Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру. Жергілікті желі. Электронды пошта. Хабарлар құру және хаттармен жұмыс істеу

06 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру.
Жергілікті желі.
Электронды пошта. Хабарлар құру және хаттармен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты: 1. «Электронды хабар», «Компьютерлік желі» ұғымдарымен таныстыру. Электрондық пошта мен электрондық хабарлар туралы түсінік беру. Электрондық адрес туралы түсінік беру. Internet Mail бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету.
2. Оқушылардың компьютерлік желінің не екенін, модем дегеніміз не және ол не үшін қолданылады, электрондық адрес деген не екенін білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Көрсете - түсіндіру
Білім – білікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс:
- компьютерлік желінің не екенін;
- компьютерлік желінің арналуын;
- компьютерлік желінің жіктелуін;
- жергілікті және жалпы желі не екенін;
- жергілікті желіні ұйымдастыруды;
- ДК және компьютерлік желінің ресурстарын;
- хаттама деген не және қалай қолданылатынын;
- хаттама деген не және ол қандай құралдың көмегімен хабар жіберуге болады;
- модем дегеніміз не және ол не үшін қолданылады;
- жергілікті желі түрлерін;
- электрондық адрес деген не екенін;
- электрондық хабар деген не екенін;
- хабарлар қалай жіберілетінін;
- электрондық хабарлармен жұмыс істеу ережелерін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
- жергілікті желіні қолдануды;
- жергілікті желі мысалдарын келтіруді;
- «Жергілікті орта» қапшығымен жұмыс істеуді;
- хабарларды құруды, редакциялауды, сақтауды және ашуды;
- хабарларды жіберуді және қабылдауды.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Жергілікті желі мен хабарлар және оларды жіберуі қабылдау туралы айтпас бұрын, берілген тақырыпты түсінуге қажет негізгі ұғымдарды берейік.
ДК ресурстары - бұл құрал - жабдықтар(аппараттық қамсыздандыру, бағдарламалар(бағдарламалық қамсыздандыру) және ДК - да сақталатын және оқылатын деректер.
Ортақ ресурс - бұл компьютердің немесе жергілікті желінің ресурсы, ол бірнеше қолданбалар немесе пайдаланушылар пайдалана береді(бір уақытта немесе әр уақытта)
Компьютерлік желі (Network) деп ресурстарды бірге қолдану және ақпараттарды алмасу үшін біріктірілген бірнеше компьютерлерді атайды.
Компьютерлерді тікелей қосу - бұл екі компьютердің параллель портқа қосылған кабельдің қиындысымен қосылуы. Мұнда Windows98 ОЖ - дан басқа, ешқандай қосымша аппараттық немесе бағдарламалық жабдықтаманың керегі жоқ. Тікелей қосқанда бір ДК - жетекші, ал екіншісі ілесуші болып табылады.
Жергілікті желі (LAN – Local Area NETwork) - бұл географиялық бір жерде орналасқан желі. Жергілікті желінің арналуы – ресурстарға бірігіп қатынау (ақпараттар мен құрал - жабдықтарды қолдану), сондай - ақ желідегі жұмыстың барысын бақылау (әкімшілік функция).
Бір рангты желі - бұл құқығы бірдей барлық компьютерлері бірдей функциялар орындайтын жергілікті желі. Мұндай желілер арнайы бағдарламалық жабдықтаманы қажет етпейді.
Клиент - сервер типті желі - бұл екіден артық ДК - ден тұратын желі, оның бірі - файл сервер, ал қалғандары жұмыс стансасы болып табылады. Мұндай желіге қосылу әр компьютерге желілік тақша орнатуды компьютердің кабельді жалғануын, олардың біріккен жұмысын басқаратын арнайы бағдарламалық жабдықтаманы талап етеді. Бұл желі табысты жұмыс істеуі үшін жүйелік әкім қажет.
Сервер - бұл компьютер немесе бағдарламалар дестесі, ол басқа компьютерде орындалатын пайдаланушының дестесіне қызмет көрсетудің спецификалық түрі. Бір компьютерде бірнеше сервер болуы мүмкін.
Файлдық сервер - бұл “Клиент - сервер” желісінде жұмысты басқаратын және ақпаратты сақтайтын арнайы компьютер.
Жұмыс стансасы - бұл желідегі кез келген кәдімгі компьютер, оның ішінде “Клиент сервер” желісіндегі де (файлдық серверден басқа.)
Жүйелік әкім - бұл пайдаланушыларға нұсқаулар жүргізетін және ортақ деректерге қатынау режімін басқаратын желідегі жұмысқа жауапты тұлға.
Желілер топографиясы - бұл компьютерлерді бір желіге қосу схемасы (желі конфигурациясы).
Торап - бұл желіге жалғанған кез келген жеке компьютер.
Модем - аналогтық телефон сымдарының көмегімен компьютерлердің арасында цифрлық ақпарат беру құрылғысы. Ақпаратты қабылдау үшін желінің басқа ұшында да модем болуы керек.
Протокол - бұл техникалық құрылғылардың өзара қарым - қатынас жасауына мүмкіндік беретін ережелер жиыны.
Желілік протокол - бұл желідегі жұмысты басқаратын бағдарламалар кешені (желідегі біріктірілген компьютерлердің қатынау тілі).
Хабар (Message)- компьютерде жазылған және файл түрінде құрылған, белгілі құрылымы және кеңейтілуі бар, оны компьютерлік желі бойынша басқа компьютерге жіберуге болатын хат.
Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі.
Компьютерлік желілеріді бірқатар белгілері бойынша жіктеуге болады, мысалы, территориялық дәрежесі бойынша, топологиясы бойынша, қолданылатын бағдарламалық жабдықтамасы бойынша (ОЖ немесе желілік қызмет), құрылымы (архитектурасы) бойынша және т. б.

