Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Word Pad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен танысу

30 қазан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: WORD PAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: WORD PAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен танысу.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс жасауға, алғырлыққа, батылдыққа, адамгаршілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: WORD PAD мәтіндік редакторында мәтін теруді, мәтін үзінділерімен жасалатын әрекеттерді жасай білулерін, сурет кірістіру командаларын және т. б. мүмкіндіктерін жасай білуін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, үлестірмелі карточкалар, постерге қажетті құралдар.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі көрнекілікті.

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру:
ІІ. Оқушыларды топқа бөлу: Топ аттары: «Мәзір», «Құралдар», «Жұмыс аймағы».

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1 - тапсырма. Бұл тапсырмада әр топқа Word Pad редакторы туралы сұрақтар беріледі.
І топқа: Word Pad редакторы қандай редактор?
Word Pad редакторын қалай іске қосамыз?
Редактордың терезе элементтерін атаңдар.

ІІ топқа: Word Pad редакторында қандай құралдар бар?
Экранда неше меңзер болады?
Word Pad та құжат құру жолдары қандай?

ІІІ топқа: Мәтінді пішімдеу деген не?
Құжатты ашу және сақтау қалай жүреді?
Баспаға беру командасы қандай?
(Оқушылар кітапқа қарап отырып, жауабын қағазға жазу арқылы жауап береді.

2 - тапсырма: Топ аттарын постермен қорғау. Сол қорғаулары бойынша байланыстырып, тақырыпты ашу. І топ «Мәзір» - Перизат.
ІІ топ «Құралдар» - Таңнұр.

ІІІ топ «Жұмыс аймағы» - Салтанат.
Бұл тапсырмалар бойынша әр топ өз аттарын қорғап шықты.
Жарайды оқушылар, сіздердің айтуларыңыз бойынша нені анықтадық. Яғни Word Pad мәтіндік редакторының терезе элементі «Мәзір» жолында біз ондағы меню командаларымен және құрал саймандар тақтасымен, жұмыс аймағында өзімізге қажетті әрекеттерді орындай аламыз. Сонымен осыдан біздің бүгінгі тақырыбымыз келіп шығады. Тақырып: Word Pad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері. Бұл тақырыптың мақсаты, яғни меню жолындағы меню командаларымен, құралдар тақтасымен жұмыс істей отырып, редактордың мүмкіндіктерін игеру.

Word Pad редакторының қандай қосымша мүмкіндіктері бар, соны қарастырайық. Word Pad мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру мүмкіндігі бар. Ол үшін тышқанның көмегімен апару және көшіру әдістерін немесе меню командалары арқылы көшіруді және жылжытуды қолдануға болады. Сол сияқты мәтінге күн мен уақытты кірістіруге, мәтінді іздеуге, мәтінді ауыстыруға, Word Pad құжатына суреттерді кірістіруге болады.
Олай болса экранға назар аударайық.

3 - тапсырма: ДК мен жұмыс. Тапсырма: 7, 9 мамыр мерекесіне орай шығарма жазу.
4 - тапсырма: Командалар сыры. (Жаңа сабақты пысықтауға, диалогтық оқыту)

І топқа: Правка → Копировать (Түзету→Көшіру)
Правка → Вставить (Түзету→Кірістіру)

ІІ топқа: Дата и время (Күн мен уақыт)
Правка → Найти (Түзету→Іздеу)

ІІІ топқа: Правка→Заменить (Түзету→Ауыстыру)
Файл → Выход (Файл→Шығу)

Сергіту: Жаттығу жасау.
Рефлексия: Оқушылар сабақтың өтуі туралы өз ойларын постерге білдіреді.
Бағалау: Әр топта бір оқушы топтағы оқушының жасаған әрекеттеріне қарай бағалау парағындағы әр тапсырманың тұсындағы ұпайлардың қажеттісін белгілеп отырады. Соңында ұпай сандарын қосып, алған ұпайларына қарай оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: Блокнот және Калькулятор бағдарламасына дайындалып келу.
5 316
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
Word мәтіндік редакторы
Word мәтіндік редакторы
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Жагипарова Данагуль Жаксиликовна
Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері
Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ойыл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Назарова Гүлжанат Жүсіпқалиқызы
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×