Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Word Pad мәтіндік редакторы

04 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Word Pad мәтіндік редакторы берілген мәтіндерді дұрыс, тиімді әдіс - тәсілдерді қолдана отырып жаза білу дағдыларын қалыптастыру, өз - өздерін және топтарын дұрыс бағалай білуге дағдыландыру;
2. Дамытушылық
АКТ қолдану арқылы ақпаратты таңдай білуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік
Оқушыларды ынтымақтастыққа, тиянақтылыққа, пікір алмасуға, өзін - өзі бағалауға үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап
Көрнекіліктері: слайд, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Қызығушылықты ояту (Ассосация әдісі)
III. Жаңа сабақ (Мағынаны тану)
IV. Жаңа сабақты бекіту (Ой толғаныс)
V. Шығармашылыққа баулу
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау

I. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім әрекеті:
Сергіту сәті: «Көңіл күйін қандай?»
Оқушылармен амандасамын.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,- деп Абай атамыздың сөзімен оқушылардың назарларын сабаққа аударамын.
Оқушы әрекеті:
Шаттық шеңберіне тұрып, оқушылар бір - біріне жүректен шыққан лебіздерін айтып шығады.
Топтастыру:
Мұғалім әрекеті:
Мәтіндік редактордың негізгі элементтері арқылы топтастырамын
3 топқа бөлінеді.
Оқушы әрекеті:
Берілген элементтер (пішімдеу тақтасы, құрал саймандар тақтасы, жұмыс аймағы) бойынша топтасады

ІІ. Қызығушылықты ояту:
Мұғалім әрекеті:
1. «Жорға» ойынында оқушылардан өткен тақырыптар бойынша сұрақ - жауап ретінде үй тапсырмасын тексеремін.
1. Paint ……………………………редакторы.
2. Paint графиктік редакторын іске қосу үшін.................. орындаймыз.
3. - қандай құрал?
4. Әрекеттен қайту командасы?
5. - қандай құрал?
6. - не үшін арналған?
Оқушы әрекеті:
Топ болып бірлесіп шешеді.

ІІІ. Мағынаны тану:
Мұғалім әрекеті:
2. «Білгенге маржан». Бұл бөлімде Word Pad мәтіндік редакторына тоқталып, жаңа сабақ түсіндіріледі. Word Pad мәтіндік редакторы қарапайым құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. Word Pad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріп қолдануға болады. Мәтінге графикалық кескіндер, дыбыс үзінділерін қоюға болады. Бұл программа да стандартты программалар қатарына жатады. Іске қосу үшін «Пуск» - «Все программы» - «Стандартные» - «Word Pad».
Оқушы әрекеті:
Дәптермен жұмыс жасайды.

ІV. Ой толғаныс
Мұғалім әрекеті:
3. «Кім жылдам?» ойыны. Бұл бөлімде тақтада тест тапсырмалары берілген. Бұл батырмалар қазір мәтін теру үшін қажет. Берген жауаптарың дұрысын көрсетуі керек.
Жаңа жолға өту батырмасы /Enter/
Бірыңғай бас әріптерге немесе кіші әріптерге ауыстыратын батырма /Caps Look/
Бас әріппен жазу үшін қай батырманы басу керек? /Shift/
Мәтіндегі символды басынан өшіру үшін қолданатын батырмаларды тап. /Delete/
Мәтіндегі символды соңынан өшіру үшін қолданатын батырмаларды тап. /BS/.
Оқушы әрекеті:
Топ оқушылары тест сұрақтарына жауап бере отырып, жаңа тақырыпты одан әрі меңгереді.

V. Шығармашылыққа баулу
Мұғалім әрекеті:
4. «Жалғасын тап!» ойыны. Мұнда тақтада аяқталмаған мақал - мәтелдер беріледі, оқушы жалғасын тауып компьютерге жазады.
1. Білекті бірді жығар -..............
2............., ана көрген.......... пішер.
3. Білгенге маржан,.......... арзан.
4.. Ауырып ем іздегенше,..............
5. Нан........ атасы.
Оқушы әрекеті:
Топ оқушылары аяқталмаған мақал мәтелдерді толықтырып, компьютерге жазады.
Мұғалім әрекеті:
5. «Ұйқасын тап» ойыны. Мұнда оқушы қалауы бойынша өздері бір шумақ өлең құрастырып жазады, болмаса жатқа білетін өлеңдерін компьютерге теріп жазады.
Оқушы әрекеті:
Әр топ еркін тақырыпта өлең шумақтарын құрастырып, компьютерде орындайды.

Мұғалім әрекеті:
6. Ұшқыр ойлы оқушы» ойыны. Тақтада берілген сурет бойынша әңгіме құрап жазу.
Оқушы әрекеті:
Топ оқушылары тақтада берілген сурет бойынша шағын шығарма жазады.
Рефлексия
«Атыспақ сұрақтары»
Бүгінгі тақырыпқа байланысты сұрақтар қоя отырып, сұрақтарға жауап береді
V. Үй тапсырмасы
Word Pad мәтіндік редакторы, сөзжұмбақ құрастыру. Интернет ресурстарынан, кітапханалардан мәлімет жинау
VI. Критериалды бағалау
Мұғалім әрекеті:
Бағалау парағын критерий бойынша маңыздылығына мән беріліп баллмен бағалап қорытындылаймын.
Бағаларын айтамын.
«Жорға» ойыны – 5 балл
«Кім жылдам» ойыны – 5 балл
«Жалғасын тап» ойыны – 7 балл
«Ұйқасын тап» ойыны – 3 балл
«Ұшқыр ойлы оқушы» ойыны – 3 балл
19 - 22 – «5»
18 - 15 – «4»
14 - 11 – «3»
Топ басшыларына қойған бағаларын айтқызып, қорытынды бағаны өзім айтамын.
Оқушы әрекеті:
Топ басшылары берілген критерий бойынша өз топ мүшелерін бағалайды.
5 814
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
MS Word мәтіндік редакторы
MS Word мәтіндік редакторы
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Word мәтіндік редакторы
Word мәтіндік редакторы
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Жагипарова Данагуль Жаксиликовна
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×