Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Front Page редакторы және олармен жұмыс

13 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға FrontPage редакторы туралы білімдерін жетілдіру, олармен жұмыс істеуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға FrontPage редакторы туралы толық түсіндіре отырып, өз беттерінше жұмыс істей алуларына дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, тазалыққа, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, практикум
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, FrontPage редакторы, тапсырмалар, сызбалар.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
3. Сабақты бекіту
4. Сабақты қорытындылау.
5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Егер бірінші ЭЕМ - нің бүгінгі күннен тек жарты ғасыр ғана бұрын құрылғандығын ескеретін болсақ, онда Internet компьютерлік әлемнің ардагері деуіміз дұрыс болар. Себебі Internet тарихы осыдан 30 жыл бұрын басталған. Алпысыншы жылдардың аяғында құрылған Internet АҚШ елдерінде көбінесе коммуникациялық желі ретінде қолданылған (ARPAnet деп аталған). Ол көбінесе жоғарғы оқу орындарында қолданылып, тек сексенінші жылдары ғана бұл желі өз қанатын бүкіл елге жайып, Internet — деген атау алады.
Бүгінгі күні бағдарлаушыларға Web - беттерді құру үшін жүздеген әр түрлі бағдарламалар, құралдар бар екендігі бәрімізге мәлім. Солардың ішінде HTML - редакторлары, графикалық пакеттер және осылардың ішіндегі ең мықтысы – Front Page бағдарламасы да Web - беттерді құру үшін құрылған.
Біз Web - бет жасауға кірісер алдында негізгі түсініктермен және терминдермен танысуымыз қажет. Ол үшін мына сызбаларға назар аударайық!

Сайт - Web - серверде жататын беттердің НТМL пішіміндегі жиыны.

Web – сервер - Интернетке үнемі қосылып тұратын компьютер, ол осы беттерді пайдаланушылардың сұратуы бойынша береді.

Web – торап - Web - беттердің жай жиынтығынан анағұрлым үлкен. Бұл — торапты біртұтасқа байланыстыратын гиперсілтемелер жүйесі.

Үй беті (домашняя страница) - Сұратуда Web атын көрсетіп, бірақ нақты беттің атын бермеген пайдаланушының сұратуы бойынша сервермен берілетін Web - бет.

Шаблон - Мүмкіндігіне орай FrontPage толтыруды ұсынатын сайттар мен беттердің үлгісі.

1 - сызба. Негізгі түсініктер мен терминдер.
Front Page редакторы

3. 2 - сурет Менің сыныбым беті
2) Сөзжұмбақ шешу
1. F o l d e r s ---------------1. Инструменттер панелінде қапшықтар және файлдармен торап ішінде жұмыс істеу режимі.
2. P r e v i e w -------------2. Нәтижені браузердегідей қарау.
3. R e p o r t s --------------3. Есеп берулер, торап жөніндегі ақпарат.
4. n o r m a l ---------------4. Бетті визуальды жасау (Word - тағыдай жасау)
5. H T M L -----------------5. Гипермәндік белгілеу тілі.
6. J P E G -------------------6. FrontPage бағдарламасындағы көп түрлі графикалық форматтардың бірі.
7. T a s k s ------------------7. Тапсырмаларды бейнелейді.
8. N a v i g a t i o n -------8. Навигация, ол тораптың құрылымын қарауға және өзгертуге мүмкіндік береді.
9. W e b - с е р в е р -----9. Интернетке үнемі қосылып тұратын компьютер

3) Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін беретін қызмет түрі:
А) Internet
B) Arpanet
C) WWW *
D) Usenet
2. Интернет желісімен жұмыс істеу үшін мыналар болуы керек:
А) Компьютер, модем, телефон *
В) Компьютер, сканер, модем
С) Компьютер, телефон
Д) Компьютер, модем, принтер
3. Frontpage - де ең жиі қолданылатын графикалық формат.
А) BMP файлдары; TIFF (TIF);
В) Sun Raster (RAS); Postscript (EPS);
С) Paintbrush (PCX);
Д) JPEG (JPG); *
4. Шаблондар дегеніміз....
А) Сайттар мен беттердің үлгісі *
В) Бағдарламалық модуль
С) Тапсырмаларды бейнелейді
Д) Түстер палитрасы
5. Сайт дегеніміз не?
А) Сұратуда Web атын көрсетіп, бірақ нақты беттің атын бермеген пайдаланушының сұратуы бойынша сервермен берілетін Web - бет.
В) Интернетке үнемі қосылып тұратын компьютер, ол осы беттерді пайдаланушылардың сұратуы бойынша береді.
С) Web - серверде жататын беттердің НТМL пішіміндегі жиыны. *
Д) Мүмкіндігіне орай Frontpage толтыруды ұсынатын сайттар мен беттердің үлгісі.
6) Сервердің алғашқы бетінде жазылатын адрес.
А) IP адресі
В) URL адресі *
С) DNS адресі
Д) SRL адресі
7. Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға:
А) сервер
В) протокол
С) провайдер *
Д) модем
8. Web беттерді құруға арналған бағдарлама
А) PowerPoint
В) Paint
С) Word
Д) FrontPage *
ІV. Сабақты қорытындылау.
Балалар, сонымен біз бүгін Web бет құруға арналған редактормен таныстық. Ол редакторды пайдаланып сендер өздеріңнің Web – беттеріңді қалай құруға болатыны туралы білесіңдер, өздерің берілген тапсырманы өз беттеріңше орындай алатындай болдыңдар.

V. Бағалау.
Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау және тапсырмаларын орындаған оқушыларға да баға қою.
VI. Үйге тапсырма.
«FrontPage редакторы және олармен жұмыс» тақырыбын оқу, сұрақтарға дайындалып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 457
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар ИНФОРМАТИКА 11 - сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар ИНФОРМАТИКА 11 - сынып
Техника қауіпсіздік ережелері және жұмыс орнын ұйымдастыру
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Оқушылардың сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді үйрену.
MS Word мәтіндік редакторы
MS Word мәтіндік редакторы
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Microsoft FrontPage бағдарламасы
Microsoft FrontPage бағдарламасы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жұбан ауылы, Талап ОЖББМБ информатика пәні мұғалімі Бекетова Гүлдана Бауыржанқызы
Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторы
Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ермекова Айгерім Мұханбетқызы
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каюпова Раушан Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×