Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Трансформер

15 сәуір 2017, Сенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Жоба
Тақырыбы: Трансформер
Жоспар
Кіріспе бөлім
1. Кіріспе
2. Жобаның мақсаты
3. Жобаның міндеті
Негізгі бөлім
1. Киім туралы жалпы түсінік
2. Киім түсінің әсері және сән түрлері
3. Іс тігуге пайдаланылатын құрал - жабдықтар
4. Өлшем алу рет тәртібі
5. Матаны таңдау
6. Трикотаж – тоқыма мата
7. Трансформер көйлегінің тігілуі
8. Бұйымды құрастыру алгоритмі
9. Технологиялық карта
10. Бұйымның өзіндік құны
11. Техникалық қауіпсіздік ережесі
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен (мода) тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сән де үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі – әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу – қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.

Киімді құрастырмас бұрын, сәнді үлгі жинағынан керекті үлгідегі киімдермен танысу керек. Киім түр жиынтығы бірнеше топтамадан тұрады. Ол матаға, киетін адамның жас мөлшеріне және киім қандай орынға арналғанына байланысты. Негізгі киімдер күнделікті, үйге киетін және сән - салтанатқа киетін болып бөлінеді.
Киім құрастыру оның сызбасы мен пішілуіне тығыз байланысты. Сызбаның торкөздеріне мойын айналымы, иық және жан тігістері, етек белгілері сызбалары толық түсуі керек. Белдемше түрі тігістің көлденең немесе ұзын бойымен жатқан тігіске байланысты өзгереді. Таңдалған пішімге байланысты матаның ені, түрі - түсі, мата бетінің бедеріне, мата тығыздығына және адамның дене бітіміне байланысты келеді.
Жобаның мақсаты: трансформер көйлегінің тігу және пішу технологиясымен оқушыларды таныстыру. Көйлектің тігілуін оқушыларға меңгерту.

Жобаның міндеті:
• трансформер көйлегі жайлы мәлімет беру
• киімді тігуге қажетті құрал жабдықтармен таныстыру
• Бұйымды құрастыру алгоритмін түзу
• қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау.

Киім туралы жалпы түсінік.
Киім адам баласы үшін аса қажетті мәдени - материалдық элемент болып табылады. Киім үлгілері адамның өскен ортасына, техникамен экономиканың дамуына, ұлттық мәдениет пен дәстүрге, қоғамдық өндіріске байланысты өзгеріп отырады. Киімдер екі класқа бөлінеді:
1. Тұрмыстық
2. Өндірістік
Тұрмыстық киімдерге күнделікті үйге киетін, жұмыстық, спорттық, мейрамдық, меймандық киімдер жатады. Өндірістік киімге санитарлық, формалық, жұмыс орнына арналған киімдер жатады. Санитарлық киімдер медицинада қолданылады. Формалық киімдерге милиция, әскер, жол жөндеу, т. б. сала мамандарына арналған киімдер жатады.
Киімдер жаздық, қыстық, маусымдық және барлық мерзімде киіс беретін киімдер болып та бөлінеді. Киімдер өлшемі ретінде ұзындығы мен ені алынады, ал ұзындығын адамның бойымен алынады. Ені жағынан әйелдерге кеуде өлшемі, ерлерге мойын өлшемі алынады.
Қазіргі біздің елімізде киім тігіп шығару жылдан - жылға дамып келеді. Бұл орайда, киім үлгісін жасау өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Үлгі жасаушылардың мақсаты – ыңғайлы, жарасымды, сәнді және гигиеналық талаптарға сай киімдердің сан - алуан үлгілерін жасау. Қазіргі кезде жастар арасында сәнге деген көзқарас өте айқын байқалады. Олардың көпшілігі сәннен орын алған біршама үлгілерді пайдаланады. Мысалы, 60 - жылдары кең өріс алып, жастар үлгісіне айналған қысқа, тар етекті белдемшелер, қазір де сәннің биік сатысынан көрінеді. Оны орнықты кию тазалықты, көріктілікті, әдемілікті талап етеді.

Киім түсінің әсері және сән түрлері.
Адам көзімен қандай да бір затқа сырттай қарағанда сол заттың негізгі бейнесін әр уақытта көре алмайды. Көздің мұндай кемшілігін киімді модельдеу барысында қолдану өте тиімді. Құрастырушы өз жұмысының барысында түстер арқылы көз бояушылық жасай алады. Тұлға сымбаты мен бет әлпеттің сұлулығы барлық адамда бола бермейді. Модельді көркемдеп жобалау барысында адамдардың тұлғасындағы кейбір кемшіліктерді көрсетпей, әдемі етіп көрсету негізгі міндет саналады.

Түстер ерекшелігі. Киімді модельдеу барысында түстердің қасиеті және көзбояушылық әсері көп қолданылады. Бір түстің өзі әр түрлі түстердің фонында әр қалай көрінуі мүмкін. Мысалы: сұр түсті шаршы қара түстің фонында ақ фондағыдан гөрі ақшыл болып көрінеді. Күңгірт фонда ақ түсті заттар ақшыл болып қана көрінбей, сонымен қатар жарық болып көрінеді. Сол сияқты қара заттар ақ фонда қап - қара болып, жарық басым көрінеді. Сұр түсті шаршы қызыл фонда жасыл - сұр болып көрінеді. Бұл мысалды көріп отырғанымыздай сұр түс фонның түсіне қосымша түске енеді.
Жеңіл және ауыр түстер. Барлық күңгірт түстер “ауыр” ал ақшыл түстер “жеңіл” деп аталады. Егер де ауыр түсті жеңіл түстің үстіне орналастырса оны байқауға болады. Жылы түстер – бастаушы, суық түстер – шегіншек түстер деп аталады. Түстер заттың формасын көлемін өзгерте алатын болғандықтан, үлкен және толық адамдарға көзге кішірейтіп көрсететін түстерден тігілетін киімдерді кигені дұрыс.

ОҚО, Қазығұрт ауданы,
Т. Рысқұлов мектеп - лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кабланова Жазира

Толық нұсқасын жүктеу
5 993
1
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Киімді дайындау және жобалау. Киім түрлері және оған қойылатын талаптар.
Киімді дайындау және жобалау. Киім түрлері және оған қойылатын талаптар.
Киім түрлерін ажырата алады және маусымдық киімдерді мезгіліне қарай қолданылуын біледі.
"Киім" көрсету материалы бала бақшаға
"Киім" көрсету материалы бала бақшаға
"Киім" түрлерін көрсету материалы балабақшаға
М1: 4 шынайы өлшемде алжапқыш сызбасын жасау
М1: 4 шынайы өлшемде алжапқыш сызбасын жасау
Балқаш қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебінің технология пәні мұғалімі. Тоқтаубаева Кульбаршин Жұмашқызы
Әдептілік әлемінде
Әдептілік әлемінде
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу лицейі" ММ – сінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Жарасова Айгул Айсановна
Костюмнің тарихы
Костюмнің тарихы
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназиясының технология пәні мұғалімі Кадирбаева Мереке Ашимхановна
Шығармашылық жоба жасау ерекшеліктері
Шығармашылық жоба жасау ерекшеліктері
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын, өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Өте
Өте Қолданушылар 17 сәуір 2017 22:10
0
Жаксы жазылган жарайсын
×