Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кесте. Кестелер құру, кестелерді редакциялау

09 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика пәнім мұғалімі Игишева Римма

Информатика 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Кесте. Кестелер құру, кестелерді редакциялау.
Оқып - үйренудің негізгі мақсаттары: Оқушыларды кесте құруға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруді, редакциялауды үйрету.
Оқыту нәтижелері:
 Microsoft Word мәтіндік процессорында кесте түрлі әдістер бойынша құрып үйренеді;
 Кестелерге мәтін жазып, редакциялай алады;
 Кестенің жолдар мен ұяшықтардан тұратынын, олардың қиылысқан жерінің бірігіп ұяшық құрайтынын түсінеді;
 Кестелерді өзгертіп, әр түрл кесте түрлеріне келтіре алады.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер, қолданылатын модульдер: Жұптық және жеке жұмыс, СТО, диалог, АКТ - ны қолдану.

Қадамдар: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жұптық жұмыс
4. Рефлексия
5. Бағалау

І. Білу. «Миға шабуыл»
Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақтар:
1. Microsoft Word мәтіндік процессорын қалай іске қосамыз?
2. Word мәтіндік редакторының меню жолдарын көрсетіңіз?
3. Беттің параметрін альбомдық түрге келтіру жолын көрсетіңіз?
4. Құжаттың жиегін (рамка) қалай баптаймыз?
5. Құжатты 2 бағанға (колонка) қалай бөлеміз?
6. Бет параметрлерін қалай өзгертеміз? Жоғары 2 см, төмен 2 см, оң жағы 3 см, сол жағы 2 см күйге келтіріңіз.
7. Барлық бетті баспаға (печать) шығару үшін қандай қадам жасаймыз?

Мынадай кесте түрлері беріледі. (оқушылардан кестенің түрі туралы сұралады)
1. Суретте не берілген?
2. Суреттен өзгешелік байқала ма?
3. Неліктен бұлай жасалады деп ойлайсыңдар?

Жаңа тақырыпты меңгеру.
• Кесте дегеніміз – бұл баған мен жолдардың қиылысы.
• Кестенің бағаны мен жолының қиылысқан жері ұяшық деп аталады.
Кесте құрудың әдістері:
1. Вставка ⇒ таблица ⇒вставить таблицу ⇒
2. Вставка ⇒ таблица ⇒
3. Вставка ⇒ таблица ⇒нарисовать таблицу
 Кестенің ішін біріктіру үшін:
Кестені ерекшелеп алып, объеденить ячейки арқылы;
 Кестені ұяшықтарға бөлу үшін:
Кестені ерекшелеп алып, разбить ячейки арқылы;
 Кесте ұяшығындағы мәтіннің бағытын өзгерту үшін:
Кестеге барып, тышқанның оң жақ батырмасы арқылы динамикалық менюден Направление текста батырмасын басамыз.

Өзіңді тексер!
Компьютермен жұмыс орындау.
Жұппен жұмыс. (сыныпты 2 адамнан жұптастыру.) Сөздер беріледі, жұбын табу арқылы компьютерді жұмысты бірігіп орындайды.
КЕС – ТЕ, ҰЯ – ШЫҚ, БА – ҒАН, МА – КЕТ, ЖОЛ – ДАР, ҚҰ – ЖАТ, СЫ – ЗЫҚ.

Деңгейлік тапсырмалар.
№1 -№3 жұптарға.
1. Word мәтіндік редакторында 5 баған және 4 жолдан тұратын кесте сыз.
2. Осы кестенің 2 жолын біріктіріңіз және 5 бағанын 2 бөлікке бөліңіз.
3. 5 жолдан, 6 бағаннан тұратын кестені өзгертіңіз.

№2 -№4 жұптарға.
1. Word мәтіндік редакторында 4 бағаннан 7 жолдан тұратын кесте сыз.
2. 2 - жолын біріктіріңіз және 2 бағаның 6 - 7 жолын 2 бөлікке бөліңіз.
3. 6 баған және 7 жолдан тұартын кесте сызып, ішін толтырыңыз.

№5 -№7 жұптарға
1. Word мәтіндік редакторында 6 бағаннан, 6 жолдан тұратын кесте сыз.
2. Осы кестеге бір баған, 6 жол қосыңыз. 7 бағанды біріктіріңіз.
3. 7 баған және 5 жолдан тұратын кесте сыз. 1 - бағанның 1 - 2 - ші жолын біріктіріңіз. 2, 3, 4 бағандарының 1 - жолын біріктіріңіз. 5, 6, 7 бағандарының 1 - жолын біріктіріңіз

№6 -№8 жұптарға.
1. 6 баған және 8 жолданы тұратын кесте сызыңыз.
2. 5 баған және 8 жолдан тұратын кесте сыз. Сол жақ шетінен 1 баған және 1 жол қосыңыз. 1 - бағанды біріктіріңіз.
3. 7 баған және 5 жолдан тұратын кесте сыз. 1 - бағанның 1 - 2 - ші жолын біріктіріңіз. 2, 3, 4 бағандарының 1 - жолын біріктіріңіз. 5, 6, 7 бағандарының 1 - жолын біріктіріңіз

Қорытындылау.
Жұмбақтар
1. Тұрады ол жолдар мен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Қане ойланып көрейік ол не екен?
Баған мен жолдарды жасалынған. (кесте)

2. Кестенің бір негізгі элементі
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізі болған қызметі. (жол)

3. Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Баған мен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды. (ұяшық)

Бағдаршамның 3 түсі арқылы бағалау.
9 160
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Практикалық жұмыс «MS Word мәтіндік редакторында кестелермен жұмыс»
Практикалық жұмыс «MS Word мәтіндік редакторында кестелермен жұмыс»
MS Word мәтіндік редакторында кестемен жұмыс жасау, кестені түрлендіру және пішімдеу қабілеттерін жүйелеу. Кестені пішімдеу тақырыбына алған білім деңгейлерін практикалық тапсырмалар арқылы тексеру.
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
Кесте ішіндегілерін енгізу жəне пішімдеу
Кесте ішіндегілерін енгізу жəне пішімдеу
Оқушыларды мәтіндік процессорында кесте ішіндегілерін енгізу жəне пішімдеу. Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Кесте. Кестелер құру. Практикалық жұмыс
Кесте. Кестелер құру. Практикалық жұмыс
№31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Сарсенова Г.
Кестелер. Кестелерді құру
Кестелер. Кестелерді құру
Информатика пәні мұғалімі Толебаева Ж.Ж.
Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу
Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу
Оңтүстік Қазақстан, Сарыағаш қаласы. Информатика пәні мұғалімі Жорабеков Елшібек
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×