Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде құрылған «Берік отбасы» бағдарламасы сегіз елге енгізілді

15 сәуір 2021, Бейсенбі
Категориясы: Әлемде
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде құрылған «Берік отбасы» бағдарламасы сегіз елге енгізілді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында құрылған «Берік отбасы» бағдарламасы Орталық Азиядағы, сондай - ақ Иран, Пәкістан және Ауғанстандағы мектеп психологтарының оқу жоспарларына енгізілді.
UNODC Вена штаб - пәтерінде (БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы) отбасылық құндылықтарға арналған қазақстандық жобаға жоғары баға берілді. UNODC - тің 64 - ші сессиясында тәуелсіз сарапшылар аймақтағы денсаулық пен әлеуметтік дамуға арналған тақырыптық зерттеулердің нәтижелерін ұсынды. Қылмысқа және есірткінің таралуына қарсы тұратын негізгі факторлардың бірі ретінде отбасы миссиясына ерекше назар аударылды.

UNODC аймақтық кеңсесінің өкілі Рой Солтаниан Назарбаев Зияткерлік мектептерінде құрылған «Берік отбасы» бағдарламасының табыстылығын атап өтіп, тәуелсіз сарапшылар оның сегіз елдің мектеп психологтарына енгізуге ұсынғанылғанын айтты. NIS Балалардың игілігін қамтамасыз ету департаменті Oxford Brookes University - дің Дебби Ален және Линдси Кумбспен бірге ұйымдастырған тренингтердің бірі жайындағы тақырыптық бейнеролик 64 - ші сессияда көрсетілді.
«Берік отбасы» – бұл UNODC (БҰҰ - ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы) бастамасымен құрылған және 35 - тен астам елде қажеттілігін дәлелдеген халықаралық жоба.
– UNODC жасөспірімдерге қауіпсіз және игілікті орта қалыптастыруға, қауіпті және қоғамға жат мінез - құлық үлгілерінің алдын алуға, отбасылық құндылықтарды құрметтеуге мүдделі, – деп түсіндірді Қазақстандағы бағдарламалық кеңсенің ұлттық жобалық офицері Жанерке Омарова.
Республика көлемінде «Берік отбасы» өз жұмысын Зияткерлік мектептерден бастады. NIS - те құрылған және бірден бірнеше елге таралған дәл осындай бағдарлама әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтарға арналған. Мұғалімдер мен психологтар ересектер үшін жасөспірімдер мен ата - аналар арасындағы достық қарым - қатынасты құру күнделікті жұмысты қажет етенін және олардың арасындағы сенім қылмысқа, есірткіге, деструктивті құбылыстарға қарсы тұруға ықпал ететінін түсінуге көмектеседі.
2 266
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева Назарбаев Зияткерлік мектептері мен EdTrends - ті әлемдік ғылым апталығында таныстырды
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева Назарбаев Зияткерлік мектептері мен EdTrends - ті әлемдік ғылым апталығында таныстырды
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева қазір Нұр - Сұлтанда өтіп жатқан әлемдік ғылым апталығына қосылды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова және елордадағы NIS - тің химия пәні
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отбасылық жобалары: Голдберг машинасынан Нобель сыйлығына дейін
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отбасылық жобалары: Голдберг машинасынан Нобель сыйлығына дейін
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Голдберг машиналарын құрастыру бойынша инженерлік шығармашылық желілік байқаудың нәтижелері белгілі болды.
NIS көшбасшылары проактивті VS реактивті ойлауды таңдайды
NIS көшбасшылары проактивті VS реактивті ойлауды таңдайды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өзін - өзі басқару ұйымдарының «NIS оқушыларының проактивті ойлауы VS реактивті ойлауы» тақырыбындағы сегізінші көшбасшылар форумы өз мәресіне жетті.
«Ұлы дала мұрагерлері» Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды
«Ұлы дала мұрагерлері» Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS - тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалатын
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.