Желінің территориялық таралуының дәрежесі бойынша олар мыналарға бөлінеді:
1. Жергілікті желі (ЭЕМ - дер арасы 10 км, көбінесе ЭЕМ жоғарғы жылдамдықты деректер беру арнасы арқылы байланысады, атап айтқанда: шиырылған жұп, коаксиальді кабель, оптикалық кабель және т. б. радио байланысы да қолданылуы мүмкін);
2. Аймақтық желі (тораптар арасындағы қашықтық 10 - 1000 км, байланыс арнасы ретінде көбінесе телефон линиялары қолданылады);
3. Дүниежүзілік (жалпы) желі (тораптар арасындағы қашықтық 10 - 15 мың км, көптеген басқалары мен қатар спутниктік байланыс арнасы қолданылады).
Жергілікті желі. Негізгі ұғымдары (түсіндіру).
Бұл желілер кең тараған, оларда ақпараттың 80 - 90% айналады және олардың тек 10 - 20% сыртқы қатынастармен байланысты.
Жергілікті желіде жұмыс істеудің артықшылықтары:
1. Ортақ ресурстарды көп қолданушылық режімінде қолданылуы;
2. Барлық пайдаланушылардың ортақ принтерде бір уақытта баспаға шығара алуы;
3. Пайдаланушылардың өзара ақпарат алмасуы, электрондық пошта ұйымдастыру мүмкіндігі;
4. Сыртқы жадты тиімді қолдануы;
5. Пайдаланушының кез келген компьютерден, жалпы желінің коммуникациялық торабы болған жағдайда, жалпы желінің ресурстарына қамтамасыз етуі;
6. Оқу процесін әдістемелік жетілдіру үшін желілік ортаны пайдалану мүмкіндігі (жетекші компьютерден ілесетін компьютерлерге жұмысты көрсету және керісінше).
Топологиясы бойынша жергілікті желілерді мыналарға бөлуге болады:
1. Жекеарналы (шина). Мұндай желі арқылы бір торап берген деректерді, барлық тораптар қабылдайды, бірақ тек оған ғана арналған торап қана, оны таниды және қабылдайды.
2. Сақиналық (тұйық). Мұндай желіде деректер бергенде маркерлер қолданылады.
3. Жұлдыз пішінді. Мұндай желінің барлық компьютерлерін біріктіретін активті орта болады. Деректер бергенде мұнда да маркер қолданылады.
4. Ақшақар. Жұлдыз тәрізді топологияның бір түрі.
5. Ағаш түрінде. Жұлдыз топологияның бір түрі.
Жергілікті желілер, қосу және бағдарламалық жабдықтамасының құрылым бойынша мыналарға бөлінеді:
1. Бір рангылы;
2. Тікелей қосу желілері (екі компьютер)
3. Клиент – сервер
4. Бірнеше файлдық серверлерді қолданатын желілер
Жергілікті желіде қолданылатын ОЖ немесе желі қызметі бірнеше негігі топқа бөлінеді:
1. NET WARE 4. 1
2. Windows NT
3. Vines 6. 0
4. OS 2 Warp.
5. UNIX

