Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жер шары материктері, аралдары және мұхиттары (күнделікті сабақ жоспары)

16 қыркүйек 2016, Жұма
Категориясы: География
Күнделікті сабақ жоспары, география 7 сынып
Тақырыптар:
1 - сабақ. Жер шары материктері, аралдары және мұхиттары. Материктер мен мұхиттардың карталары
2 - сабақ. Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері
3 - сабақ. Материктер мен мұхиттар карталары
4 - сабақ. Материктер мен мұхиттар жер қыртысының құрылымы
5 - сабақ. Құрлық бетінің және мұхит түбінің жер бедері.


Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Жер шары материктері, аралдары және мұхиттары. Материктер мен мұхиттардың карталары
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, материктер мен мұхиттарға нақты түсінік беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау, ойға сақтау қабілетінің жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ету және дамыту.
3. Тәрбиелік: Материктер мен мұхиттарға деген қызығушылықты тудыру, оның құрылымын өз бетінше зерттеуге баулу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, проблемалық түсіндіру
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, суреттер, карточкалар

Сабақтың жоспары:
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

Жаңа сабақты түсіндіру:
Материктерде құрлықтағы өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын биік тау жүйелері мен ұлан - ғайыр жазықтардың табиғаты, дүниежүзілік мұхиттың тылсым табиғаты мен орасан мол табиғи қорлары, ондағы терең сулы шұңғымалар мен су асты жоталары, құрлық климатына әсер ететін теңіз ағыстары мен мұхит суының жалпы қасиеттерін жатқызамыз.

Жер шары бетінің жалпы ауданы 510, 2 млн. км - ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149, 1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің 29, 2%- ы келеді.
Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24, 2 млн км), Оңтүстік Америка (18, 3 млн км), Африка (30, 3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9, 0 млн км - ге жуық), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т. б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С - тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке - дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.

Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи - географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»).
Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»- батыс, «асу»- шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.

Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 316 млн км, бұл Жер беті ауданының 70, 8%- ын құрайды. Ол материктер арқылы төрт мұхит айдынына бөлінеді: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары.
Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (11 022м). Мұхиттар құрлықтың бөліктерімен тығыз байланыста бола отырып, ондағы табиғат жағдайларының қалыптасуына зор ықпал жасайды.
Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық кезеңнен - ақ жинақтала бастады. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс - тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды, географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.

1 – ші, Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттің ошақтары – Месопотамия, Парсы жері мен Египеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, Рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтары нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бастады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми негізін қалады. Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық«Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


6, 7, 8, 9, 10 сабақтарды қарау
11, 12, 13, 14, 15 сабақтарды қарау
16, 17, 18, 19, 20 сабақтарды қарау
21, 22, 23, 24, 25 сабақтарды қарау
26, 27, 28, 29, 30 сабақтарды қарау
31, 32, 33, 34, 35 сабақтарды қарау
36, 37, 38, 39, 40 сабақтарды қарау
41, 42, 43, 44, 45 сабақтарды қарау
46, 47, 48, 49, 50 сабақтарды қарау
51, 52, 53, 54, 55 сабақтарды қарау
56, 57, 58, 59, 60, 61 сабақтарды қарау
4 965
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы саяхатшылар
Ұлы саяхатшылар
Материктер мен мұхиттар географиясы – мектеп географиясының ең қызықты, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға мүмкіншілігі жоғары буыны.
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Оқушыларға материктер мен мұхиттар географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсінік беру. Топтық жұмыс ережелерімен таныстыра отырып, бағалау критерилерін пысықтау.
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Жарты шар материктері бөліктерімен таныстыра отырып, өткен тақырыпты қайталау арқылы білімдерін жинақтау және Солтүстік жарты шар бойынша қорытындылау.
Атажұрт этногеографиялық олимпиада
Атажұрт этногеографиялық олимпиада
Мұхиттар мен материктер географиясы бойынша оқушылардың деңгейін анықтау.
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ
Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ
ШҚО, Үржар ауданы, Қаракөл орта - мектеп бақшасы КММ география пәні мұғалімі Темербаев Ерлан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×