Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Модельдеу

02 ақпан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Модельдеу. Модель түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Модель» ұғымымен таныстыру, Модель түрлерімен таныстыру,
Модельдердің жасалу жолдарымен түрлерін білу, олардың жасалу тәсілдерін меңгеру.
Дамытушылық: Модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру өрнектелу жолдарын көрсете білуге үйрету. Үшөлшемді графикада модельдеуді үйрету. Модельдерге құруға мысал келтіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс,
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, сызбанұсқа, бағдарламалар, қима таратпа қағаздар.
Сабақтың міндеті:
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақта көмегімен түсіндіру, практикалық жұмыс;
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта, материалдық модельдеуге арналған қағаз;

Сабақ жоспары:
I. Үйымдастыру кезеңі /2 мин/
II. Үй жұмысын сұрау /5 мин/
а) өтілген тақырыпты пысықтау тест /5 мин/
III. Жаңа сабақ /10 мин/
IV. Жаңа сабақты пысықтау /10 мин/
V. Сабақты бекіту, қорытындылау /10 мин/
VI. Бағалау /2 мин/
VII. Үй жұмысы /1 мин/
Сабақ барысы:
I. Үйымдастыру кезеңі: /2 мин/
Балалар, көңіл күйлерің жақсы болса, сабағымызды жалғастырамыз. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, фишкалар арқылы топқа бөліп алу.
II. Үй жұмысын сұрау /5 мин/
Программалау тілі тарауын қайталау. Тест арқылы оқушылардың білім дәрежесін анықтау.

1. Алгоритм деген не? 2. Алгоритмнің негізгі қасиеттері қандай?
3. Алгоритмнің бір мәндлігі дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Блок схема деп неге айтылады? 5. Алгоритмнің негізін саған ғалым кім?

а) өтілген тақырыпты пысықтау тест /5 мин/
1. «Kahoot» бағдарламасы арқылы өтілген тақырыптар бойынша тест аламыз.
2. Тест жауабын анықтап, бағалау.

Ал балалар, енді мына бір ребусті шешіп көрейікші, қандай сөз шығады екен.
ІІІ. Проблемалық сұрақ. «Модель деген сөзді естіп көрдік пе? Естісек, қайдан?» 2 /мин/
арқылы, модель, модельдеу үғымдарын түсініп алатын боламыз.

Open the kopy book. What dey is it todey. Rait the dey.

III. Жаңа сабақ: /10 мин/
Модель - дегеніміз нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың модельдерін құру.
Модель өзі материалдық және ақпараттық болып екіге бөлінеді. Ақпараттық модель таңбалық және вербальдік болып бөлінеді. Ал таңбалық модельдің өзі Компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді екен.

Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.
Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.
Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.
«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.
Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.
Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет етеді.

Электронды оқулықпен жұмыс.
Модельдеудің кезеңдері: есептің қойылымы, модельді құру, компьютерлік модель, модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сәйәкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады. Анықталған қате – бұл да нәтиже болып есептелінеді.
Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:
Қоршаған ортаны танып - білу;
Берілген қасиет бойынша нысанды құру;
Әсердің нысанға тигізер салдары;
Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару
Модель туралы бейне баян
Жаңа сөздермен жұмыс

Қазақша Русский English
модель модель model
пішін макет layout
нысан объект an object
ауызша вербаль verbal

Сергіту сәті. Ал балалар бүгінгі сергіту сәтімізде біз бір - бірімізге сыйлық тапсырамыз. Іс - әрекет қимыл арқылы сыйлаймыз. Кейінірек сол сыйлықты табамыз.
IV. Жаңа сабақты пысықтау /10 мин/
. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс. SketchUp программасында үйдің моделін құрастыру.

Тапсырма 1. 1деңгей
1. Sketshup бағдарламасын іске қосамыз. Құралдардың көмегімен үй макетін құрамыз.

Құру барысында (автофигураларды және сызықтарды), Копирование, Переместить, Преобразовать, Повернуть, Отразить, Группировать, Вставить командаларын қолдануға болады.

2. Жұмысыңызды «Менің үйім. doc файлымен сақтаңыз.
Тапсырма 1. 2 деңгей
1. Sketshup бағдарламасын іске қосамыз. Құралдардың көмегімен үй макетін құрамыз.
1. Жұмысыңызды «Менің үйім. doc файлымен сақтаңыз.
7. Жұмысыңызды «Үйшік» деп сақтаңыз.
Үлгермеуші оқушымен жұмыс. Тапсырма 3. 3 деңгей.
Жүк машинасын құрастыр.
1. Мысал бойынша жүк машина суретін сал
(кетіргіш құралын пайдалан).
2. Қандай құралдардың көмегімен сіздер жүгіндіңіздер.
3. Қандай элементтерді пайдаландыңыздар.
«Молоко» деген сөзді енгізіңіз.
4. Жүк машина деп сақтаңыз.
V. Сабақты бекіту, қорытындылау /10 мин/
Әр топқа постер әдісі бойынша тақырып беремін оқушылар қорғайды.
1 - топ «Болашақ Қазақстан» тақырыбының модельін жасап қорғайсыңдар
2 - топ «Болашақ мектеп» тақырыбының модельін жасап қорғайсыңдар
3 - топ «Болашақ оқушы» тақырыбының модельін жасап қорғайсыңдар
Ал балалар өте жақсы бүгінгі сабағымызда постер әдісі бойынша жақсы қорғап шыққан топты «Аквариум әдісі» арқылы сұрақтың астына аламыз. Екі топ қоршап тұрып бүгінгі өтілген сабаққа байланысты сұрақтар қояды.
VI. Бағалау /2 мин/
VII. Үй жұмысы /1 мин/ §13 оқу. Компьютерлік модельдеу
Қандай да бір объектінің материалдық моделін құрып келу
3 479
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Модельдің түрлері. Модельдеуге тәжірибелік жұмыс
Модельдің түрлері. Модельдеуге тәжірибелік жұмыс
модельдің түрлерімен танысады. ақпараттық модель, компьютерлік модель түсінігін біледі. нысанды зерттеу сызбасын және модельді жіктеуді орындайды
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Әртүрлі салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу
Әртүрлі салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу
Модельдеу, формальдау ұғымдарын қалыптастыру мақсатында өткен материалдарға. Модельдеудің негізгі түрлерімен таныстыру және сипаттама беру; Оқушыларда модельдерді формальдау кезінде зерттеушілік құзыреттілігін, логикалық ойлауын дамыту, ой - өрісін
Әртүрлі салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу
Әртүрлі салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу
Модельдеу, формальдау ұғымдарын қалыптастыру мақсатында өткен материалдарға. Модельдеудің негізгі түрлерімен таныстыру және сипаттама беру;
Ақпараттық модельдеу
Ақпараттық модельдеу
Оқушыларға ақпараттық модельдеу, модельдеуді сипаттау әдістері, модельдің қасиеттері жайлы жалпы түсінік беру. Оқушыларды ақпараттық модель мен материалдық модель ажырата білуге дағдыландыру, олардың түрлерін таныстыру.
Апараттық модельдеу
Апараттық модельдеу
Модельдің түрлерін екі үлкен классқа бөлуге болады: материалдық және ақпараттық. Материалдық модель – модельдеу нысанның маңызды белгілерін көрсететін нақты бір зат.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×