Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Алматы NIS оқушысын Вальбонн Халықаралық орталығы шақырады

21 сәуір 2021, Сәрсенбі
Категориясы: Әлемде
Алматы қаласы, физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Жания Нұрханова Вальбонн Халықаралық Орталығының 2021 - 2022 дайындық сыныптарына оқуға толық грантқа түсті. Сондай - ақ зияткерге ай сайын шәкіртақы төленеді.
Франциядағы CPGE (ғылыми пәндер бойынша дайындық сыныптары) - бұл студенттерге Францияның ең беделді инженерлік - ғылыми жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін арнайы екі жылдық дайындық мектебі.
«Мен бала кезімнен шет тілдерін үйренуге құмармын. Басында ағылшын тіліне махаббатым оянды, ал 8 жасымда мен француз тілін үйрететін орталыққа бардым. Кейін француз тілін үйренуді Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғастыру мүмкіндігі туды»,- дейді Жания.
Айта кетерлігі, Жания Нұрханова 2019 жылы шілде - тамыз айында Вальбонн халықаралық орталығының жазғы мектептен тыс курсына қатысқан еді. Курс барысында 30 сағат француз тілі, робототехника, информатика, астрономия пәндері француз тілінде өтті. Жазғы лагерьдің Жанияға ұнағаны соншалық, сол орталықта оқуды мақсат еттіі. Енді, міне, жас өреннің арманы орындалып отыр.
Жания Нұрханованы қуанышты жаңалығымен құттықтай отырып, жаңа белестерді бағындыра беруді тілейміз!
Құрметпен, Перизат Оралбайқызы
Алматы ФМБ «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» баспасөз хатшысы
Байланыс нөмірі: +7 707 503 00 16
abdashova_p@fmalm. nis. edu. kz
1 992
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Алматылық NIS оқушысы әлемнің 4 жетекші университетіне шақырту алды
Алматылық NIS оқушысы әлемнің 4 жетекші университетіне шақырту алды
Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Мұхаммед - Әли Қанатбек Фордем университетінен, Дрексель университетінен, Гонконг баптист университетінен және Британ Колумбия университетінен шақырту алды. Сондай - ақ, Бабсон
Талдықорғандағы NIS түлегі Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты⠀
Талдықорғандағы NIS түлегі Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты⠀
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2020 жылғы түлегі, Назарбаев Университетінің студенті Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Университет робототехника мен жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері бойынша ең таңдаулы болып саналады
NIS желілік олимпиадасы – 2021: сәттілік тұмары ақ бата, рухы қазақ Евгений Югай, үш Аружан мен Алматыдағы физика - математика бағытындағы мектептің абсолютті жеңісі
NIS желілік олимпиадасы – 2021: сәттілік тұмары ақ бата, рухы қазақ Евгений Югай, үш Аружан мен Алматыдағы физика - математика бағытындағы мектептің абсолютті жеңісі
Алматы қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – 2021 жылғы желілік олимпиадада NIS - тің абсолютті чемпионы атанды.
ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша III тоқсаннан бастап 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады. Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия, тарих және т.б.
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.