Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


КОМПЬЮ – БУМ ШОУ сайысы

05 желтоқсан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, №3 мектеп – интернатының
информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы

КІРІСПЕ.
Мен оқушыларға информатика пәнінен «БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКТЕР» үйірмесінде«КОМПЬЮ – БУМ ШОУ» тақырыбында үйірме сабағын өттім. Үйірмеге 7, 8, 9 сынып оқушыларынан 15 оқушы қатысты. Тақырыпты «КОМПЬЮ – БУМ ШОУ» сайысы деп таңдағандағы мақсатым, оқушылардың информатика пәнінен және басқа да пән сабақтарынан білімдерін тексеру, алған білімдерін одан әрі дамыту, оқушыларды жылдамдыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу болатын. Сабақ барысында оқушыларды үш топқа бөліп алып, үш топқа байланысты алдын-ала дайындалған слайд арқылы сабақты жүргіздім. Сабақтың соңында үш топтан «Интернет» тобының жинаған ұпайы жоғары ұпайға ие болып, алға шықты.

Сабақтың тақырыбы: «КОМПЬЮ – БУМ ШОУ» сайысы!
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін дамыту.
2. Оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
3. Жылдамдыққа, ұшқырлыққа, топпен жұмыс жасауға, мәдениеттілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: ойын сабақ.
Сабақтың әдістері: түсіндірмелі, сөздік, көрнекі.
Сабақтың көрнекіліктері: 1. Компьютер-1
2. Бейнепроектор – 1
3. Экран- 1
4. POWERPOINT бағдарламасы.
5. Слайд- 1
Пәнаралық байланыс:
1. Сурет
2. Қазақ тілі
3. Тарих
4. Биология
5. География.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Информатика негіздері журналы
2. 7-информатика (Н. Ермеков, Н. Стифутина)
3. Мақал-мәтелдер жинағы
4. Дидактикалық материалдар жинағы

Күтілетін нәтиже:
• Оқушылар қабілетіне қарай сапалы білім алады.
• Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жүмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.
• Оқушылардың білімі, икемі, дағдысы ағымды және қорытынды бақылауға алынып, үнемі тексеріліп отырады.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды «Алгоритм», «Интернет», «Компьютер» деп үш топқа бөліп алу қажет.

1. Үш топ өздерінің қалағанындай етіп берілген тақырыптар бойынша өз топтарын қорғайды.
2. І. ТАРТЫС
ІІ. ЖЕТІ ЖҰМБАҚ
ІІІ. ШЕШЕНДІК ӨНЕР

І. ТАРТЫС: пән бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

БИОЛОГИЯ: Метоздың фазаларын ата?
ГЕОГРАФИЯ: Жапонияда Шығыс Астана деп қай қаланы айтады?
ТАРИХ: Сақ тайпасының әйел патшасы кім?

ІІ. ЖЕТІ ЖҰМБАҚ: төртбұрыштардың ішіне жеті сан жазылады, сол сандардың қайсысын таңдаса соның ішіндегі жұмбақтың жауабын табу қажет.
1. Қаласы бар үйі жоқ.
Көлі бар суы жоқ,
Орманы бар талы жоқ. (Карта)
2. Өзі ащы, бірақ дәмді етеді асты. (Тұз)
3. Қазақша жыл басы. (Наурыз)
4. Есігі біреу, бөлмесі бесеу. (Қолғап)
5. Мойны бар, басы жоқ,
Жеңі бар, қолы жоқ. (Көйлек)
6. Тығулы сағат,
Таппайды тағат. (Жүрек)
7. Еш тесікке тұрмайды,
Онсыз жер құрғайды. (Су)

ІІІ. ШЕШЕНДІК ӨНЕР. Оқушыларға тосын сұрақтар қойылады, оқушылар сол сұрақтарға тез әрі көрнекі сөздермен, тіл байлығын жеткізе түсіндіріп беру қажет.
1. Сен жалғыз өзің жолдан өтіп бара жатып алдыңда есін білмейтін адамның жатқанын көрдің, сенің бірінші іс-әрекетің және ойың қандай болар еді?
2. Сен поездан түсетін уақытың жақындап қалғанын білмей ұйықтап қалыпсың. Поезд тоқтағанда ұйқыңнан ояндың, ал поезд жүріп кетті. Сенің іс-әрекетің және ойың қандай болар еді?
3. Бүгін биология сабағынан мектеп директорының орынбасары сабаққа кіріп, оқушылардың сабаққа қалай дайындалып келгенін тексеріп отыр, ал сен сабаққа дайын емессің, мұғалім сенен сабақ сұраған жағдайдағы сенің іс әрекетің қандай болатын еді?

Сабақ соңында оқушыларды марапаттау.
4 675
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
The Leader of the XXI century
The Leader of the XXI century
Оқушыларды ағылшын тіліне әлемдік тіл ретінде қызығушылығын қалыптастыру. Өткен Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттері тақырыптары бойынша білімдерін тиянақтау. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу,
Кембридж бағдарламасы бойынша информатика пәнінен 5-11 сыныптарға ОМЖ
Кембридж бағдарламасы бойынша информатика пәнінен 5-11 сыныптарға ОМЖ
Кембридж бағдарламасы бойынша информатика пәнінен 5-11 сыныптарға ОМЖ
Информатика күнтізбелік жоспар
Информатика күнтізбелік жоспар
Негізгі білім беру деңгейінің 5 - 9 сыныптар үшін «Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру 10 - 11 - сыныптары үшін «Информатика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
Информатика - ғасыр талабы
Информатика - ғасыр талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жаппасбаева Гаухар Нұрмұхамедқызы
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Кім білімді, кім жылдам, кім күшті сайысы (презентация)
Кім білімді, кім жылдам, кім күшті сайысы (презентация)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ысқақова Шәмшінұр Абдулхайқызы Информатика пәні мұғалімі: Каюпова Раушан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×