Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


WordPad құжатына суреттерді кірістіру. WordPad бағдарламасымен жұмыс

23 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: WordPad құжатына суреттерді кірістіру. WordPad бағдарламасымен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға WordPad құжатына суретті кірістіруді және WordPad бағдарламасынан шығу туралы түсінік беру.
А) Білімділік мақсаты:
WordPad құжатына суретті кірістіру туралы толық мағлұмат беру. WordPad бағдарламасынан шығуды үйрету.
Редактордың құрал – саймандарын дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту.
Б) Тәрбиелік мақсаты:
Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру. Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, компьютерде дұрыс отыра білуге тәрбиелеу
В) Дамытушылық мақсаты: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.
Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылармен амандасу.
б) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Өткенге шолу:
а) Үй тапсырмасын сұрау,
б) Тест жұмысы (компьютерде орындайды)
ІІІ. Негізгі бөлім:
 WordPad құжатына суретті кірістіру
 WordPad бағдарламасынан шығу
ІҮ. Көрнекілігі:
а) Компьютер, проектор, тесттер.
Сабақтың жоспары:
“Кім білімді” ойыны
“Жұмбақ сөз” ойыны
“Жалғасын тап” ойыны
“Ұшқыр ой” ойыны
“Кім жылдам” ойыны

“Кім білімді” ойыны Өткенді шолу
Жаңа сабақ:
WordPad құжатына дайын суреттерді немесе Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданарда жасалған суреттерді кірістіруге болады.
Графикалық объектіні кірістіру үшін келесі әрекеттер орындалады.
1. Paint графикалық редакторында сурет салу қажет.
2. Немесе суреттер кітапханасынан алу қажет.
3. Paint графикалық редакторындағы суретті қиып алу немесе көшірмесін алу керек.
Түзету (Правка ) менюінен Көшіру (Копировать) немесе Қию (Вырезать) командаларының бірін таңдау қажет.
4. Суретті кірістіретін мәтінді ашып, меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Түзету - Кірістіру (Вставить) батырмасын шерту қажет.
5. Сурет құжат ішіне орналасады.

WordPad құжатынан шығу үшін терезені жап (закрыть окно) батырмасын шертіп немесе Файл – шығу (Выход) командасын орындау қажет. Егер құжат сақталмаса, онда экранда Сохранить изменения в файле? деген сұрату терезесі пайда болады.

ІҮ. Компьютермен жұмыс
1. Суретпен жұмыс
Оқушылар Аналар мерекесіне орай құттықтау хатын жазып, сурет кірістіреді.
2. Галереяны шарлау
Оқушылар бірі – бірінің салған суреттерін аралап қарап, баға береді.

«Жұмбақ сөз» ойыны
Тапсырма №1
Өлең жолдарын дұрыс тауып, ретімен компьютерде орында

Балалық шағың
Тіл жетпес тағы
Патшаның оны бағалап.
Көп өтпей жыл
Сағалап тек жүрмей
Біл күнді тек
“Балалық шақ”
М. Жұмабаев
«Жалғасын тап» ойыны
Тапсырма №2
Мақал - мәтелдердің жалғасын тауып, компьютерде орындаңдар және сәйкес сурет қойындар.
1. Өнер алды -..............
1.............., қол батыр.
1. Аяз..........,.......... біл.
1........... зор байлық.
1. Әке -............,
..... – шалқар көлің.

“Ұшқыр ой” ойыны
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2. Қайталанатын үзінділерді көшіре отырып, мәтінді тер.
Көшірілген үзінділерді басқа түспен ерекшеле.

Көбелек
Ақ қанатты көбелек,
Көк қанатты көбелек,
Қызыл қанатты көбелек,
Бақшамызға келе кет.
Гүлдер, гүлдер көктесін,
Көбелектер көп келсін.
Ақ қанатты көбелек,
Бақшамыздан кетпесін.
Көбелек - ау, көбелек,
Бақшамызға келе кет.

3. Тақпақты жазып болғаннан кейін көбелектің суретін қойындар.

“Кім жылдам” ойыны
Тест тапсырмалары берілген. Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түске, ал дұрыс болмаса қызыл түске боялады.

Ү. Сергіту сәті:
Көз жаттығуларын жасау.
ҮІ. Сабақты бекіту.
1. Мәтін ішіне суретті кірістіру үшін қандай іс – әрекет орындалады?
2. WordPad құжатынан шығудың неше тәсілі бар?
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру
3 515
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Оқушылардың WordPad - ты іске қосу, WordPad терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру.
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Қарағанды облысы, "Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ информатика пәнінің мұғалімі Магзумова Диана Сайлаубековна
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каюпова Раушан Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
WordPad құжатына суреттерді кірістіру. WordPad бағдарламасынан шығу
WordPad құжатына суреттерді кірістіру. WordPad бағдарламасынан шығу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің физика және информатика пәні мұғалімі УМИРЗАКОВА НУРГУЛ ОНГАРБАЕВНА
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×