Жергілікті желідегі жұмыс.
Жергілікті желідегі (мысалы, бір рангылы) барлық компьютерлерге берілген желі үшін бірегей ат беріледі. Әрбір желіні пайдаланушының өз аты мен паролі болады. Windows 98 - дің құрамдас желілік құралдарымен жұмыс істегенде, ОЖ - ны жүктегеннен кейін бірден клиент терезе ұсынады, пайдаланушы ол арқылы өзінің желілік аты мен паролін көрсетіп, желіде тіркеледі. Жалпы ресурстарға қатынау жұмыс үстеліндегі арнайы «Желілік орта» қапшығы арқылы жүзеге асады. «Желілік орта» серверлер (Netware 4. 1, Windows NT) ресурстарын да, бір рангылы желінің компьютерлерінің ресурстарын да көрсете алады. Бұл қапшық арқылы желінің басқа компьютерінің ақпараттарына, егер ол компьютерде бұған алдын - ала рұқсат берілсе, қатынауға болады.

Компьютердің ресурстарын қолдануға рұқсат келесі жолдармен беріледі:
1. «Менің компьютерім» қапшығына кіру;
2. арнайы қапшықты – С, А, В, Д, Е дискілерін белгілеу;
3. Маустың оң жақ батырмасын басу арқылы контексті менюді шақыру;
4. «Қасиеттер» пункітіне кіру
5. «Доступ» (Қатынау) бет белгісін таңдау;
6. «Ортақ ресурс» деген сөз тіркесінің жанына нүкте қою
7. «Тек оқу үшін», «Толық», «Парольмен анықталады» пункттерінің бірін таңдау;
8. «Парольмен анықтау» пунктін таңдағанда, пароль енгізіледі;
9. Берілген ресурстарды пайдаланбасын десеңдер, онда «Жергілікті орта» сөз тіркесін белгілеу керек

Бұдан басқа, желілік ресурстарды бағыттаушы арқылы, қолданбалардағы құжаттарды ашу мен жабу терезелерінде арнайы «Желілік орта» қапшығын таңдап, ол арқылы компьютерді (аты бойынша) бұл компьютердің қатынауға мүмкін ресурстарын (қапшықтар - дискілер), содан кейін қажет файлды қолдануға болады.

СЫНЫПТЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІСІ
Компьютерлік желі – бұл бір - бірімен әр түрлі ресурстарды бірге қолдана алатындай жалғасқан компьютерлер тобы, (бағдарламалар, деректер, құжаттар, шалғай құрылғылар)

Өздерің сыныптарыңдағы компьютердің жергілікті желіге біріктірілу схемасын сал.
Тапсырма мұғалімнің басқаруымен орындалады. Егер сыныптарыңда жергілікті желі жоқ болса, онда компьютердің желіге қосу нұсқаларын салыңдар. Бір рангылы жергілікті желінің үлгісі оқулықта келтірілген.

