Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Солтүстік Еуропа елдері

04 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: География
ШҚО,Күршім ауданы,
Теректі ауылы, №1 Теректі орта мектебінің
география пәні мұғалімі Құмаш Табысбек

Пәні: География
Сыныбы: 11 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Еуропа елдері
Сілтеме Күнтізбелік жоспар, Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау, СТО әдістемесі, Слайд №1-10

Сабақтың жалпы мақсаты: Солтүстік Еуропа елдерінің географиялық орынындағы ерекшеліктері, халқы, өнеркәсібі, әлемдік экономикадағы орны туралы мәліметтерді білу.Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру; Өз бетімен шешім қабылдауға, басқаларды тыңдай білуге үйрету.

Сабақтың нәтижесі 1.Географиялық орнындағы ерекшеліктерді білу.
2.Халықтық таралу заңдылығын білу.
3. Солтүстік Еуропадағы елдердің экономикасының басты басымдылығының не екендігін білу. Сабақ барысында
- Топта жұмыс істеуге дағдыланады;
- Оқушылар пікір айтып, түйген ойларымен бөліседі;
- Солтүстік Еуропа елдерінің экономикасымен танысу осы негізде ҚР экономикасымен байланыстырып сол елдердегі артықшылықтарды өз елімізде жүзеге асыруға ой түйіндейді.

Қолданылған әдіс – тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлау, диалогты оқыту, оқушының көшбасшылығы, АКТ құралдарын пайдалану арқылы түсіндіру,
оқушыларға арналған тапсырманы қорғау,
бағалау критерийлері бойынша бағалау парағын толтыру арқылы бағалауы

Негізгі идеялары:
Солтүстік Еуропа елдерінің экономикасының жақсы дамуының басты себептерін анықтауды негізгі мақсат ете отырып берілген сұрақтарға жауап іздейді.
Мұғалім жаңа сабақты өту барысында оқушылардың өз ойларын еркін ортаға салуларына баса назар аударады. мәнін кеңірек ашуы арқылы балалардың нақты тұжырым жасауына, сыни ойлауына мүмкіндік тудырады.

Сабақтың көрнекілігі:
Проектор, жұмыс дәптері, маркер, түрлі-түсті қағаздар, дидактикалық материалдар, тақырыптық слайдтар.
Сабақ бойынша
І. Ұйымдастыру кезеңі
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық ахуал тудыру. Топқа бөліп, Шаттық шеңберін құрғызу. Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Үй тапсырмасы
1.Еуропа елдері неше бөліктен тұрады?
2. Еуропадағы халқы ең көп ел?
3. Мемлекет басқару формасы қандай?
4. Жер бедері қандай типке жатады?
5. Қандай діндер таралған?.

Материк бөліктеріндегі орналасқан елдеріне байланысты топқа бөліп. Үй тапсырмасына берілген сұрақтарға топта ақылдас отырып жауап бергізу.
Берілген сұрақтар бойынша жауап беру
Тақырыптық слайд негізінде сұрақтарға жауап беру.
Өтілетін тақырып негізінде сұрақтар қоямын.
Слайд негізінде өз ойларын білдіреді.

1. Географиялық орны туралы топтастыру.
2. Солтүстік Еуропа халықтың таралуын сипаттау.
3. Экономикалық жағдайының басты ерекшелігін анықтау.
Үш тақырып негізінде талқылау өткізу.
Әр топ өздеріне берілген сұрақ негізінде ментальды карта жасап қорғайды.

Слайдта көрсетілген қате жазылғандары көрсетеді.
1.СЕ өнеркәсібінің басты саласы қара металлургия.
2.СЕ толығымен Скандинавия түбегінде орналасқан.
3.СЕ халқы табиғи өсуі артуда себебі экономикасы жақсы дамыған.
4.СЕ теңіз қатынасы қыста тоқтайды.

Қатесін ажыратып болған соң дұрысын ?
айтуды сұраймын. Толтырып болған соң жұппен интерактивті тақтаға шығады, сұрақтың қатесін тауып қате кеткен жерін көрсетіп береді.
2. Салыстыру
Солтүстік Еуропадағы елдерінің ұқсастығы мен өзіне тән ерекшелігімен танысу. Венн диаграммасы арқылы салыстыру. Венн диаграммасын сыздыру. жұптық, топтық жұмыс жасай отырып елдердің ерекшеліктерін ашып көрсетеді.

Бағалау парағын толтырып қорытынды бағаны шығарамыз.
Кері байланысты көрсететін тапсырма сабақ туралы ойларын жазады
Осы сабақтан нені үйренгендері туралы толтырту Толтырып болған соң жұппен интерактивті тақтаға шығады да осы сабақтан нені үйренгендері туралы айтады және интерактивті тақтадағы Үйрендім бағамына жазады.
Өзін-өзі бағалайды.
Үйге тапсырма СЕ елдерінің туристік орталықтарын, әлемдік экономикадағы орны туралы мәліметтер жинап алып келу. Үй тапсырмасы бойынша күнделікке жазу.
12 809
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Солтүстік Еуропа елдері. Орта Еуропа елдері. Нидерланд
Солтүстік Еуропа елдері. Орта Еуропа елдері. Нидерланд
Солтүстік Еуропа елдерінің басты ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы білім беру.
Оңтүстік Еуропа елдері. Испания
Оңтүстік Еуропа елдері. Испания
Оңтүстік Еуропаның жетекші елдерінің бірі – Испания туралы білім беру.
Шығыс Еуропа елдері
Шығыс Еуропа елдері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының география пәнінің мұғалімі Амантаева Гүлсім Омарқызы
Еуропалық ықпалдастық және Еуропа Одағы (тарихтан сабақ топтамасы)
Еуропалық ықпалдастық және Еуропа Одағы (тарихтан сабақ топтамасы)
Тарих пәні мұғалімі: Карабаева Сандуғаш Бөкейқызы
Солтүстік Еуропа елдері
Солтүстік Еуропа елдері
Шынғалиева Света Қамызағалиқызы Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі
Еуропаның халқы, еңбек ресурстары
Еуропаның халқы, еңбек ресурстары
ШҚО,Күршім ауданы, Теректі ауылы, №1 Теректі орта мектебінің география пәні мұғалімі Құмаш Табысбек Пәні: география Сыныбы: 11 Тақырыбы: Еуропаның халқы, еңбек ресурстары.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×