай конвертке тоқтайды, сол конвертте жасырылған турдың тапсырмасынан ойын басталады.
5. Конвертте жасырылған турлардың мазмұны:

1 конвертте – Гүлдер, ағаштар жайлы жұмбақтар.
1. Осы гүлдің отаны –
Қазақтың кең даласы
Көктемде дала құлпырып
Қып - қызыл болар қарашы.
Кенелтіп жүр пайдаға
Голландияда көшетті. (қызғалдақ )

2. Енді ол «Қызыл кітапқа»
Көктемде гүл жарады,
Одан шығыс елдері табиғи бояу алады (бәйшешек)

3. Жапырағын ұстасаң,
Асты суық,
Жылы үсті,
Дәрі жасар бұл гүлден,
Емдер күйік, тынысты (түймедақ)

4. Тұқымынан май алып,
Жасар түрлі дәрі де,
Жібек мата бояйтын,
Ұнтақ қылар әрі де. (итқызғалдақ)

5. Діңі жұмсақ болса да,
Тіп - тік шырқап өседі.
Осы ағашпен ауланы
Көгалдандырар көшені (терек )

6. Канада елі туында,
Жапырағы салынған.
Тазартады ауаны,
Бойна тартып қалың шаң. (үйеңкі )

7. Екі мың жыл жасайды,
Үлкен жасыл қол шатыр,
8. Аршып алып қабығын, адамдар себет өреді.
Шырынын оның бүкіл ел «ем» деп ішіп келеді (қайың)

9. Бұл ағаш өссе далада.
Жаңбырда болар сая да. (емен )

2 конвертте – Блиц - турнир 1, 5 минуттың ішінде оқылған сұрақтарға жауап алынады.
1) нұсқа: 1. Жасушасыз тіршілік иелері.
2. Темекі теңбілі вирусын ашқан ғалым.
3. Оралма тәрізді бактериялар.
4. Саңырауқұлақтар әлемін зерттейтін ғылым саласы.
5. Қына қандай ағзалардың селбесуінен пайда болған ағза.
6. Лимон қышқылы қай саңырауқұлақтардан алынады.
7. Қыналарда тамыр болады ма?
8. Зеравшан аршасының биіктігі.
9. Балықтар неше класқа жіктеледі.
10. Вирус – латынша.
11. Мәдени орталықтарды ашқан ғалым.
12. Қастауыш саңырауқұлағы жеуге жарамды ма?
13. Ағзалық әлем неше топқа жіктеледі?
14. Қызыл балдырды ата.
15. Бактерияны зақымдайтын вирус.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
55 427
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Не? Қашан? Қайда?
Не? Қашан? Қайда?
Балаларға әр түрлі тапсырмалар бере отырып, олардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, белсенділігін, қиялын дамыту. Төтенше жағдай байланысты суреттерді қарастырып, қандай төтенше жағдай және қандай қауіпсіз ережелерін сақтау керектігін айтуға
Не? Қайда? Қашан?
Не? Қайда? Қашан?
Интеллектуалды ойын бастауыш сынып оқушыларына.
Не? Қайда? Қашан?
Не? Қайда? Қашан?
Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылы, №11 орта мектепте тарих пәні мұғалімі Рахимова Газиза Гарифоллақызы
Информатика жұлдыздары
Информатика жұлдыздары
Ойынның мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру
Ақпараттық калейдоскоп
Ақпараттық калейдоскоп
Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы, Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Дуйсенбинова Жанна Орынғалиқызы
Кім Қайда Қашан (Интеллектуалды-танымдық ойыны)
Кім Қайда Қашан (Интеллектуалды-танымдық ойыны)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Жаңқұлов Мейрамбек Шарапатұлы Кім Қайда Қашан (Интеллектуалды-танымдық ойыны)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×