Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дыбыс жазу. Фонограф.

17 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс жазу. Фонограф. (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Фонограф бағдарламасына бару жолдарын үйрету. Фонограф бағдарламасында практикалық жұмыс жасауға үйрету. Фонограф бағдарламасында дыбыс жаза және ойната білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ауызбіршілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін дамыту. Дыбыс жазғанда микрофонды пайдалана білуге үйрету.

Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, практикалық тапсырмалар.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта. Слайдтар, Микрофон, Үлестірмелі бетше

Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын қадағалап, назарларын сабаққа аудару.
/Оқушыларды үш топқа бөлу алдынғы сабақтағыдай./

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 топ
1. Блокнот бағдарламасын іске қосу әрекеті атаңыз.
2. Қағаз пішімі, өріс мөлшері, беті альбомдық немесе кітаптыққа ауыстыру әрекетін атаңыз.
3. Формат - шрифт әрекетін не үшін керек.

2 топ
1. Калькулятор бағдарламасын іске қосу.
2. Қарапайым түрі функционалдық батырмаларын атаңыз

3 топ
1. Инженерлік калькулятор ашу әрекетін атаңыз
2. Статистикалық есептеулер жүргізуге арналған функционалдық батырмаларын атаңыз
3. Қосымша функционалдық батырмаларын атаңыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Мультимедиа сөзін естіп пе едіңіздер?
Мультимедиа - бұл компьютердің аппараттық жабдықтамасы және бір уақытта мәтінді, суреттерді, дыбысты, бейнежазбаны, әуенді және анимацияларды /қозғалыста болу/ қолданатын бағдарлама.
Мульти - көп, медиа - мәтін, дыбыс, бейне қолданылатын бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы аты. Мультимедиа компьютерде қолдану үшін қосымша аппаратық жабдықтамалар болу керек. Олар:

1. Колонкалар, динамик, құлаққалқа
2. Микрофон
3. Дыбыс картасы
Windowsxp қолданбалы мультимедиалық бағдарламалар:
- wav пішімінде дыбыстық файлдар жазуға, өңдеуге, ойнатуға Звукозапись бағдарламасы
- Дыбыстық файлдармен бейнефайлдар ойнатуға арналған әмбебап Windows Медиа ойнатқышы
- Бейнемонтаж құралдары бар Windows Movie Maker бағдарламасы.
2. Windows Медиа ойнатқышымен мына жазбалар түрлерін ойнатуға болады:
- әуендік компакт - дискілер мен DVD – дискілер
- әр түрлі пішімдегі жергілікті аудио және бейнежазбалар
- интернеттің ағындағы аудио және бейнежазбалар
Windows Медиа ойнатқышы бағдарламасы қосымша қызметтеріне мыналар жатады:
- әуендік компакт - дискіден жолдарды көшіру,
- әуендік компакт - дискілер жазу
- компьютерде мультимедиалық жазулар кітапханасын жүргізу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 911
0
  • 40
3 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты дыбыстар. Шопан еңбегі. Саққұлақ. Күнделікті сабақ жоспарлары
Дауысты дыбыстар. Шопан еңбегі. Саққұлақ. Күнделікті сабақ жоспарлары
Күнделікті сабақ жоспарлары (Ана тілі 1 сынып). Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар. Шопан еңбегі. Саққұлақ.
WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс жасау
WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс жасау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі Төлеуова Сәнімкүл Шалабайқызы
Блокнот бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу
Блокнот бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу
Айткалиева Баян Сабырғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі
«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы
Фонограф бағдарламасы
Фонограф бағдарламасы
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы. Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназия Информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай Елепбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×