Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!

13 сәуір 2019, Сенбі
Тәрбиешілер: Мубаракова Н. Н.
Елемесова А.

Мерекелік ертеңгілік
9 - мамыр - Жеңіс күні!
Тәрбиеші: Құрметті кішкентай бүлдіршіндер, апайлар және бүгінгі ертеңгілігіміздің қонақтары!
Сіздерді 9 - мамыр Ұлы Жеңістің –... жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Аталарымыз бен әжелеріміздің ерлігімен келген бұл Жеңіс мерекесі ұрпағымыздың есінде мәңгі сақталады. Бүгінгі «Жұлдыз»сәбилер тобында өткізілгелі отырған ертеңгілігіміз Ұлы Жеңістің келбетін насихаттауға арналғандықтан «9 - мамыр - Жеңіс күні!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Тәрбиеші: Бүгін жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен - 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
Алақай – ай! Әйгілі!
Тоғызыншы май бүгін
Алғаш күні шаттықтың
Соңғы күні қайғының,- дегендей бүлдіршіндеріміздің жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.

Айнара: Бар елге қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық
Кәрімжан: Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.

Алмат: Бір, екі, ұш
Бойға жинап күш.
Шынығамыз таңертең,
Солдат болам мен ертең.

Рома: Жеңіс күні құтты толсын,
Құтты болсын аталар
Тәрбиеші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны,- дей келе келесі кезекте биге берейік

Би: «Ұландар»
Тәрбиеші: Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді?
- Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б. Момышұлы, Н. Әбдіров т. б
- Дұрыс айтасыңдар, балалар есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды, тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Келесі кезекті балалардың батыр аға - апаларына арналған өлең жолдарына кезек берейік.

Жанназар: Бауыржан атам ардақты,
Алды биік атақты.
Айзере: Мәншүк апай батыр қыз.
Ардақтаймыз атын біз.
Айсәуле: Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз
Тәрбиеші: Отаным еркелеймін енді кімге
Өзіңмен нені болса көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің
Басына қатер болды төнген күнге,- дегендей Жеңіс атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты. Ендеше келесі кезекті «Отан Ана» әніне берейік.
Келесі кезекті қыздардың орындауындағы биге кезек берейік.
Би: «Сарбаздар»
Келесі кезекте тақпаққа берсек:
Арнұр: Шекарада солдат тұр,
Ел бақытын қорғап тұр
Айлана: Елімізде жерімізде,
Бүгін үлкен мереке
Богдан: Болашақтың тыныштығын
Қорғайды жас ұландар
Зариф: Бейбітшілікке үнемі
Ән саламыз әдемі
Аида: Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар мен апайлар бүгінгі «9 - мамыр - Жеңіс күні!» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, баршаңызға бақыт, бірлік тілейміз. Әрқашан еліміз тыныш, бейбітшілік болсын! Елімізде Жеңіс туы ардайым желбіреп тұрсын!
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні! жүктеу
3 683
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 - мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
Желбіре, жеңіс жалауы!
Желбіре, жеңіс жалауы!
Балалардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге тәрбиелеу.
Отты жылдар жаңғырығы
Отты жылдар жаңғырығы
Тақырыбы: Отты жылдар жаңғырығы
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Жеңіс күні де ару қаламызға келіп жетті. Өздеріңізді осы келіп жеткен Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз.
Желбіре, Жеңіс жалауы
Желбіре, Жеңіс жалауы
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Ер есімі ел есінде сақталады
Ер есімі ел есінде сақталады
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, № 9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Ер есімі ел есінде сақталады Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар және бүгінгі ертеңгілігіміздің қонақтары!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×