Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Windows’98 – дің операциялық жүйесі

15 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Windows’98 – дің операциялық жүйесі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды операциялық жүйенің негізгі объектілерін таныстыру, объект қызметімен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру;
Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттерін, танымдық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекіліктері: сөз жұмбақ, карточкалар, компьютер
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, баяндау, көрсету

Сабақтың өтілу жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Ұй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Карточкамен жұмыс
V. Сабақты қорытындылау
VI. Үйге тапсырма беру
VII. Оқушыларды бағалау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
оқушылармен амандасу;
оларды түгелдеу;
сабаққа назарларын аудару

ІІ. Ұй тапсырмасын тексеру
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене

Бәріңіз маған қараңыз!
Сабағымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық

Мұғалім: оқушылар өткен сабақта біз «Компьютердің құрылғылары» тақырыбында бітірдік, осы тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру барысында мен сендерге «сөз жұмбақ» және «тест» құрастыруға бердім.
(компьютерден компьютердің құрылғыларының суретін көрсетемін). Енді сол сөзжұмбақты дәптерімізге қарамай шешіп көрейік.

Сұрақтары:
1. Компьютер экранына ақпарат шығаруға арналған программа?
2. Ол компьютерді басқарады және программалардағы барлық командаларды орындайды?
3. Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы?
4. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы?
5. Компьютерге ақпаратты енгізуге арналған кілем үстінде жүретін құрылғы?
6. Интернетпен байланысуға мүмкіндік беретін құрылғы?
7. Қағаздағы бейнені монитор экранына көрсетуге арналған құрылғы?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Мұғалім: Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасақтауды басқару үшін қажет. Ол компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Операциялық жүйе – компьютер қосылғанда бірге жүктелетін және оның барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе жүктелгеннен кейін экран бетінде суретте көрсетілгендей жұмыс үстелі пайда болады

Жұмыс үстелі
Жұмыс үстелінде Windows’98 – дің обеъктілері және басқару элементтері орналасады. Обеъкт – ұғым. әр объектінің өзіне тән қасиеттер болады. Windows’98 – дің объектілеріне бумалар, файлдар, терезелер, таңбашалар, белгішелер мен тышқан көрсеткіші жатады.

Обеътілер (компьютерден көрсетемін)
(мой документы, мой компьютер, корзина т. б.)

Файл – дискідегі атауы бар аймақ. Жұмыс үстелінде объектіден басқа, басқару элементтері болады. Оларға «Іске қосу» (Пуск) командалары жатады.

Экранның төменгі жағында орналасқан сұр жолақ «Есептер тақтасы» деп аталады. Есептер тақтасының оң жағында сағат орналасқан. Сағатты баптау үшін сағат үстінде тышқанның сол жақ батырмасын 2 рет шерту жеткілікті. Уақыттан басқа, күнді де өзгертуге болады. Windows’98 – дің объектілерімен төмендегі әрекеттерді орындауға болады: белгілеу, жылжыту, қосу, созу, ашу, жабу. Бұл объектілерді орындау үшін тышқанды (маусты) дұрыс жүргізу керек. Мауспен шерту жаттығуларын орындауды бастамай тұрып, жұмыс істеуге қажетті бірнеше негізгі батырмаларымен таныс болайық:
Терезені жабу батырмасы
Терезені жыймалау батырмасы
Терезені жаю батырмасы
Алдын ала Windows’98 - ден қалай шығу, яғни оның жұмысын қалай аяқтау керек?
Ол үшін:
Пуск Выключить компьютер ОК командаларын орындаймыз.

IV. Сабақты қорытындылау
Сабақты бейнесөз (ребус) арқылы қорытындылаймын. Бейнесөзден «Жұмыс үстелі» деген сөз шығады.
Мұғалім: олай болса, жұмыс үстелінің элементтерін ата?
Оқушылар: қапшықтар, файлдар, бумалар, есептер тақтасы, белгішелер.
Мұғалім: оқушылар жылдамдатып мына тестті орындап жіберейік.
Оқушылар: тест орындайды.

V. Үйге тапсырма беру
Мұғалім: оқушылар үйге бүгінгі өткен тақырыбымызды оқып келеміз.

VI. Оқушыларды бағалау
Мұғалім: сабаққа жақсы қатысқан, үйден сөз жұмбақты шешіп келген және тест құрап. Тестке жақсы жауап берген оқушыларды бағалаймын.
5 759
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Операциялық жүйені баптау
Операциялық жүйені баптау
Оқушыларға Windows операциялық жүйесі бойынша білімді меңгерту.
Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары
Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары
Операциялық жүйемен және оның қызметімен, түрлерімен, объектілерімен таныстыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы, Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Информатикадан сабақ топтамасы
Информатикадан сабақ топтамасы
Ақтөбе облысы, Жем қаласы, №3 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Мурзабаева Ақтолқын Рафитқызы
Операциялық жүйелер топтамасы. Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйелер топтамасы. Операциялық жүйелерді баптау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×