Сұрқтарға жауап бер.
Тапсырма тақырыпты оқулықтан оқумен және мұғалімнің түсіндіруімен қатар орындалуы мүмкін немесе тақырыпты меңгеруін тексеру үшін қолданылады

Мына белгіше қай жерде орналасқан?
Жұмыс үстелінде

Егер мына белгішені екі рет шертсе не болады?
Жергілікті желімен қамтылған компьютерлерді көрсететін қапшық ашылады сурет

Мына белгіше қай жерде орналасқан?
«Желілік орта» қапшығының терезесінде
сурет
Егер мына белгішені екі рет шертсе не болады?
Барлық жұмыс топтарын көрсететін терезе ашылады
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК (ЖАЛПЫ) ЖЕЛІ ҰҒЫМЫ
Қандай компьютердің топтары жергілікті желімен, ал қандай топтары дүниежүзілік желімен біріктірілетінін бағдаршалармен көрсет.
Тапсырма өз бетімен орындауға ұсынылады.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Электрондық хабар
Жоғарыда айтылғандай, электрондық хабар немесе файл түріндегі хатты, жергілікті желі арқылыда, дүниежүзілік желі арқылы да жіберуге болады. Жергілікті желі бойынша жібергенде ОЖ-ның құрамдас құралдары немесе қызметтер пайдаланылады, ал дүниежүзілік желі бойынша жібергенде арнайы бағдарламалық жабдықтамалар және белгілі электрондық хабарлармен жұмыс істеу ережелері қолданылады, сонымен қатар қосымша аппараттық жабдықтама – модем қажет болады.
Кез келген электрондық хабар (хат) тақырыптық бөлімімен денесінен құралуы керек. Хаттың тақырыптық бөлігінде пайдаланушының, жіберушінің адресі, жіберу уақыты, хат тақырыбы, оның маңыздылығының дәрежесі міндетті түрде көрсетілуі керек. Хаттың денесінде, мәтіннің өзінен басқа, жіберушінің қолы қойылады.
Электрондық хабарлармен алмасу әдеттегі поштадан әлдеқайда ыңғайлы, өйткені ол сенімді, арзан және уақытты үнемдейді.
Электрондық хабарды дайындау үшін арнайы бағдарламалық құралдар, өзгеше мәтіндік редакторлар қолданылады. Хабарларды жіберуді әдетте басқа бағдарламалар орындайды. Мұның бәрі қандай компьютерлік желіні қолданылуымен байланысты.

Негізгі ұғымдар
Электрондық пошта (Е mail) - бұл желіні пайдаланушылар арасында ақпаратты жіберу мен сақтау жүйесі; компьютердің көмегімен кез келген түрдегі хабарларды немесе баспасөз хабарларын беру.
Internet-те қатынаудың екі режимі болады - Off Line және On Line. Электрондық поштамен жұмыс істегенде Off Line режимін пайдаланады.
Off Line – бұл пайдаланушыны онда Хост – машинамен байланыса алатын, поштаны және жаңалықтарды десте түрінде жіберіп ала алатын жұмыс режімі. Off Line режимінде пайдаланушының қосылуы оның өзін тіркеуі де (пароль мен электрондық адрес берілуі) және сәйкес бағдарламалық жабдықтама орнату.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 731
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Internet желісі
Internet желісі
Білім алушыларға интернет желісі туралы жалпы теориялық білім беру, көрсету, зертханалық тапсырмаларды орындау; Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, ой - өрісін және компьютерлік желілермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютерлік желінің түрлері: жергілікті желі, Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру;
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Райханқызы Жанар
Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта.
Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта.
Ауқымды компьютерлік желі, желідегі серверлердің атқаратын қызметі, Интернет желісі, электрондық пошта туралы түсінік беру. Интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету.
Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта
Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта. Мақсаты: 1. Білімді игеруіне сәйкес, біліктер мен дағдыларды және қабілеттерін шыңдау. 2. Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру. 3.
Интернет. Интернет пошталары.
Интернет. Интернет пошталары.
Ақтөбе қаласы №2 мамандандырылған орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Муртазина Асель.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×