Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиядан 2015-2016 оқу жылына арналған тақырыптық- күнтізбелік жоспар

21 қыркүйек 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Химия
Алматы облысы, Көксу ауданы,
Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің
химия - биология пәні мұғалімі Наурызбаева Гульназ Чапетқызы

«Химия» пәнінен оқу бағдарламасы

Түсінік хат
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1. 4. 002 - 2012) негізінде,
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары...
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2015 жылғы 18 мамырдағы № 4 хаттама).
2015 - 2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015.
1. 8 - 9 - сыныптарда химияны оқытудың мақсаты қоршаған әлем туралы химиялық білім және ғылыми - жаратылыстану түсініктерінің біртұтас жүйесін қалыптастыру, химиялық технология саласында жүйелі - шығармашылықпен ойлауға және практикалық қабілетті, сондай - ақ қоршаған жанды және жансыз табиғатқа экологиялық - гуманистік көзқарасы бар функционалдық сауатты және шығармашыл тұлғаны дамыту болып табылады.
2. 10 - 11 сыныптарға арналған «Химия» пәнін оқытудың мақсаты - оқушылардың химия бойынша теориялық білімін білік пен дағдыларын дамыту арқылы әрі қарай тереңдету, оларды оқуды жалғастырғанда және болашақ кәсіптік іс - әрекеттерінде қолдану, заманауи химиялық технология мен өндіріс саласында білім мен дағдысын дамыту, экологиялық мәдениетін дамыту.
3. Оқыту міндеттері:
- әлемнің химиялық жаратылыстану - ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;
- заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп - салдарлы байланыстарды анықтау;
- химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;
- заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;
- заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;
- адамзаттың экологиялық, азық - түлік, өндірістік, энергетикалық мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;
- көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым - қатынас жүйесін дамыту;

- өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;
- мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативтік - ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;
- негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.
- химия ғылымы және технологиясы саласындағы оқушылардың іргелі және қолданбалы білімін, практикалық біліктігін дамыту;
 табиғатта, лабораторияда, өндірісте және күнделікті өмірде жүретін химиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру дағдыларын игеру;
 химиялық тәжірибелерді жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, химиялық заттар мен зертханалық құралдарды қолдана білу дағдысын жетілдіру;
 эксперименттік жұмысты жүргізу барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын және зияткерлік қабілетін дамыту, химиялық білімді өздігінен игеру қажеттілігіне дағдыландыру;
 химияға ғылыми - жаратылыстанудың іргелі компоненттерінің бірі ретінде және жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарастарын дамыту;
 химияның қоғамдық мәнін, гуманистік бағыттылығын, оның адамзат алдында тұрған проблемаларды шешудегі өскелең рөлін ашып көрсету;
 химиялық құбылыстар мен заттардың қасиеттерін, оларды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз қолдануды, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құбылыстарды ескертуді түсіндіру үшін химиядан алған теориялық білімді қолдану.

«Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

8 - сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан;
9 - сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан.
10 - сыныпта жаратылыстану - математикалық бағытта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан.
10 - сыныпта қоғамдық - гуманитарлық бағытта барлығы 34 сағат аптасына 1 сағаттан.
11 - сыныпта жаратылыстану - математикалық бағытта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан.
11 - сыныпта қоғамдық - гуманитарлық бағытта барлығы 34 сағат аптасына 1 сағаттан.

№ Сабақтың тақырыбы
1 – тақырып. Алғашқы химиялық ұғымдар 18 сағат
1. Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулар. Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы, химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер.
2. №1 практикалық жұмыс «Химия кабинетінде жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу; лабораториялық құрылғылармен, химиялық ыдыстармен шыны түтікшелермен, қыздыру құрылғыларымен жұмыс істеу ережелері; сұйықтықты қыздыру ережесі»;
3. Заттар және олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар. Заттарды тазарту әдістері. №1 көрсетілім (1. 1)
4. №2 практикалық жұмыс «Лас тұзды қоспалардан тазарту» Алғашқы қауіпсіздік ережелері
5. Атомдар және молекулалар. Атом - молекулалық ілім және оның маңызы
6. Химиялық элементтер. Олардың атаулары. Таңбалары. № 1 (1. 1) зертханалық тәжірибе.
Металдар және Бейметалдар туралы түсінік (химиялық элементер және жай заттар)
7. Жай және күрделі заттар. Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса.
№1 (1. 2) көрсетілім
8. Зат мөлшері. Мольдік масса..
9. Химиялық формула. Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі. Зат құрамының тұрақтылық заңы
10. Физикалық және химиялық құбылыстар
№1(1. 3) көрсетілім
№ 1 (1. 2, 1. 3) зертханалық тәжірибе:
11. Химиялық реакциялардың теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы
12. Химиялық реакциялардың типтері: қосылу, айырылу № 2 зертханалық тәжірибе
13. Химиялық реакциялардың типтері: орынбасу, алмасу. № 2 зертханалық тәжірибе
14. Табиғаттағы, химиялық реакциялар тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар
15. Сандық есептер: жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасын және мольдік массасын есептеу; химиялық формула бойынша заттың мольдік массасын, массасын және зат мөлшерін есептеу;
берілген масса немесе зат мөлшері бойынша атомдардың және молекулалардың сандарын есептеу
16. №1 бақылау жұмысы
17. Сандық есептер:
белгілі зат мөлшері бойынша атомдардың (молекулалардың) сандарын есептеу;
химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін (газдың) және зат мөлшерін есептеу
18. Қорытынды қайталау


2 – тақырып. Атомның құрылысы. Д. И Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесі.
Химиялық байланыс 14 сағат
19. Атомның құрамы және құрылысы
20. Химиялық элементтердің жіктелуі
21. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, атомдық құрылыс теориясы тұрғысынан. Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі. № 2 (2. 1) көрсетілім
22. Периодтық жүйедегі орны және атомдық құрылыс теориясы бойынша химиялық элементтерге және олардың қасиеттеріне сипаттама
23. Жаңа химиялық элементтердің ашылуы туралы мәліметтер. Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы,
24/6 Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі. № 2 (2. 2) көрсетілім
25. Химиялық элементтердің электртерістілігі. Атомдар арасындағы химиялық байланыстар табиғатының бірлігі. № 2 (2. 3) көрсетілім
26. Коваленттік байланыс. Полюсті және полюссіз байланыстар
27. Иондық байланыс. Металдық байланыс
28. Заттың аморфты және кристалдық күйлері.
№ 3 Зертханалық тәжірибе
29. Кристалл торларының түрлері. Заттардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі.
№ 2(2. 4) көрсетілім
30. Сандық есептер:
химиялық формула бойынша қосылыстағы элементтің массалық үлесін есептеу
31. № 2 бақылау жұмысы
32. Сандық есептер:
элементтердің массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формуласын анықтау

Толық нұсқасын жүктеу
20 242
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Әдістемелік нұсқау хат 2020-2021 жыл
Әдістемелік нұсқау хат 2020-2021 жыл
1 - 4 - сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру деңгейінің стандарты, 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019 - 2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат 2018 - 2019 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат 2018 - 2019 оқу жылы
2018-2019 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары (5 – 9 - сыныптар)
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары (5 – 9 - сыныптар)
Оқу бағдарламасы Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика 5 – сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика 5 – сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Математика 5 – сынып (аптасына 6 сағат, барлығы 204 сағат)
Математика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 11 сыныптар үшін
Математика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 11 сыныптар үшін
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×