Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева Назарбаев Зияткерлік мектептері мен EdTrends - ті әлемдік ғылым апталығында таныстырды

15 сәуір 2021, Бейсенбі
Категориясы: Әлемде
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева Назарбаев Зияткерлік мектептері мен EdTrends - ті әлемдік ғылым апталығында таныстырды
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева қазір Нұр - Сұлтанда өтіп жатқан әлемдік ғылым апталығына қосылды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова және елордадағы NIS - тің химия пәні мұғалімі Динара Бейсембаева Nobel Fest алаңында COVID - 19 - дан кейін білім берудегі жаһандық трендтер қандай болатынын ой елегінен өткізді.
«Ковидтен кейінгі әлемде білім берудің болашағын құру» пленарлық сессиясында экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының білім беру жөніндегі директоры, ЭЫДҰ - ның Париждегі штаб - пәтерінен PISA тең құрылтайшысы Андреас Шляйхер, сондай - ақ Күләш Шәмшидинова мен Нұр - Сұлтандағы Nobel Fest бас студиясынан BCPD бас атқарушы директорының міндетін атқарушы Эльмира Обри спикерлер болды. Дәстүрлі білім беруді трансформациялау, стандартталған тесттер мен креативтіліктің үйлесімділігі, жоғары оқу орны дипломының жетістікке баламасыз жол ретіндегі өзектілігі, жиырма бірінші ғасырдың диверсиялық сын - қатерлері, цифрлық дәуірдің басты кәсіптері – онлайн диалогта EdTrends стратегиялық басымдықтары талқыланды.
Белгілі сарапшыларға арналған арнайы сұхбатында Күләш Ноғатайқызы барлық елдердің ғалымдары мен педагогтарын біріктіретін өзекті сұрақтарға жауап берді: цифрлық дәуірдегі мұғалімнің миссиясы, балалардың эмоционалдық интеллектісі мен психологиялық саулығы, заманауи мектептегі инклюзивтілік, қашықтан форматтағы болашақ білім. Локдаун кезеңіндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі Nobel Fest қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырды.
«Қазақстан мұғалімі – 2020» ұлттық сыйлығының Гран - при иегері, Global Teacher Prize сыйлығының амбассадоры Динара Бейсембаева «NIS - те оқу процесін қашықтан ұйымдастыру» атты сұранысқа ие тақырыпты жалғастырды. «Жаңашыл мұғалімдер: жаңа білім беру шешімдерін қалай құру керек» тақырыбындағы ашық пікірталаста Динара Токтаркановна қосымша инфрақұрылымды қажет етпейтін инновациялық білім беру шешімдерінің нақты мысалдарын ұсынды
Онлайн апта аясында екі басты оқиға – бүгінде аяқталып үлгерген Екінші Нобель фестивалі Central Asia Nobel Fest және дүйсенбіде бастау алатын Қазақстан мен Орталық Азия университеттеріне арналған Нобель Дәрістерінің апталығы өтеді.
II Нобель фестивалі – ТМД елдеріндегі ең ірі ғылыми - көпшілік іс - шараларының бірі. Фестиваль «Болашақты құру» ұранымен өтеді. Фестиваль бағдарламасы үш негізгі бағыт бойынша технологиялар мен инновацияларды дамытуға бағытталған: мүмкіндіктер экономикасы; болашақ индустриясы; EdTrends (білім беру үрдістері).
Нобель фестивалін ұйымдастырушы – Инклюзивті Даму Қоры.
Фестиваль 8 Нобель сыйлығы иегерін, 9 Breakthrough Prize лауреатын, бірқатар танымал сарапшыларды, соның ішінде Google - дің ғаламдық білім беру көшбасшысы Дженни Магиера, Ford Motors әлемдік трендтердің жетекшісі Шерил Конелли, Bloom Energy вице - президенті Венкат Венкатарман сияқты халықаралық сарапшыларды біріктіреді.
Әлемдік ғылым аптасы аясында қатысушылар Нобель сыйлығының лауреаттарымен, технологиялық компаниялардың жетекшілерімен және әлемдік деңгейдегі ғалымдармен ұйымдастырылатын дәрістерге, семинарларға және интерактивті пікірталастарға тегін қол жеткізе алады.
5 859
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Куляш Шамшидинова и Динара Бейсембаева представили Назарбаев Интеллектуальные школы и EdTrends на неделе мировой науки
Куляш Шамшидинова и Динара Бейсембаева представили Назарбаев Интеллектуальные школы и EdTrends на неделе мировой науки
Куляш Шамшидинова и Динара Бейсембаева подключились к неделе мировой науки, которая проходит сейчас в Нур - Султане. Какими будут глобальные тренды в образовании после COVID - 19 на площадке Nobel Fest размышляли председатель правления автономной
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева Қарағанды облысының Нұра ауданындағы ауыл мектебіне қолдау көрсетті.
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНИСЕФ - пен бірлестікте әзірлеген балалардың игілігі жолындағы бірегей жобаны аяқтады
Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНИСЕФ - пен бірлестікте әзірлеген балалардың игілігі жолындағы бірегей жобаны аяқтады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында балаларға игілікті және достас орта құруға арналған ЮНИСЕФ - пен бірлестіктегі жоба өз мәресіне жетті. Мектептердегі зорлық - зомблықтың алдын - алу бойынша стандартты операциялық
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты
Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты
Педагогикалық шеберлік орталығының «Шабыт» бағдарламасы аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қызметкерлерінің Алан Бөрібаевпен онлайн кездесуі өтті.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.